Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылы «18» қыркүйекте
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
Сұйытылған көмірсутекті газдарды қолдану кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Талапта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) сұйытылған көмірсутекті газдарды қолданатын объект (бұдан әрі - СКСГ) – СКСГ сақталуын және (немесе) пайдалануын, газ құбырлары арқылы тұтынушыға тасымалдануын, оны қауіпті өндірістік объектілерде отын ретінде пайдалануын қамтамасыз ететін өндірістік және коммуналдық-өндірістік мақсаттағы объект;
2) өндірістік мақсаттағы объект – СКСГ сақтайтын және (немесе) пайдаланатын, газ құбырлары арқылы тасымалдайтын, сонымен қатар сұйытылған көмірсутекті газдарды сақтау және пайдалану жөніндегі бірлескен базалары мен газбен толтыру станциялары (бұдан әрі – ГТС), газбен толтыру бекеттері (бұдан әрі – ГТБ), автокөліктік газ құю станциялары (бұдан әрі – АГҚС), газсыздандыру (буландыру) станциялары, өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-өндірістік мақсатта пайдалануға арналған резервуарлық қондырғылар, өнеркәсіпте пайдалануға арналған топтық баллонды қондырғылар, сыртқы газ құбырлары, ішкі газ құбырлары мен қауіпті өндірістік объектілерде газды қолданатын қондырғылар, өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, резервуарлар, арматура мен бақылау-өлшеу аспаптар;
3) коммуналдық-өндірістік мақсаттағы объект – қоймалық қондырғылардан газды тұтануды қамтамасыз ететін, сонымен қатар ғимарат алдындағы сөндіргіш құрылғыларға және (немесе) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы (бұдан әрі - ТКШ) ғимаратты қоршайтын конструкцияға дейінгі сыртқы газ құбырлары;
4) газды тұтыну объектілері – ішкі газ құбырлары, газ жабдықтары мен газды қолдану қондырғылары, қауіпсіздік автоматикасы, бұғаттағыштар, бір өндірістік аумақта (алаңда) орналасқан газды жандыру процесін реттеу және сигнал беруге кіретін өндірістік және технологиялық жүйе;
5) техникалық құрылғылар – резервуарлар, толтыру құрылғылары (құю колонкалары, каруселді және өлшегіш қондырғылар), сораптар, компрессорлар, түзеткіш қондырғылар, газ құбырлары, газ құбырлары мен резервуарларды электрохимиялық дат басудан қорғайтын электрохимиялық қондырғылар (бұдан әрі - ЭХҚ), резервуарлардағы редукциялық бастиектер, қысымды, автоматика, қорғау жүйесін реттегіштер, бұғаттағыштар мен сигнал бергіштер, бақылау-өлшеу аспаптары (бұдан әрі – БӨА), қосалқы құрылғылар, арматура (ысырмалар, қақпақтар, вентилдер мен тағы басқалар).
2-тарау. Әсер ету саласы мен қолдану тәртібі
2. СКСГ объектілерін жобалау, салу, кеңейту, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау, тоқтату және жою, дайындау, монтаждау, ретке келтіру, қызмет көрсету, жөндеу және СКСГ объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды сынау жұмыстары өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білімі тексерілген тұлғалармен жүзеге асырады, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында қолданылатын нормативтермен және техникалық актілермен реттеледі.
3. Осы Талап қауіпті өндірістік объектілерде отын ретінде пайдаланылатын артық қысымы 1,6 МПа аспайтын СКСГ сақтау, тасымалдау және қолдану объектілерін жобалауға, салуға, монтаждауға, қайта салуға және пайдалануға қойылатын өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.
4. СКСГ талаптары:
1) сұйытылған көмірсутекті газдарды, ГТС сақтау және қолданудың бірлестік базаларына;
2) ГТБ;
3) тұрақты АГҚС;
4) белгіленген тәртіпте пайдалануға қабылданған жылжымалы автокөліктерге құю станцияларынан (автоцистерналардан) автокөлікті және баллондарды толтыру алаңдарына;
5) елді мекендердегі және қауіпті өндірістік объектілердегі резервуарлық қондырғыларға, қауіпті өндірістік объектілердегі топтық баллонды қондырғыларға;
6) сұйық және булы СКСГ фазалы сыртқы газ құбырларына;
7) болаттан жасалған газ құбырлары мен резервуарларын электрохимиялық дат басудан қорғау құралдарына;
8) сұйытылған көмірсутекті газдарды отын ретінде сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға арналған өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа да өндірістердің сыртқы және ішкі газ құбырлары мен газ жабдықтарына (техникалық құрылғыларына);
9) өндірістік, жылыту-өндірістік және жылыту қазандықтарының сыртқы және ішкі газ құбырлары мен газ жабдықтарына (техникалық құрылғыларға);
10) сұйытылған көмірсутекті газды қолдану кезіндегі қауіпсіздік, реттеу және қорғау құралдарына, технологиялық процесті автоматты түрде басқару жүйесіне;
11) СКСГ газ құбырларындағы ғимараттар мен құрылыстарға қатысты қолданылады.
5. Талап:
1) технологиялық (алаң ішіндегі) газ құбырларына, сұйытылған көмірсутекті газдарды шикізат және (немесе) отын ретінде қолданатын химиялық, мұнай химиялық, мұнай шығару және мұнайды өңдеу өндірістерінің газ құбырларына, терминалдарына, резервуарлары мен газ жабдықтарына, өндірістік және (немесе) коммуналдық - өндірістік мақсаттағы сұйытылған көмірсутекті газ объектілеріне, оларды дайындау мен тиеуге қатысты өндірісте;
2) сұйытылған көмірсутекті газдарды сақтауға және өзен мен теңіз кемелерімен сұйытылған көмірсутекті газдарды тасымалдау үшін құйып - төгуге терминалдарына;
3) сұйытылған көмірсутекті газдарды құйып-төгуге арналған темір жол эстакадаларына, эстакадаларға баратын темір жолдарға;
4) сұйытылған газдарды тасымалдауға (тасуға) арналған темір жол және автокөлік цистерналары, контейнерлерге;
5) металлургия өндірісіне арналған технологиялық (алаң ішіндегі) газ құбырларына, резервуарларға және газ жабдықтарына;
6) газды қолданатын жылжымалы қондырғылар, сонымен қатар тонарларға, авто және темір жол көліктеріне арналған газ жабдықтарына, ұшу аппараттарына, өзен және теңіз кемелеріне;
7) әскери мақсатта қолданылатын газдық және газды қолданатын жабдықтарға;
8) эксперименттік газ құбырлары мен газ құбырларының тәжірибелік үлгілеріне;
9) газдық ауа қоспалары жарылысының энергиясын қолданатын және (немесе) қорғағыш газдарды алуға арналған қондырғыларға;
10) сұйытылған көмірсутекті газ тұрмыстық немесе зертханалық мақсатта қолданылатын әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттардың ішкі газ құбырлары мен газ жабдықтарына;
11) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы топтық және жеке баллонды қондырғыларға;
12) орнатылған жабдықтың жалпы жылу қуаттылығы 100 кВт және одан төмен кезде қызмет көрсететін, өндірістік мақсатта жылу энергиясын өндірмейтін жылу генераторлары, қазандықтары бар әкімшілік, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарды автономды жылыту және ыстық су жүйесіне қатысты қолданылмайды.
6. Өндірістік процестер мен технологияларды, газ жабдықтарының (техникалық құрылғылардың) және автоматизация құралдарының үлгілерін енгізу Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Сұйытылған көмірсутекті газды қолдануға қатысты персонал Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заң талаптарына сәйкес дайындықтан өтеді.
8. Осы Талапты және басқа да нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды сақтауды бақылау өндірістік объектінің саласын ескере отырып, ұйым әзірлеген өндірістік бақылау жөніндегі талапқа сәйкес жүзеге асырылады.
9. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жобалау мен орындауға өндірістік бақылау жобалау және құрылыс саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
3-тарау. Жобалау
10. СКСГ газ тарату және газ тұтыну жүйелерін салу (қайта салу) жобаларын, олардың элементтері, газ құбырлары мен резервуарларды электрохимиялық дат басудан қорғауды, ұйымның өнеркәсіп саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестацияланған ұйымдар жүргізеді.
11. Жобалық құжаттама белгіленген тәртіпте өнеркәсіп қауіпсіздігінің сараптамасынан өтеді.
12. Газдандыру жобаларына өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу үшін техникалық диагностикаға Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте аттестацияланған ұйымдар жұмылдырылады.
13. Өнеркәсіп қауіпсіздігі сараптамасының қорытындысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен қарастырылады және бекітіледі.
14. Елді мекендерге газды тарату және өндірістердің газды қолдану жүйелерінің жобалары осы Талапты, өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының құрылыстық нормалары мен талаптарын және заңнамаларын ескере отырып әзірленеді.
15. Қабылданған жобалық шешімдер үздіксіз, қауіпсіз газбен қамтамасыз етуді және газды тұтынушыларды жедел түрде сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
16. Сыртқы газ құбырларының жобалық кестесі мен олардың конструкциясы нормативтік пайдалану мерзімі шегінде қауіпсіз және сенімді қолдануды, қысымы мен тұтынуы бойынша берілген параметрлерге сәйкес газдың тасымалдануын қамтамасыз етеді, конденсаттық тығынданудың түзілуіне жол бермейді.
17. Жобада қарастырылатын материалдардың, техникалық құрылғылардың, сонымен қатар шет елдік өнімдердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңына сәйкес оларды қолдануға рұқсаты бар.
18. Сыртқы газ құбырлары мен СКСГ қоймаларын орналастыру жобаларын бірыңғай мемлекеттік немесе жергілікті үйлестіру жүйесінде әзірленген, белгіленген тәртіпте ресімделген және тіркелген топографиялық жоспарларда жасайды.
Жобаларда геологиялық-гидрологиялық таңдамалардың деректері болады.
19. СКСГ газ тарату және газды қолдану жүйелерінің жобалық құжаттары бекітілгенге дейін газды тарату ұйымының тапсырыс берушісімен келісіледі. Егер 24 ай ішінде құрылыс басталмаса жоба қайта келісіледі.
20. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес шекті салмағы 200 тонна және одан жоғары сұйытылған көмірсутекті газдарды (пропан - бутан) сақтау базасымен СКСГ мен ГТС сақтау және қолдану бірлескен базалары үшін, оларды іске қосуға дейін және (немесе) іске қосылған ГТС пайдалану процесінде өнеркәсіп қауіпсіздігінің декларациясы әзірленеді.
21. Аталған объектілердің өнеркәсіп қауіпсіздігі декларациясы объектіні салу, кеңейту, қайта салу және техникалық қайта жабдықтау жобалық құжаттарының қатарында пайдалану процесінің мезгіл аралығы кемінде 5 жылда әзірленеді.
22. Өнеркәсіп қауіпсіздігінің декларациясы белгіленген тәртіпте өнеркәсіп қауіпсіздігі сараптамасынан өтеді.
23. 10 -6 мәнінен артатын айналымында 200 және одан артық тонна сұйытылған көмірсутекті газдары бар жобада қабылданатын техникалық (жобалық және технологиялық) шешімдер үшін СКСГ объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздігінің нормативтік деңгейін қамтамасыз ететін мынадай іс-шаралар әзірленеді:
1) апат қаупін және оған байланысты қатерлерді жанжақты бағалау;
2) апаттарды алдын алу бойынша қабылданған шараларды талдаудың жеткіліктігі;
3) өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беруді, апат салдарларын жоюды ұйымдастыру дайындығын бағалау;
4) жұмысты ұйымдастыру регламенті;
5) апат салдарларының масштабын төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу.
4-тарау. Сыртқы газ құбырлары
24. Жалғаспалы инженерлік коммуникацияларға, ғимараттар мен құрылыстарға дейін газ құбырларын жүргізу шарттарын таңдау мен СКСГ резервуарларын орнатуды Қазақстан Республикасының өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген құрылыс нормалары мен талаптарына, басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізеді.
25. Жобаларда жер асты газ құбыларын салуды қарастырады.
26. Жердегі және жердің үстіндегі газ құбырларын салу тиісті негіздер болған кезде ГТС, ГТБ, АГҚС аумақтарында рұқсат етіледі.
27. СКСГ бу фазалы сыртқы газ құбырларының құрылысын салу жобаларында газды тарату және газды қолдану жүйелеріне арналған талаптарды сақтайды.
28. Қоймалық және топтық (жасанды буландыру) баллонды қондырғылардан төмен қысымды СКСГ бу фазалы жер асты газ құбырларын тереңдетуді газ булары конденсациясын болдырмау мақсатында кемінде жер қабатының қататын деңгейінен қарастырады.
29. Сыртқы газ құбырлары үшін болаттан жасалған құбырлар мен жалғастырғыш бөлшектерді таңдау кезінде белгіленген тәртіпте бекітілген номенклатураны басшылыққа алады.
30. Жер асты және жердегі газ құбырларын топырақпен үю үшін құбыр қабырғасының ені кемінде 3 мм, жер үстіндегі және жердегі топырақпен үйілмейтін газ құбырлары үшін қабырғасының ені 2 мм құбырлар алынады.
Болат құбырлар 0,25 % - артық емес көміртектен, 0,056 % - күкірттен, 0,046 % - фосфордан тұрады.
Көміртекті және төмен қоспалы болаттар үшін көміртегі эквивалентінің көлемі 0,46 % аспайды.
Полиэтиленнен жасалған құбыр материалдарына, таңбалау мен сынау әдістеріне қойылатын талаптар мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді.
Полиэтиленнен жасалған шекті төзімділігі (ШТ) кемінде 8,0 МПа полиэтилен құбырларын резервуарлық қондырғылардан берілетін төмен қысымды СКСГ бу фазалы газ құбырларын салу кезінде қолданады.
31. Қоймалық қондырғыларды жобалау кезінде: сұйық және бу фазалы құбырларды, қоймаларды, тиектік арматураны, ПЗК, газ қысымын реттегіштер, ПСК, ООП қарастырады.
Резервуарлық қондырғы құрамында буландырғыш қондырғыларды қарастырады.
32. Топтық баллонды қондырғылар құрамында СКСГ үшін баллондарды, тиек арматураларды, газ қысымын реттегішті, ПЗК, ПСК, манометрді қарастырады.
33. Жердің үстінде орнатылатын қондырғы үшін СКСГ тұрақты және тасымалдауға жарайтын (алынатын) қоймалар қарастырылады.
Реттегіштерден кейін СКСГ жұмыс қысымы жобалықтан аспайды.
34. ПСК әр қоймада, ал қоймаларды (сұйықтығы және фазасы бойынша) топтарға біріктірген жағдайда әр топтың бір қоймасына орнатылуын қарастырады.
ПСК өткізу қабілеттілігі есептеумен анықталды.
35. Жылытылатын жайларда орналастырылатын топтық баллонды қондырғылардан, жер асты қоймаларынан жердің үстіндегі газ құбырларын жанбайтын материалдармен жылудан оқшаулауды және жоба бойынша газ құбырларын жылытылуын өткізуді қарастырады.
5-тарау. Сыртқы газ құбырлары мен қоймаларын
электрохимиялық дат басудан қорғау
36. Жер астында орналастырылған СКСГ қоймаларын және жер асты болаттан жасалған газ құбырларын жобалаудың техникалық тапсырмасына оларды ЭХЗ қорғау жөніндегі бөлім кіргізілген.
37. Газ құбырлары мен қоймаларын дат басудан қорғау жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманың көлемі мен мазмұны жобалау сатысында анықталады.
38. СКСГ жер асты болаттан жасалған газ құбырлары мен резервуарларын, полиэтиленді газ құбырларындағы, футлярлардағы болаттан жасалған кірістірмелерді, электрохимиялық дат басудан қорғау ең жақсартылған типті қорғағыш оқшаулағыш жабындымен, ал жер қабатында дат басуы агрессивтігі жоғары немесе жылжымалы тоқтардың әсер етуі қауіпті кезде – қосымша ЭХЗ құралдарымен жүзеге асырылады.
39. Ұзындығы 10 м аспайтын болаттан жасалған кірістірмелер үшін полиэтиленді газ құбырлары мен учаскелерінің сызықтық бөліктерінде (қосылатын жерлерде электрлік оқшаулағыш фланцтер болған кезде) ғимаратқа қосылатын полиэтилен-болатты ЭХЗ қосу қарастырылмайды.
Мұндай жағдайда траншеялардың толық ұзындығы мен тереңдігі қиыршық құммен төгіледі.
40. Электрохимиялық дат басудан қорғау жобасын әзірлеу пайдаланатын (газды тарату) ұйыммен келісілген, тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасының негізінде жүргізіледі.
41. Жылудан қорғалған газ құбырларынан басқа жердегі және жер үстіндегі газ құбырлары, жерде орналастырылған қоймалар, қорғағыш қаптамалар мен СКСГ топтық қондырғыларының шкафтары құрылыс ауданның сыртқы ауа температурасын есептеген кезде сыртқы жұмыстарға арналған екі қабатты ашық түсті бояумен, лакпен немесе эмальмен боялады.
6-тарау. Тиекті, реттегіш, сақтандырғыш арматура
42. Қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін СКСГ газ құбырлары мен қоймалары тиекті және реттегіш арматурамен, сақтандырғыш құрылғыларымен, қорғау, автоматизациялау, бұғаттағыш және өлшегіш құралдарымен жабдықталады.
43. Тиекті және реттегіш арматуралардың, сақтандырғыш құрылғылардың, қорғау, автоматизациялау, бұғаттағыш, өлшегіш құралдарының саны мен орнатылу орындары осы Талапты және газ құбырлары мен газ жабдықтарына (техникалық құрылғыларға) қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуді ескере отырып жобалық ұйыммен қарастырылады.
