Сынып жетекшінің аты-жөні



бет1/3
Дата12.10.2023
өлшемі112.88 Kb.
#480571
  1   2   3
қызықты грамматика


Сынып жетекшінің аты-жөні




Күні:




Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Іс-шараның тақырыбы

«Қызықты грамматика»

Іс шараның бағыты

Жарыс сабақ, сұрақ-жауап

Мақсаты

Оқушылардың қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндері бойынша алған білімдерін грамматикалық, ойын арқылы қайталау, бекіту;
Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, шығармашылыққа баулау;
Оқушыларды бірлікке, достыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу



Бағалау критерийлері:




Барысы

Іс-шараның орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Ресурстар

Кіріспе
5 мин


Негізгі бөлім
25 мин



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, бүгінгі интеллекталды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Ойынға 2 топ қатысады. Ойын 6 айналымнан тұрады. Енді балалар сайысымызды бастайық.
(Оқушыларды қызық қалам арқылы екі топқа бөлу: әр оқушының қаламын алып, араластырып 2ге бөліп қоямыз, қалам иелері бөлінген топтарға келіп отырады)


Жарыс бөлімдері:

  • Ширату сұрақтары

  • Қызық сөздер сайысы

  • Ребусты шешу

  • Сүйікті әріптер

  • «Тапқырлық» (тіл туралы мақалдың жалғасын табу)

  • «Полиглот»

1.Ширату сұрақтары


«Әріптер» тобына:

  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)

  2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)

  3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)

  4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)

  5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата (сұлу, көркем)

  6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?(сұрау)

  7. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. (у)

  8. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөөзді ата. (биік)

«Сандар» тобына:

  1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (жуан, жіңішке)

  2. Заттың-қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?(етістік)

  3. Сөздің мағынасын өзгертеттін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)

  4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата (ер, қаһарман)

  5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

  6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

  7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)

  8. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет