Сыбайлас жемқорлық- бұл әдетте жеке мақсаттар үшін теріс пайдалануды білдіретін термин



Дата27.09.2023
өлшемі29.83 Kb.
#478859
СЫБАЙЛАС ЖЕМКОРЛЫК


Сыбайлас жемқорлық— бұл әдетте жеке мақсаттар үшін теріс пайдалануды білдіретін термин-
Бұл мемлекеттік қызметшілердің немесе оларға теңестірілген адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабы 6-б.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодексте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Ақсу ауданы орталық ауруханасында комплаенс -офицер Жайнарбекова А.Т дәрігерлер мен медбикелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет