Силлабус пән туралы ақпарат



бет2/9
Дата11.03.2024
өлшемі36.09 Kb.
#494986
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚТ морф және оны коммуникативті аспектіде меңгеру 2

Пәннің негізгі міндеті «6В011704- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН-8, 9, 10, 11) қалыптастыру болып табылады:
1. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізу;
2. Қажетті ақпаратты анықтап, іріктеп, өңдеп, жаңаша жеткізудің әдіс-тәсілдерін қолдану;
3. Морфология саласын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгеріп, кәсіби өсу жолына қажетті білім траекториясын жасау, өзін-өзі бағалау;
4. Қазақ тілі морфологиясын оқытуда интерактивті әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды өз тәжірибесінде қолдану;
4.Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
Студент дәріс сабақтарына, семинар сабағына қатысуға, лектор мен семинар сабағын беретін оқытушылардың алдында БӨЖ-ді оффлайн қорғауға міндетті. Дәріс, семинар, БӨЖ сабақтарынан кешігуге жол берілмейді. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар:
Оқу әдебиеті:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: «Ана тілі», 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
3. Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. – Алматы, 2014.
4. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. – 409-436 бб.
5. Момынова Б.Қ., Саткенова Ж.Б. Қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет