Синтетитакалық шоттар



Дата02.01.2022
өлшемі15.55 Kb.
#454241
түріСтатья
бух сессия


1Синтетикалық және аналитикалық есеп шоттарынын мәнің және мақсатын түсіндірініз олардың өзара байланысын көрсетіңіз

Синтетитакалық шоттар дегеніміз – есептелетін объект бойынша жинақтап ақшалай өлшеммен ақпарат беретін әдіс.

Баланстың барлық статьялары синтетикалық шоттар болып саналады. Атап айтқанда шикізаттар мен материалдар, кассадағы ақша, есеп айырысу шотындағы ақша, жарғылық капитал, банк несиесі, т.б.



Аналитикалық шот дегеніміз – синтетикалық шоттарда көрсетілген ақпаратты әрі қарай талдап, дамытып көрсететін шоттар.

Аналитикалық шоттар белгілі бір синтетикалық шоттарға ашылады. Осыған байланысты олар дербес болмайды.

Аналитикалық шоттарда есептелетін объекті натуралдық (саны, салмағы, көлемі) өлшеммен және ақшалай өлшеммен көрсетіледі.

Синтетикалық шоттарда жүргізілетін есепті синтетикалық есеп деп атайды, ал аналитикалық шоттарда жүргізілетін есепті аналитикалық есеп деп атайды.

Синтетикалық және аналитикалық шоттар өзара байланыс. Оның өзара байланыстылығы төмендегідей:

1.Синтетикалық шотта қолданылатын жазу тәртібі аналитикалық шоттарда қолданылады.

2.Синтетикалық шоттардың бастапқы және соңғы қалдығы барлық аналитикалық шоттарды қосқандағы бастапқы және соңғы қалдықтармен тең болуы тиіс.

3. Синтетикалық шоттардың дебеті барлық аналитикалық шоттардың дебетіне, синтетикалық шоттардың кредиті барлық аналитикалық шоттардың кредитіне тең болуы керек.

Тәжрибеде кейбір есеп объектілері бойынша аналитикалық шоттардың сандары өте көп болуы мүмкін. Соған байланысты алдын- ала топтастыру қажет болады.

Сол үшін бухгалтерлік есепте субшоттар қолданылады (аралық шоттар).

Синтетикалық шоттардың аттары мен тізімін жоғарғы орган, яғни қаржы министрлігі тағайындайды.

Субшоттар мен аналитикалық шоттардың аттары мен тізімін кәсіпорын қажеттілігіне сәйкес өзі тағайындайды

2 Бухгалтерлік есептің компьютерлік нысанын сипаттап беріңіз

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны ол компьютерлер қолдануды көздейді. Арнайы бағдарламалар; деректер мен бастапқы құжаттардың көмегімен топтастырылады.



Бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік
қорытынды есепке дейін кешендік
автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Есептік ақпарат бастапқы құжаттардан арнайы
бағдарламалар бойынша компьютерлерге
түсіріледі ,содан соң ол ақпарат
өңделеді,сақталады, қажеттілігіне байланыстыәә
оны компьютер экранына немесе баспаға
шығаруға болады.
Бұл нысанды қолдану есеп мәліметтерінің
сапасы мен жеделділігін жоғарылатып,қол
еңбегі шығындарын азайтуға жағдай туғызады.





Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дт

Кт

1

Есеп айырысу шотынан кассаға ақша келіп түсті

1010

1030

2

Есеп айырысу шотына өнім сатудан ақша түсті

1030

6010

3

Банктен алынған қысқа мерзімді несие есеп айырысу шотына түсті

1030

3010

4

Жабдықтаушыдан қоймаға шикізат материалдар келіп түсті

1310

3310

5

Жабдықтаушыдан негізгі құралдар келіп түсті

2410

3310

6

Жабдықтаушыдан тауарлар келіп түсті

1330

3310

7

Негізгі өндірістен қоймаға дайын өнім келіп түсті

1320

8110


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет