Сүйек,бұлшық еттердің және қосылу тіндердің құрылысы және физикалық қасиеттері



бет2/4
Дата20.03.2022
өлшемі36.77 Kb.
#456421
1   2   3   4
Негізгі бөлім

Негізгі бөлім
Байлам тығыз тіндердің негізінде фибробластан тұратын жасушалардан құралады.Жасуша ішіндегі затта коллаген талшығы эластин ,ретикулинжәне гидрофильді гель болады.Глюкоза аминогликандар мен тін сұйықтары жасушаның негізгі құраушылары болып табылады.
Механикалық тұрғыдан қарағанда төменгі модульді негізгі зат мынадай үш функцияны атқарады:бір талшықтан екінші талшыққа таралатын күшті реттеу,бір талшықтан екінші талшыққа күш таралғанда олардың үзіліп кетпеуін қамтамасыз ету,талшықтар босаған кезде олардың арасындағы үйкеліс күшін азайту.
Жұмсақ механикалық ұлпалардың механикалық қасиеттері тіндердің құрамындағы талшықтың,жасушаның және негізгі заттың өзара әсерімен анықталады.Коллагендік талшық тұрғысынан қарағанда талшықтары бағыттас сіңірлер мен байлам құрылымдары ең қарапайым құрылымдар болады.Бұл құрылымдар күшті бір бағытта –бұлшық еттен сүйекке ,немесе бір сүйектен екінші сүйекке таратады.Коллаген талшықтары босаған кезде сіңір талшықтары толқын тәріздес болады.Күш бұлшық еттен сүйекке өткенде коллаген талшықтары түзу болады.
Қан тамырларының коллагендік талшықтары эластин талшықтарымен тегіс бұлшық еттердің жасушаларымен байланысты күрделі құрылым.Кезеңі өзгеретін күштің әсерінен қолқа қақпақшаларының жапырақшаларының құрылысы ерекше болады.
Жұмсақ тіндерге қарағанда бұлшық еттер адамның қозғалысын тыныс жолындағы ауаның қозғалысын,қанның қан тамырлар бойымен қозғалысын және т.б. қозғалыстарды қамтамасыз ету үшін жұмыс атқарады.Бұлшық еттер екі топқа бөлінеді:
1)қаңқаның әртүрлі бөліктеріне бекітіліп ұлпаның негізін құрайтын көлденең жолақ бұлшық еттер-бұларды қаңқа бұлшық еттері дейді және жүрек бұлшық еттері.
2)қан тамырларының,лимфа тамырларының және ішкі ағзалардың қабырғаларының тегіс бұлшық еттері.
Бұлшық еттер формалары қысқа,жалпақ,ұзын және жіңішке т.с.с. әр түрлі болады.Қысқа бұлшық ет омыртқалар арасында тереңде жатады.Олар көлденең бұлшық еттерден аз ғана ұзын болады.Жалпақ бұлшық еттер адамның кеудесінде болады,олардың ұзындығы мен ені қалыңдығынан үлкен болады.Бұлшық еттердің екі басында,басқа ағзалармен жалғастырып тұратын сіңірлер болады.Жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жұқа пластина тәріздес,ал ұзын бұлшық еттердің сіңірлері цилиндр тәріздес болады.Сіңірлер аса берік болады және аз созылады.Бұлшық еттер фасция деп аталатын байлам ұлпаларымен тығыз қапталған.Егер бұлшық ет бірнеше қабаттан тұрса,онда фасция ішкі,ортаңғы және сыртқы пластиналарға жіктеледі.
Жоғарғы қабаттағы пластиналар бұлшық ет аралық фиброздың әсурінен ішкі қабаттағы фасциямен қосылып,бұлшық еттерді әр топқа бөліп,тереңге өтіп сүйек бетімен жабысады.
Бұлшық еттер қысқарғанда олор қалыңдап,бекітілген нүктелері жақындап күш туғызады.Бұлшық еттердің жеке-жеке қысқаруы өте сирек болады,аз ғана қимылдың өзі бірнеше бұлшық ет топтарын қимылға келтіреді.
Бұлшық еттердің құрылысын ,олардың қысқару механизмін түсіну үшін көлденең –жолақ бұлшық еттерді қарастырсақ жеткілікті болады.Ол бұлшық ет диаметрі 10-100мкм,ұзындығы 10-15см болатын паралель талшықтар жиынтығынан тұрады.1000-2000 паралель орналасқан жіңішке тарамдардан тұратын талшықтар миофибрилла деп аталады.Миофибриллалардың ішінде қатарлап орналасқан митохондрийлер бар.Әр миофибрилла Z-мембрмнамен саркомерлерінің ұзындығы 2,5-3 мкм бірнеше учаскілерге бөлінеді.Z-мембрананың арасында актинді жұқа және миозинді қалың талшықтардан тұратын торлар орналасқан.Механохимиялық реакция тудыратын миофибрилді зат түскеннен кейін талшықтар жиырыла бастайды.
Қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу теориясының кең тараған моделі.Осы теория бойынша саркомердің белсенділігі артқанда белсенді және миозинді талшықтар көлденең орналасқан көпірлер арқылы жабысады.
Талшықтар торы бір-бірінің ішіне қарай сырғанай қозғалады,соның нәтижесінде бұлшық ет талшықтары қысқарады.Саркомердің қысқару процесінде көпіршелер бірнеше рет бекіп,иіледі,талшықты талшық бойымен қозғайды және босап шығады.Көпіршелер жұмысына энергияны АТФ-тен алады.
Қысқарғанда бұлшық еттер көлденең қимасына,бастапқы ұзындығына және т.б. факторларға байланысты үлкен күш тудырады.Көлденең қимасы 1 см² бұлшық еттің жиырылу күшін абсолютті бұлшық ет күші дейді.Әрбір бұлшық еттің жиырылу күші және қуатты адамның жасына,жынысына,шынығуына және т.б. физиологиялық шарттарға тәуелді болады.Тегіс бұлшық еттер өздерінің қасиеттеріне қарай қаңқа бұлшық еттерінен ерекше болады.Тегіс бұлшық еттерде ақуыздар ретпен орналаспайды және талшықтарының өлшемдері де кіші болады.Олардың жасушалары өзара протоплазмалық көпіршелермен және миофибрилалармен жалғасады.Тегіс бұлшық еттердің қозуы көлденең бұлшық еттермен салыстырғанда көп төмен болады,ал қысқару периоды үлкен болады.
Жұмсақ бұлшық еттердің автоматты жиырылуы қасиеті аса зор.Автоматты жиырылуды тудыратын тітіркендіргіштер ретінде бұлшық еттің өз ішіндегі зат алмасу процесі немесе қанмен келген энергия болуы мүмкін.
Бұлшық еттер әсер ету органына және қоздырғышы сигнал әсеріне жауап беру жылдамдығына байланысты болып бірнеше түрге бөлінеді.Солай болса да олардың химиялық құрамдары бірдей:су-75%,ақуыздар-20%-ға дейін,АТФ-0,4%-ға дейін болады.
Бұлшық еттің ұзындығын өзгермейді деп санап,оған әсер етсе,онда оның жиырылу күші артады,ал оған тұрақты жүктемемен –қысқарады.Сондықтан бұлшық еттердің ұзындығы өзгермейтін болса,онда оларды изомерлік деп,ал тұрақты жүкпен әсер еткенде бұлшық еттердің қысқаруын изотондық деп атайды.Изометрлік әсер өте тез болады да өзінің максималды 170 мс уақытта жетеді де,200мс-тен бастап сондай жылдамдықпен баяулайды. әсер етуші күшпен бұлшық ет жиырылуы теңескенде изотондық жекеленген қысқару процесі өтеді.Сондықтан жүктеме өскен сайын жеке жиырылу кешігеді.Жүктеме өскен сайын бұлшық еттердің жиырылуы бастапқы сәтте максималды мәніне тез жетіп,сызықты байланыста болады.Одан кейін бұлшық еттердің босаңсу жылдамдығы артып,жүктеме белгілі бір шамаға жеткенде тез тоқтайды.Егер жүктеменің шамасы изотермиялық әсермен теңессе,онда бұлшық еттердің жиырылу жылдамдығы максималды болады.
Бұлшық еттердің биофизикасына көз жеткізу үшін олардың құрылысын,энергиясын және бұлшық ет механикасын бірге қарастыратын математикалық модель құру қажет.Ол үшін,көпшілік жағдайда,қалың бұлшық еттердің модельдерін құрады.
Хаксли-Дещеровский моделі сырғанамалы талшықтар теориясына сүйенген.Бұл модельде актин мен миозиннің жіңішке және жуан талшықтары көлденең көпіршелер арқылы өзара әсерлесуін және актин миозин көпіршесінің үш күйін ескереді:1)тұйықталған,созылатын және біртіндеп артатын күш;2)тұйықталған,сырғанамалы тежейтін күш;3) ажыратылған көпіршелер.
Бұл теория бойынша жиырылған кезде көпіршелер тұйықталады да талшықтарды тартып белсенді жиырылу тудырады. Одан кейін ығысудың белгілі бір мәніне жеткенге дейін тежейді де, ақырында үзіледі.
Микроскопиялық модельдің кемшілігі ретінде мыналарды айтуға болады:1)модель тек қана сырғымалы қаңқа бұлшық еттерінің жиырылу процесін сырғанамалы талшықтар теориясы арқылы түсіндіреді;2)модель титанустың ғана күйін түсіндіре алады.
Бұлшық еттердің жиырылуын толық түсіндіретін модельдерге мынандай талаптар қойылады:белсенді бұлшық еттердің құрылысы мен қасиеттерін қарапайым әдістермен түсіндіру;саркомердің құрылысы туралы ұғымдарды қолданбау керек;физиканың,химияның жетістіктерін қолдану;үшөлшемдік тензорлық –инварианттық түрде тұжырымдалуыкерек;мүмкін болғанша қосымша гипотезалар аз болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет