Сынып: 7 «б» Сынып сағаты тақырыбы: «Мектебім-мейірім мекені»



Дата04.09.2023
өлшемі19.85 Kb.
#476489
түріСабақ
cynyp-saғaty


Сынып: 7 «б»
Сынып сағаты тақырыбы: «Мектебім-мейірім мекені»
Сабақтың мақсаты: «Мектеп» тақырыбы жайында оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: өткенді еске түсіру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: білім алуға ынталандыру, оқушыларды оқуға шақырып, өз мектепті құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тексеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтіндер,сигналды кәртішке, бағалау парағы.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Cәлеметсіздер ме, балалар?
- Сабақтың ұранымыз
Бір бірімізді тындаймыз.............
Психологиялық дайындық
Балалар, көңіл күйлеріміз қалай ? /Өте жақсы/
Балалар, менің алақаным сондай жылы
Бүгін сабақта Мен сендерге өз алақанымда бар жылулықты, жақсылықты, жақсы көңілімді беремін. /
Қалай балалар , жылулықты сездік пе ?
Солай болса, сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы белгісіз, оны анықтау үшін сендер тақтаға назар аударып, асыл сөздерін тындап тақырыбын білесіңдер.
ВИДЕО Гимназия / тақпақ оқу/
Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап біз үшін мектеп өмірі басталды. Сабаққа бару , үзіліске шығу, күнделік толтыру, үй тапсырмасын орындау, ғылыми жұмыстарға дайындық жасау, түрлі мерекелерге қатысу- міне осының бәрі мектеп өмірі.
Кім болса да мектебін ұнатады,
Кім болса да ұстазын сағынады.
Әрқашанда әнін, биін саған арнап,
Осы екеуін құрметпен еске алады.
Үйретейік, үйренейік біз бүгін,
Білімнің толтырайық сандығын.
Білім жолы басталады мектептен,
Білімсіз қандай адам алыс кеткен.
Кәне балалар, мектеп туралы жұмбақтар шешіп көрейік.
Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (Оқу, білім)

Сай бойында сары алтын. (Білім)

Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ. (Білім)

Теңіздей түбі терең ,
Сүңгіген жетер әрең. (Білім)

Ұзын - ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер? (Кітап)

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған. (Білім, кітап)

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық. (Кітап, оқу)

Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ақыл - ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Бiлiм)

Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)

Бiлiмнiң дәнiн тередi,
Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз)
Тапсырма: «Менің мектебім» жайында сурет салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет