Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру



Дата09.03.2022
өлшемі31.92 Kb.
#456099
3 лекция Сыбайлас жемкорлык


Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады.
«Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді.
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.
Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр). Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс».
Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды. Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді. Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп атаған.
Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік, канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және «күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды. Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) еңбектерінде сыбайлас жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол асқынып кеткенде, анықталуы оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы алғашқы ескертулерді тарихшылар біздің эрамызға дейінгі XXIV ғасырға – шенеуніктердің тарапынан асыра сілтеушіліктің жолын кесу мен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер үшін жауапкершілік белгілейтін мемлекеттік аппарат реформасын ұйымдастырған шумер билеушісі Урукагиннің уақытына жатқызылады. Осылайша, шамамен төрт мыңжылдық бұрын Ежелгі Вавилонда парақорлық үшін жауапкершіліктің болғанын Хаммурапи патшаның заңдары, сондай-ақ египет фараондарының заңдары көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған, ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Рим империясының құлдырау себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық жайлаған. Мемлекеттік басқару өнері бойынша ежелгі үнді «Артхашастра» трактатында (біздің эрамызға дейінгі IV ғасыр) патша алдында тұрған маңызды міндет қазынаны тонауға қарсы күрес болып табылады деп атап көрсетілген. Трактатта қазынаны тонаудың 40 тәсілі санап көрсетілген және айлакер шенеуніктердің айласынан гөрі аспандағы ұшатын құстың жолын болжау оңай, ал бұл қазіргі заман үшін де. Қазынаны тонауға қарсы күрестің негізгі құралы – аңду болды.
Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған. әль-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай орналасуы қажет деп санаған. ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама мен нашар шенеуніктер деп көрсеткен.
Бұл – ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға шақырған, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномені ретінде нақты және сыйымды анықтамасын табуға тырысқан және ғылымда танымал үлгілерден сыбайлас жемқорлық дендеген қоғам үлмемлекеттік және халықаралық институттарының беделін түсіреді.
Ол заң үстемдігіне, демократия мен адам құқықтарына қатер төндіріп, билікке, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділдік қағидаттарына нұқсан келтіреді, бәсекелестікке кедергі келтіреді, экономикалық дамуды қиындатып және демократиялық институттардың тұрақтылығы мен қоғамдық моральдық ұстанымға қауіп төндіреді. Осындай жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастыруға кірісті.

Талқылау сұрақтары:


1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?
2. Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын беріңіз.
3. Ұғымның этимологиялық анықтамасы қандай?
4. Сыбайлас жемқорлықты зерттеудің негізгі тәсілдерін талдаңыз.
5. Сыбайлас жемқорлық біздің өмірімізде. Сіз онымен ұшырастыңыз ба?
6. Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра аламыз?
7. Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет