Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Северо-Казахстанский государственный университет
им. М.Козыбаева
Музыка мұхитының дауылпазы
/Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш Қазақ музыкасының жарық жұлдызы, әйгілі сазгер, композитор Н.Тілендиевтің-85 жас толуына арналған/
Красота живых мгновений
/Рекомендательный указатель литературы
к 85-летию композитора Н.Тлендиева /
Петропавл , 2010
Оқырмандарға
Ұсынылып отырған көрсеткіш Қазақ музыкасының жарық жұлдызы, әйгілі сазгер, дәулескер күйші. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-нің халық әртісі, «Халық Қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің-85 жасқа толуына арналған.
Мағлұмат алфавиттік тәртіппен орналасқан.
Композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы ең соңғы шыққан басылымдар енгізілген. СҚМУ ғылыми кітапханасы қорында бар.
Көмекші құрал ұстаздарға, студенттерге және қалын оқырман қауымға арналған.
Нұрғиса Тілендиев
(1925-1998 жж.)
Сазды күйі сағынышпен тартылар,
Өйткені онда қазағымның салты бар.
Тілендиев еңбегі мен есімі,
Ғасырларға мұра болып айтылар.
Шаяхмет Құсайынұлы.
Нұрғиса Айтбайұлы Тілендиев-қазақтың әйгілі күйші-сазгері, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып-өскен жері-Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері - Жамбыл кесенесінің іргесі. Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін (профессор Н.П. Аносовтың класы бойынша) бітірді. Қазақ Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік Академиялық халық аспаптар орекестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай-ақ, 1968 жылы «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО-ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендиевке 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Нұрғиса Тілендиев-қазақтың музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол-500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, кантата, опера, балет т.б. Сүйкті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» кантатасын (1959), Қ.Қожамьяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Сарыжайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім сияқты» оңдаған әндері халықтық бояу-нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтанбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Нұрғиса Тілендиев музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә. Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің аттым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Асқақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен өнерінің классикасына айналған.
Тілендиев көркем фильмдерге, спектакльдерге, мультфильмдерге жазған музыкаларын былай қойғанда, вокалдық жанрда төрт жүзден астам ән жазыпты. Уақыт тезінен өткен, әсіресе: «Жан саулем», «Кел еркем», «Алатауыма», «Саржайлау», «Ақ Жайық», «Әкеме», «Өз елім», әндері тойдың сәні. Нұрғиса өлеңдері санымен емес, мәнісімен маңызды. Елдің сүйіп айтуы да содан. Нұрғиса Тілендиев саңлақ сазгер. Қазақ үшін дирижерлік-таңсық өнер. Соның алғашқы қарлығаштары кімдер дегенде ең алдымен ауызға аларымыз - Нұрғиса Тілендиев. Дәл Нұрғисадай әрбір әуен ырғағын тап басып, соны өзіндік нақышпен бейнелеу, яки жест жасау, сол арқылы оркестірдегі әрбір музыкалық аспаптың өз орынымен, өз мақамымен үн қосуына жол ашып отыратын асқан шеберлікті көре қойған адам.
Нұрғиса Тілендиев-қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал-серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман-аңсарын еш жақсанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра, суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса ақ бас абыздары сияқты, өз үнін көп дауысқа тұншықтырмай, өз лебізін көп даңғазаға ілестірмей, қазақтың дәстүрлі музыкалық тіліндегі дарашыл қассиеті (монодийность) тәу етіп өтті.
Нұрғисаның сазгер, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі көпке түсінікті. Егер сал-серілер өнері адамның жан- жүрегіне бағытталуымен аста-төк болып, шалқып-шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлі музыкасының әрін тайдырмастан, нәрін жоғалтпасан тек қана өзіне тән профессиональизмді қалыптастыра алды.
Тілендиевтің құдіреті де осында, Тілендиевтің ұлылығы да осында!
Бұл халық алдында қарызы мен парызына адал ұлдың, оны асқан жауапкершілікпен сезіне білген асыл ердің ісі. Елге бергені елде кетпейтінін білген кісінің ісі бұл.
Өнер ардың ісі!
Тілендиевтің азаматтық кредосы да осы. Соның елу жылдық от кешуінен өтіп келеді. Жәй өтіп келе жатқан жоқ. Елу жыл бойына, қайран Ғабең, Ғабит Мүсрепов айтқандай, не жазса да «Қызығып жазып, ойланып жазып, ойсала жазып, ойландыра жазып» келеді.
Сондықтан да: мөлдір сезім, қанатты ой, биік парасат, ғажайып сыр мен сымбат-міне Тілендиев шығармаларындағы рухани байлық осындай ізгілікке негізделген.
Тілендиев әндерінің, Тілендиев күйлерінің ұлттық мінезі, оның ұлттық бояуы осындай артықшылығымен дараланады.
-Тілендиев 400 ән жазыпты. Ән болғанда қандай! Ұрпақтан ұрпаққа жалғаса-оны қалай бірінен бірі өтеді деп тамсанбасқа!
Н.Тілендиев өз шығармашылығын қазақ аспаптары оркестрі жанырына арнады. Бұл жанр ХХ-ғасырда қазақ музыкасы дамуының негізгі екі жетекшісі бағытының түйіскен тұсы болатын: еуропа дәстүрінің тілін пайдалану және жаңаны игеру барысында өзіндік иірімдерді табу бағыты. Жоғарыдағы атап өтілген қазақ музыкасының ХХ-ғасырдағы дамуының екі бағыты жаңаны сіңіру мен өзінің көпғасырлық мұра-
сын сақтау, халықтар мен мәдениеттердің жаһандық өзара араласуының көрінісі болып табылды.
Н.Тілендиев өз болмысында қазақ мәдениетіне тән күйші-салдын, рухани тұлғаның образын ұстану арқылы оның қазақ үшін дәстүрлі тамырға және реалдықты сопыша түсінуге де жақын болғандығы көп нәрсені аңғартады. Салдың негізгі қасиетерінің бірі-ішкі еркіндік, бұл оларға әрдайым өз-өзіндік болып, өздерінің болмысындағы нұрды көруге, паш етуге мүмкіндік берген. Сал қоғамының қағидаларына сенбейді, өзінің жан сезіміне ден қояды.
Нұрғиса Тілендиевтің осындай қасиеттері тоталитарлық дүниетаным және унитарлық еуроцентристік білім беру жүйелерінде қазақтың дәстүрлі рухани мәдение- тінің негізін сақтап қалуға ғана емес, оның өрісін кеңейтіп, өзін өзі көрсету үшін қазақ дәстүріне қайшы келетін еуропалық формаларды игеріп пайдалануға мүмкіндік берді.
Нұрғиса шығармашылығы жанрлық диапазон кендігімен ерекше: композитор ән жазумен қатар, хорға арналған туындылар, домбыраға арналған күйлер, эстрадалық оркестірге, халық аспаптары оркестріне лайықтаған шығармалар жазды, кино және мультфильмдерге, хроникалық-деректі ленталарға, драмалық спектакльдерге арнап музыка жазды.
Композитордың тегеурінді таланты еуропалық дәстүрдегі опера мен балет жанрларын да бағындыра алды.
Атап кетерлік бір жайт, Нұрғиса әндерінің көпшілігінің тілі қазақ фольклорының әуен формулала- рына сүйенумен қатар, кеңестік эстрадалық әндерінің ырғақтарына негізделіп жазылған. Халықтық вокалдық элементтер кейде марштық және вальстік ырғақтардан құралған жат ұлттық әуенмен кіріге байланысса да, Тілендиев әуендері образдық-эмоциялық реңін жоғалт- пайды.
Нұрғиса шығармашылығының таңдай қақтырар тағы бір тұсы-қазақ халық аспаптары оркестіріне, оның ішінде «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестіріне арналып жазылған шығармалары болып табылады. Осы оркестірдің орындауына арналған Тілендиевтің барлық партитуралары қайталанбас реңде оркестрленуімен, әуендік тілінің, тембірлік-дыбыстық қатардың ерекшелігімен әйгілі.
Композитор тек «төкпе» стилінің ғана емес,сонымен қоса, «шертпе» стилін дамытты,еуропалық, оркестірлік жазу заңдылықтары қазақы дәстүрлі күйдің көп дауысты негізін бұзбастан, айрықша тембірлік табиғаты мен шеңберлік құрылымы бар көне жанрдың өзіндік ерекшелігі мен құндылығын аша түседі.
Н.Тілендиевтің сан қырлы өнерінің ауқымды аумағы оның кинофильмдер мен мультфильмдерге арнап жазған музыкасы болып табылады. Бұл тұста композитордың кемел таланты, тіпті, бір басқа-ассоциациялық-көрнекті қырынан көрініс табады. «Қазақфильм» студиясы шығарған бірқатар фильмдердің тағдыры Нұрғиса Тілендиев атымен байланысты. Атақты композитордың жарқыраған табиғи таланты кадр мазмұнын тура беріп қана қоймай, толықтыра түседі, ал көп ретте фильм драматургяисын- да негізгі рөлге ие болды.
Нұрғиса Тілендиев шығармалары қазақ музыкасы тарихында қайталанбас із қалдырды. Композитор халық эстетикасынан еркелей аққан арда ағысты бүгін –гі күннің музыкасының жаңа арнасына бұрды. Оның творчествасындағы дәстүрлі танымының асып төгілген ғаламат рухани күш-қуаты бізге адамгершілік асуларының асқар биігін меңзейді.
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы оркестрлік орындау аясындағы «күй» жанрының өміршендігін дәлелдеп, бүгінгі таңда мәдениет жағдайында сақталуының айқын кепілі болып табылады.
Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы-қазіргі қазақ музыкасы тарихының жарқын беттерінің бірі болып саналады. Оның музыкасына деген халықтың қалтықсыз махаббаты, әндерінің, оркестрлік күйлерінің, киномузыкасының жаппай танымалдығы Нұрғисаның қазақтың музыкалық мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырған нағыз халық композиторы екендігінің анық айғағы.
Нұрғиса Тілендиев-әйгілі композитор, төлтума дирижер, кемел домбрашы. Осы үш қасиеттің үйлесімі кәсіби халық музыкантының бесаспаптығын дәлел- дейді. Нұрғиса- шығармашылық болмысының ерекше еркіндігі мен өзгешелігі жалпылық шеңберіне сыймайтын жалқы дүниенің перзенті.
Дәстүрлі дүниетанымнан әлемге деген жалпы көзқарастың тұтастығы, белгілі бір обьективизм туындайды. Нұрғисаның үздік шығармаларының әуезі өміршең, толыққанды, тылсым сырымен баурайды... Дүниенің баяндылығын жырлайтын, халқының аманшылығын аңсаған, ұлттық сенімді ұран еткен Тілендиевтің музыкасы дәстүрлі қазақ музыкалық шығармаларының тілін қазіргі заман биігіне көтерді.
Сонымен қатар Нұрғиса Тілендиев- Қазақстанның жазба дәстүрлі-кәсіби композиторлық мектебінің өкілі.
Ол қазіргі заманғы музыкалық білім алған, шығармашылық қоржынын опера,балеттер («Алтын таулар» операсы, «Достық жолымен», «Ортеке», «Аққулар» балеттері), киномузыка, мультфильмдер мен драмалық спектакльдерге арналып жазылған шығармалар құраған композитор.
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы Қазақстанда 70-ші жылдардың аяғы-80-ші жылдардың басына кең таныла бастады. Тілендиев шығармашылығы дәстүрлі өнерінің қайта дүниеге келуімен тікелей байланысты болды, оның музыкасы деген жалпы ұғым қалыптасты.
Композитор шығармашылық қуаты, жалпы музыка- лық танымы арқасында музыканың барлық жанр- ларында жемісті еңбек етті. Қарапайым екпінді әуендердің ұғымдылығы Тілендиев музыкасының Қазақстанның қазіргі заманғы музыкалық мәдениетін -де алдыңғы орынға шығып, қалың қауымға танымал болуына зор ықпалын тигізді.
Нұрғиса Тілендиев исі қазаққа ғана тән перзент емес, ол тұтас түркі жұртына ортақ ұлы тұлға.
Өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер
-
Алдыбаева Ғ.Н. Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы: Ән-музыка.//Тәрбие құралы. Мұғалімдер мен ата-аналар үшін.-2007.- № 2.-б.65-66.
-
Амажол Б. Нұрғисаның оркестрі: композитор Тілендиев. //Жұлдыз.-2010.- № 6.-б.199-202.
-
Әбдіқұлова Г. Нұрғисаның күйлері мен әндері шашу болып шашылды: композитор Тілендиев шығармашылығы. //Заң газеті.-2009.-22 мамыр.
-
Байбосынов Қ. Он жыл өткен соң: композитор Нұрғиса Тілендиев туралы. //Қазақ әдебиеті.-2008.-17 қазан.
-
Ғали Т. Нұрғисаның шарапаты. //Айқын.-2010-15 қантар.
-
Ғасыр сазын тербеген: Нұрғиса Тілендиев естеліктер /Құр.С.Тілендікеліні.-Алматы: Білім, 2007.-280 б.-(Әдеби мемуарлар)
-
Жәкітайұлы Т. Нұрғиса Тілендиев: Эссе.-Алматы: Арда, 2000.-168б.
-
Иманасов С. Нұрғиса композитор Тілендиев шығармашылығы. //Жалын.-2008.-№ 10.- б.24-28.
-
Күзембаева С. Халқымыздың біртуар Перзенті-Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдығына. //Түркістан.-2010.-19 наурыз.
-
Қаһарман-Нұрғиса: Очерктер,поэмалар, эсселер, өлең жылдар /Құраст.С.Әбдірайымұлы.-Алматы: Санат, 1999.-352 б.
-
Қалдыбай М. Көргенділік: Нұрғиса Тілендиевтің ізгілігі хақында. //Түркістан.-2010.-15 сәуір.
-
Қалижан У. Әлқисса Нұрғиса!: эссе. //Егемен Қазақстан.-2010.-3 сәуір.
-
Қойтай Қ. Байкең, Нұрекең және Дәуқара. //Ақиқат.-2009.-№ 11.-б.56-59.
-
Құбылыс: 1 сәуір - Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. //Қазақ әдебиеті.- 2010.-2 сәуір.
-
Мәжит Б. Нұрғисаның ақ құсы: композитор Тілендиев туралы. //Мұқағали.-2009.- № 6.-б.29-36.
-
Нұрғиса Тілендиев: композитор. //Жалын.-2008.- № 10.-б.13-16.
-
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) // Тарихи-тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым.- Алматы, 2006.- б.253-254.
-
Нысаналин А. Нұрғиса: композитор Тілендиев туралы. //Дала мен Қала.-2009.-8 маусым.
-
Салықов К. Н. Тілендиев туралы ойтолғақ.. //Егемен Қазақстан.- 2003.- 27 тамыз.
-
Тілендиев Н. Құстар әні.-А.: Жалын, 1976.-232 б.
-
Тілендиев Н. Ата толғауы: Күйлер.-Т.3.-Алматы: Өнер, 2005.- 400 б.
-
Тілендиев Нұрғиса.. Көш керуен: Күйлер.-Т.2.-Алматы: Өнер, 2005.- 440 б.
-
Тілендиев Нұрғиса. Ата толғауы.-Т.1.-Алматы: Өнер, 2005.- 400 б.
-
Тілендіқұлы Нқрғиса // Жолдасбекұлы М. и др.Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары .- Астана, 2001.-б.337-339.
-
Тілендиев Нұрғиса // Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы , 2005.- б. 601-602.
-
Тілендиев Нұрғиса // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған.-Алматы, 2006.- б.630-631.0
-
Шәкәрім Ж.. Дариға-махаббат: Тілендиев туралы. //Жалын.-2008.-№ 10.-б.17-24.
Құрастырушы: Қазиқанова А.Қ.
ақпарат-библиографиялық бөлім.
К читателям
Предлагаемый вашему вниманию рекомендательный указатель посвящен 85-летию со дня рождения Н. Тлендиева, дирижера, композитора, домбриста, народного артиста Казахстана, Почетного профессора Алматинской консерватории
В указателе представлена биография музыканта, краткий обзор его творчества, список произведений о нем, имеющиеся в фонде научной библиотеки СКГУ им. М.Козыбаева.
Указатель предназначен для преподавателей, студентов, а также для широкого круга читателей.
Тлендиев Нургиса Атабаевич
/1925-1998/
Нургиса Тлендиев родился 1 апреля 1925 года в селе Узун-Агач Алма-Атинской области, том самом, откуда родом прославленный казахский акын Джамбул Джабаев. Тлендиев – выходец из семьи, чрезвычайно одаренной музыкально. Его отец был виртуозным домбристом, сочинял кюи и песни. Хорошо пела мать будущего композитора. Музыкальные способности проявились у Нургисы очень рано. Еще в раннем детстве он начал играть на домбре и сочинять. «Не знаю, когда впервые взял в руки домбру. Кажется, всю жизнь с ней не расставался», - говорил композитор.
В начале тридцатых годов один из зачинателей в Казахстане музыкальной культуры нового профессионального склада – композитор, дирижер, ученый, впоследствии академик Академии наук Казахской ССР Ахмет Жубанов ездит по аулам в поисках одаренных музыкантов-исполнителей на народных инструментах. В селе Чили-Кенер Жубанов услышал игру Тлендиева и сказал коротко, убежденно: «Тебе учиться надо, музыкантом становиться». Так определилась судьба мальчика.
Нургиса попадает в город. Начинается серьезная учеба в школе. В 1937 году, двенадцати лет, Тлендиев поступает в оркестр казахских народных инструментов ( ныне оркестр имени Курмангазы), основателем и художественным руководителем которого был Жубанов. Тогда-то и происходит вторая встреча ученика и учителя. Эти роли закрепляются на долгие годы. Тлендиев будет учиться у Жубанова постоянно: искусству инструментально-исполнительскому и дирижерско-
му, профессиональному мастерству композитора и умению понимать музыку, классическую и народную. Проникновенные слова сказаны Тлендиевым о своем наставнике: «Жубанов одарил меня любовью к музыке и на примере своей жизни раскрыл истинную ценность трудолюбия».
В памятном 1937 году Жубанов подарил мальчику домбру. Ее Тлендиев бережно хранил всю жизнь. Он чрезвычайно ценил инструмент за певучесть звука. А когда доводилось Тлендиеву играть соло на домбре в концертах, то брал он непременно эту домбру. В знак памяти об учителе Тлендиев подарил рояль музыкальной школе, носящей имя Жубанова.
Работа в оркестре казахских народных инструментов стала для Тлендиева серьезной школой по изучению профессионального искусства устной традиции. Здесь Нургиса встретился с такими выдающимися домбристами, как Кали Жантлеуов и Науша Букейханов. Юный музыкант на лету схватывал народные мелодии, виртуозно воспроизводя самые сложные кюевые напевы.
Творческий путь Тлендиева тесно связан на первом этапе с оркестром казахских народных инструментов имени Курмангазы. Разносторонний облик музыканта-исполнителя, композитора, дирижера уже тогда обозначился рельефно. В 14 лет Тлендиев впервые встал за дирижерский пульт. Сотрудничество с оркестром продолжалось более пяти лет...
Началась Великая Отечественная война. Тлендиев попал на фронт как только исполнилось восемнадцать – вызвался воевать добровольцем. Это был 1943 год. По дорогам войны Нургиса Атабаевич дошел до Германии. В 1945 году после победы над врагом остается на некоторое время работать в Германии, будучи в ту пору уже офицером. Он награжден медалями «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне», «За взятие Берлина».
В 1947 году Тлендиев возвращается на Родину. Снова любимая работа в оркестре казахских народных инструментов. Нургиса Атабаевич принимает решение учиться дальше. Он поступает в Алма-Атинскую государственную консерваторию, занимается сначала на оркестровом факультете, затем – на дирижерском. С третьего курса –переводится в Московскую государственную консерваторию имени П.И.Чайковского. Педагогом его по классу дирижирования становится выдающийся советский дирижер, народный артист СССР, профессор Н.П.Аносов. Тлендиев проходит стажировку в Большом театре и на выпускном экзамене дирижирует шестой симфонией Чайковского.
Годы учебы остались позади. В 1952 году Тлендиев приезжает в Алма-Ату и получает назначение на пост заместителя главного дирижера Академического театра оперы и балета имени Абая. На этом посту он работает до 1960 года. В 1960 году Тлендиев – главный дирижер государственного оркестра народных инструментов имени Курмангазы. С 1968 года он работает на студии «Казахфильм» главным музыкальным редактором. Правительство и Компартия Казахстана высоко оценили заслуги Тлендиева в деле развития музыкального искусства республики, присвоив ему почетные звания народного артиста Казахской ССР, заслуженного деятеля искусств республики, наградив орденом Трудового Красного Знамени.
Нургиса Атабаевич – общительный собеседник, много и охотно говорящий о музыке. Любит вспоминать своих учителей –Жубанова, Жантлеуова, Азербаева, Аносова. Тепло отзывается о преподавателях Алма-Атинской консерватории И.К. Круглыхине и Л.В Шаргородском, которые вели занятия по классам трубы и дирижирования.
Когда речь заходила о музыкальных вкусах и симпатиях, в первую очередь Тлендиев называл имена великих классиков: Бетховена, Чайковского, Мусоргского, Римского-Корсакова. Как бы подытоживая свои раздумья, он говорил: «Невозможно сочинять истинную музыку не будучи вовлеченным в мятежную стихию музыки Бетховена, Чайковского и многих других классиков. Они для меня – пример высоты человеческого духа, светлого оптимизма, воплощения честности и мужественности в искусстве». Нургиса Атабаевич – тонкий знаток и почитатель народного искусства. « Я не представляю себе своего творчества без живительного соприкосновения с произведениями великих сочинителей казахской музыки: Таттимбета, Даулеткерея, Курмангазы, Махамбета. Это неисчерпаемый родник для нас , современных казахских композиторов».
Разные ипостаси дарования органично уживаются в этом жизнерадостном, энергичном человеке. Тлендиев пишет много. Работа для него – труд и творчество, переплавляемые прежде всего в самобытные мелодии. Одну за другой рождает их фантазия композитора – только успевай записывать. Тлендиевым создано более 400 песен, оркестровые увертюры, пьесы, кюи, музыка к кинофильмам и драматическим спектаклям, опера «Золотые горы» (в соавторстве с К.Кужамьяровым), балет «Дорогой дружбы» ( в соавторстве со Л.Б.Степановым).
Песня пришла в творчество Тлендиева не сразу. Гораздо раньше возникли инструментальные композиции, созданные в традиционном народном стиле. Но после того, как первая песня появилась, этот жанр стал ключевым в тлендиевской музыке. Опыт создания песен сказывался на всех других сферах композиторской деятельности – в инструментальных сочинениях, в музыке для кино и к драматическим спектаклям. Песня питала и обогащала эти жанры оригинальными находками.
Первая его песня называлась «Университет». Ее с успехом исполнила замечательная казахская певица Жамал Омарова, которая попросила Тлендиева написать для нее еще несколько песен. Так появились «Бозторгай», «Мечта Абая», «Жан-Сауле».
Песенное творчество Тлендиева включает несколько тематических рубрик. Каждая из них скрепляется единством образного содержания. Тлендиев пишет песни высокопатриотические, гражданские. Торжественно славит он свой народ, любимую отчизну, интернациональное богатство народов и наций нашей страны в произведениях «Щедрая Родина», «Думы о Москве», «Торжественная песнь», «Радуга дружбы», «Впереди нас партия!»
Композитора волнуют судьбы мира. Призыв покончить с войной стал девизом песен: «Пусть не будет войны, пусть не будет!», «Песня голубей». Участник Великой Отечественной войны, Тлендиев знает, какой ценой досталась победа над фашизмом, и как важно помнить о тех, кто не вернулся. Работая над песнями о героях-панфиловцах, композитор выезжал в Дубосеково, беседовал с очевидцами, осматривал места битвы. Одну из песен – «Я вас ищу» - он посвящает Герою Советского Союза Баурджану Момыш-улы.
Большое значение в своем творчестве Тлендиев придает песням, посвященным людям труда: чабанам, рыбакам ( «Дочь рыбака», «Саржайляу», «Широкая степь, счастливый народ»), героям-целинникам («Горячий привет целинникам!», «Марш молодых сельхозработников»).
Горячо и восторженно воспевает Тлендиев любимый край и его природу. Он восхищается безграничными просторами Казахстана. Его вдохновляют горы, степь, блеск солнца, родные аулы и города («Широкое джайлау», «Над морем золотой рассвет», «Кокчетав», «Шлю привет Семиречью», «Моя Алма-Ата»). Особое место в творчестве композитора занимают образы традиционной поэзии. Характерно-фольклорные метафоры получают отражение в музыке песен «Я видел, как плакал лебедь», «Птицы летят быстро», «Песня птиц». Человек и природа обьединяются в песне «Белая птица моя», где с птицей сравнивается любимая девушка.
Интересной страницей вокального творчества Тлендиева являются песни о любви, проникнутые чувствами восторга, надежды, упоения. Порою музыку посещают настроения грусти и разочарования. Одни песни пронизывает страстный порыв, другие –имеют спокойный эпический оттенок. Лирические излияния у Тлендиева неоднократно сплавляются с созерцани-ем, с обращением к природе. Вот некоторые из сочинений, относящихся к этой тематике: «Спешу к тебе», «Рассвет любви», «Жан-Сауле», «Приди, баловница, в Алатау», «Будешь только счастлив», «Не забывай».
Есть среди песен Тлендиева произведения, исполненные умудренности и философской значительности. Они восходят к традиционному в казахской поэзии и музыке жанру толгау (думы, размышления). Таковы «Мечта Абая», «Друг домбра», «Сердце отца», «Песня об отце».
Тлендиев пишет также песни о молодежи, о юности. Не забывает он и о жанре юмористической, шуточной песни, бытующей в казахском песенном фольклоре.
Композитор любит начинать песню в нижней регистровой зоне, можно встретить и сочетание нижнего и серединного регистров в попеременном показе (чаще секвентном).Напев поднимается к высокой точке, где и вступает припев. Припев – это вторая волна, разворачивающаяся в верхней зоне, обновленная тематически и почти неизменно секвентная. Постепенный спуск вниз замыкает «кривую» движения начальным звуковысотным сегментом. Так построены песни «Кызғалдағым», «Куә бол», «Балықшы қыз», «Қүстар әні», «Көкшетау», «Бақыт вальсы», «Ғашыққа мойын күй».
Неотъемлемо сопутствуют многим произведениям композитора интонации вальса. Вальсовый ритм вторгается в любое тематическое задание. Он то сливается с величавой поступью марша, то проникается элегическим настроением. Вальс сопровождает звонкие напевы птиц, звучит вместе с любовным объяснением, присоединяется к задумчивому размышлению, улыбчато, дразняще, насмешливо входит в шуточную песню.
Существуют и другие жанры, к которым неоднократно обращается композитор – марш, элегия. Марш, как олицотворение мужественной, энергичной поступи нового времени, элегия, как спутница раздумий, лирической грусти и печали.
В темпе вальса, легко и подвижно идет песня «Кел, еркем, Алатауыма». Она хорошо известна слушателям в исполнении Бибигуль Тулегеновой. Напев украшают узорчатые, колоратурные «вставки». Мягко скользит вальсовый ритм. Блестяще высвечиваются на фоне красивой мелодии виртуозные кульминации.
В песнях Тлендиева мастерски объединяются настроение и пейзаж. Подобное сочетание выразительных и изобразительных элементов встречается в песнях о родном крае « Көкшетау», «Теңізден алтын таң», «Анам сенсің, туған жер». Кантиленный распев тонко инкрустируется изобразительными деталями. В музыке видится даль степных просторов и панорама гор, слышится пение птиц, растворенное в хрустальных переливах голоса.
Известность композитору принесли не только его песни, но и сочинения для оркестра казахских народных инструментов.
Его поэмы, увертюры, пьесы, кюи, программные зарисовки образным строем своим способны увлечь и музыканта-профессионала и широкого слушателя. Секрет воздействия музыки Тлендиева в ее удивительной простоте и какой-то подкупающей безыскусности, сочетающихся с оригинальностью тематизма. Оригинальность рождают прочные связи с жанрами и формами, восходящими к традициям казахского народного искусства.
Помимо элементов, усвоенных из фольклора и культуры народных профессионалов. Тлендиев свободно и естественно использует интонации массовой советской песни, мотивы и мелодические обороты песен различных народов нашей страны.
Еще один тематический пласт присутствует в творчестве Тлендиева. Он сложился под влиянием классической музыки. Сочинения композитора безошибочно свидетельствуют о знакомстве Тлендиева с созданиями Бетховена, Моцарта, Россини,Чайковского
К разряду масштабных инструментальных форм у Тлендиева принадлежит его «Поэма». Одна из особенностей «Поэмы» - обилие интонационного материала. При сравнении с другими сочинениями эта особенность начинает восприниматься приметою инструментального стиля композитора. Автор сразу же вводит в «Поэму» множество оборотов, мотивов, припевов.
Вступили густые, в низком регистре унисоны. Кратко прорисовали они эпический «зачин» - медленный, величавый, задумчивый. Сумеречно и тревожно прозвучал народный кюй. Затем пошла тема, мелодически полетная, легко проносящаяся в быстром темпе, и воцаряется танцевальное движение. Этот раздел напоминает типичный восточный танец. Но вот ритм сменился, и послышались излюбленные у Тлендиева вальсовые обороты.
Талантливым продолжателем заветов прославленных народных кюйши выступает Тлендиев в инструментальных сочинениях. Композитор создал блестящую концертную пьесу, выдержанную в лучших традициях народно-профессионального искусства. Тлендиев превосходно пишет в традиционной манере и вместе с тем он – современный художник, поэтому в музыке его нет типичной для народных музыкантов локальной ограниченности. Композитор в равной мере владеет всем наследием казахской культуры. Для него открыты закономерности и западного и восточного стилей.
Народные кюи, домбровые и кобызовые, под названием «Ак-ку» принадлежит восточной школе. Обычно это – небольшие по объему, скромные по художественным задачам наигрыши, основанные на элементах звукоподражания. Имитируются крики лебедей, полет птиц, хлопанье крыльев по воде. Тлендиев соединил звукоподражательные элементы, свойственные народным кюям, с огромной внутренней экспрессией. Распространенное в поэтическом фольклоре казахов сравнение девушки с лебедем, голоса певца с лебединым подсказывает композитору путь обогащения образного содержания традиционных наигрышей. Его кюй «Акку» воспевает земную красоту. Носителями ее являются птицы и прекрасные девушки. При созерцании их и рождается страстное чувство, ярко переданное в музыке.
Работа в кино органично суммирует все жанровые направления в творческой деятельности Тлендиева. Здесь особенно рельефно видна разноплановая шкала незаурядных возможностей композитора. В его фильмах песню сменяют чисто инструментальные фрагменты. Оркестр казахских народных инструментов используется в сочетании с симфоническим.
Тлендиев написал музыку более чем к двадцати фильмам: художественным, документальным, мультипликационным. Среди работ композитора значатся и развернутая, легендарная эпопея «Кыз-Жибек», и приключенческий фильм «Погоня в степи». Кинематограф для детей представлен у него такими названиями, как «Меня зовут Кожа» (удостоен диплома на Международном кинофестивале в Каннах), «Путешествие в детство», Тлендиев создал музыку к мультипликационным фильмам «Почему у ласточки хвост рожками» (диплом на Всесоюзном кинефестивале в Ленинграде), «Аксак кулан», «Мудрость и богатство», «Медведь и заяц». Несомненный интерес представляет собой и музыка к хроникально-документальным фильмам, таким , как «Академик Сатпаев», «Ибрай Алтынсарин», «Народное ремесло» (удостоен звания Лауреата на кинофестивале стран Азии и Африки в Ташкенте), «По закону сохранения дум» (удостоен звания Лауреата на Всесоюзном кинофестивале документальных фильмов в Ленинграде).
Одной из лучших работ Тлендиева в области кинематографа является музыка к фильму «Кыз-Жибек» (фильм удостоен Государственной премии Казахской ССР).
К числу последних работ Тлендиева для кино принадлежит музыка к фильму «Погоня в степи». Действие этой остроприключенческой ленты происходит в первые годы установления Советской власти в Казахстане. На экране борьба против банд басмачей и байских наемников. Сюжет фильма развивается напряженно, и музыка проникается его событийными токами. Под глубинно-звуковой аккомпанемент начинается фильм. Поет домбра, одинокий голос в бескрайней степи, погруженной в тишину и безмолвие. Вот он прерывается. Степь звенит, оглашаемая гулом скачки. В ритм стремительному бегу разворачивается быстрый кюй. Ведет его, мощно и напористо, оркестр.
Две темы становятся музыкально-драматургической завязкой фильма. Они будут сопровождать действие, рассекая его на два плана:событийный и повествовательно-эпический.
Просматривая фильмы, в создании которых принял участие композитор, нельзя не восхититься изобретательностью Тлендиева. Музыка его будто на лету схватывает эмоциональное или сюжетно-игровое задание. Благодаря метким, выразительно-точным характеристикам кадр преображается. Убери из него звуковой фон, померкнут, потускнеют и цвет, и краски, исчезнут неуловимые эмоциональные импульсы, безошибочно направляющие восприятие зрителей.
Какими сказочно-великолепными выглядят, к примеру, звезды и скачка волшебного коня в мультипликационном фильме «Сорок небылиц»-рассыпающиеся хрустальные блики звуковых узоров. Вспоминается и сопровождение к другому мультипликационному фильму – «Мудрость и богатство». Знаменитый восточный базар, с горами снеди и людской суетой. Это зрелище дополнила музыка, остроумная, веселая, щедро расцвеченная гармошечными наигрышами.
В последние годы Нургиса Атабаевич был главным режиссером республиканского фольклорно-этнографического оркестра «Отрар-сазы». Награжден орденами Трудового Красного Знамени, «Отан»/1994г./, «Парасат»/ 1998/. В 1998 г. по указу Президента Казахстана Н.Назарбаева ему присвоено звание «Халық Қаһарманы» («Народный герой»).
Список литературы о Н.Тлендиеве
-
Еркимбеков Ж. Феномен казахской музыки:
Воспоминания о Нургисе Тлендиеве-домбристе.
//Нива.-2001.-№ 9.-с.106- 108.
-
Журавлев В. Нургиса Тлендиев: «Через свою профессию мы передаем историю нашего народа». //Советы Казахстана .-1995.-5 апреля.
-
Измайлова Л., Мухамбетова А. Зрелость таланта ( Композитор Нургиса Тлендиев) //Композиторы Казахстана: Сборник очерков.-Вып.2.-Алма-Ата, 1982.-С.95-112.
-
Искакова Г. Песни-вальсы Тлендиева. //Мысль.-2010.-№ 8.-С. 79-82.
-
Кинеев С. Песня Музыкальному гению Н.Тлендиеву. //Простор.-1996.-№ 9.- С.13.
-
Нусипжанов Н. Он пробуждал вдохновение и любовь: о творчестве музыканта Нургисы Тлендиеве. //Казахстанская правда.-2002.-9 апреля.
-
Тлендиев Н.А. //Казахстан: Нац. Энциклоп.-Т.5.-Алматы, 2006.- С.207.
-
Тлендиев Н.А.// Каз.ССР: Краткая энциклоп.-Т.4.-Алма-Ата, 1991.-С.548-549.
-
Тлендиев Нургиса Атабаевич//Булеков С.Б. Знатные и деловые люди Казахстана: Ист.-познават. и
энциклопедич. справочник .-Алматы, 2003.- С.362.
Подготовила : Макаренко О.М.
информационно-библиографический отдел
Ответственная за выпуск : Нурпеисова К.Н.
заведующая библиотечным комплексом
Достарыңызбен бөлісу: |