Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана Дайындаған: Әбдіғали Аружан



Дата03.01.2022
өлшемі1.46 Mb.
#451443
сыбайлас жемкорлк

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана

Дайындаған: Әбдіғали Аружан

Тобы: Биология-201

Жоспар

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементі ретінде құқықтық сана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана бұл адамдардың сыбайлас

жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін

ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен

эмоциялардың жиынтығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың

өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық

санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.

Ерекшелігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық

көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың

призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады.

Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке

жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың

шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-

құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық,

құқықтық шараларды талап етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар.

Моралдық саяси

Құқықтық


Эстетикалық

Діни


Сана

С.ж-қа қарсы мәдениеттің ерекшелігі

Мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді.


Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет – пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күш- жігер компоненттерінің түйісу жатыр. 

Мәдениет

Құқықтық сана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана.


Құқықтық сана
  • Жеке адамның құқықтық санасы
  • Ұлттың құқықтық сана
  • Топтың құқықтық санасы
  • Халықтың құқықтық санасы
  • Құқықты сыйлау
  • Құқықтық көзқарас, идеялар
  • Құқықтық ұғымдар
  • Құқықтық білімдер
  • Құқықтық сезімдер
  • Құқықтық көрініс

Құқықтық мәдениет

  • құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;
  • халықтың заңдарды білуінің тиісті дәрежесі;
  • құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінуді ң жоғары деңгейі;
  • құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;
  •  құқықтық қызметтің ерекше тәсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау және т.б.);
  • құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани ж әне материалдық игіліктер түріндегі н әтижелері (за ңдар, сот тәжірибесі, заңнама жүйесі және т.б.).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері

  • Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі
  • Мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету
  • Мемлекеттік аппараттардың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру
  • Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономиялық, саяси-құқықтық ұйымдық басқару жүйелерін қорғаудың басымдылығы

Жемқорлық

Жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасалған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының
  • 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы.

  • Антикоррупционная политика: учебное пособие / под ред. Г. А. Сатарова. –
  • М., 2004 – 368 с.

  • Дамаскин О. В. Коррупция: состояние, причины, противодействие. – М.,
  • 2009 – 304 с.

  • Добреньков В. И., Исправников Н. Р. Коррупция: современные подходы
  • к исследованию. – М., 2009 – 207

  • Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка. – М.:
  • Изда-тельство «Азъ», 1992

  • Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
  • 23 шілдедегі № 453-І Заңы (2014 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша

    өзгерістері және толықтыруларымен).

  • Назарбаев Н. А. Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол: Қазақстан
  • Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы.

    2014 жылғы 11 қараша

Назарларыңызға рахмет!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет