Ауданның аумағында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;
Ауданның аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Ауданның аумағында жануарлардың эпизоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Ауданның аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Ауданның аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді ұйымдастырады;
Жануарлардың эпизоотиялық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жоюы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы бойынша көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
Аудан бойынша ветеринария саласы бойынша айлық, тоқсандық, жылдық ветеринариялық есептеріне талдауды жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес, облыстық ауылшаруашылығы басқармасына табыс етеді;
Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Ауданның жергілікті өкілді органына елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың эпизоотиялық ауруларының тізімін әзірлейді;
Жануарларды өсіруді, жануарларды дайындауды (союды), жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша комиссияны ұйымдастырады;
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерттейді;
Лицензиат малдәрігерлерінің атқарған жұмыстар тізбесін қабылдап алады .
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастырады;
|