44. СКСГ газды қолдану қондырғылары табиғи газды отын ретінде пайдалану кезінде қарастырылатын технологиялық қорғау, бұғаттау және сигнал беру жүйесімен жабдықталады.
45. Климаттық шарттар мен газдың жұмыс қысымын ескере отырып болаттан жасалған тиектік арматура қолданылады.
46. Сақтандырғыш тиектік қақпақтардың конструкциясы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді, СКСГ төзімділігін, беріктілігін қамтамасыз етеді және герметикалығы бойынша «А» класынан төмен болып табылады; тиектік арматураның конструкциясы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді, СКСГ төзімділігін, беріктілігін қамтамасыз етеді және герметикалығы бойынша «В» класынан төмен болып табылады.
7-тарау. СКСГ пайдаланатын объектілерді салу, құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау
47. ГТС, ГТБ, АГҚС, резервуарлық және топтық баллонды қондырғыларды салу, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау жоба бойынша құрылыс нормалары мен талаптардың, осы Талапты, келісілген қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орналастыру және қауіпсіз пайдалану талаптарын, белгіленген тәртіпте берілген нормативтік құжаттарды ескере отырып жүргізіледі.
48. Бекітілген және келісілген жобалық құжаттамалар СКСГ салуды, қайта салуды, техникалық қайта жабдықтауды бастар алдында, сонымен қатар белгіленген жағдайларда өнеркәсіп қауіпсіздігінің декларациясы мен өнеркәсіп қауіпсіздігі сараптамасының қорытындысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.
49. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен қарастырылады және бекітіледі.
50. Құрылысын салу барысында құрылысын салудың жобалық құжаттамасымен қарастырылған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу технологиясын сақтау, техникалық шешімдерді орындау қамтамасыз етіледі.
51. СКСГ объектілерін салу, кеңейту, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау, тарату және жою процесінде жобалық құжаттарды әзірлеген ұйымдар белгіленген тәртіп бойынша авторлық бақылау жүргізеді.
52. Газ құбырларын салу кезінде туындаған өзгерістер жобаға енгізіледі, газ тарату ұйымымен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.
53. СКСГ объектілерін салуды бастар алдында құрылысты техникалық бақылау ұйымдастырылады.
54. Құрылыстың басталғандығы туралы құрылыс-монтаж ұйымы кемінде 10 күн бұрын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
55. Тоқсанға құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің жоспарын ұсыну кезінде құрылыстың басталғандығы туралы хабарламаның мерзімі 5 күнге дейін қысқартылады.
56. Құрылыс жұмыстары басталар алдында газ құбыры трассасын бөлу, жобаға сәйкес СКСГ резервуарларын орналастыру, белгіленген тәртіпте актіні рәсімдеу және жұмыс жүргізу журналында жазба жасай жүргізіледі.
57. Жер асты жұмыстарын жүргізу кезінде жобамен белгіленген траншеяның тереңдігі мен СКСГ қоймаларын орналастыру орындары, газ құбырлары мен резервуарларына арналған жерлерді дайындау қамтамасыз етіледі.
Көрсетілген жұмыстардың орындалуы актімен ресімделеді.
58. Орларды құммен көму, резервуарларды орналастыру құмды алдын ала себелеумен және жұмыс жүргізу жобасына сәйкес тығыздау коэффицентімен жерді тығыздаумен жүргізіледі.
59. Қолданыстағы газ тарату желілерін қорғау талаптарына, тарату және тұтыну жүйесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес сыртқы газ құбырлары трассасының бойына айыратын белгілер орнатылады.
60. Өнеркәсіптік топтық баллонды қондырғыларды биіктігі кемінде 15 см тіректерге орнатылған табиғи желдеткіші бар жанбайтын материалдардан жасалған жабылатын шкафтарда орналастырылады.
61. Резервуарлық қондырғылардың биіктігі кемінде 1,6 м тіректерге орнатылған жанбайтын материалдардан жасалған желденетін қоршауы болады.
Резервуарларды орнату кезінде конденсат, су және буланбаған қалдықтарды жинақтағыш жағына қарай кемінде 2 % еңісті қарастырады.
Конденсатжинақтағышының төменгі резервуарды құрастырғышының үстінде буланбаған қалдықтардың түзілуіне және оның жойылуына кедергі келтіретін шығыңқы жерлері болмайды.
62. Газ құбырларының еңісін сыртқы газ құбырлары үшін конденсат жинақтағыштарына қарай кемінде 5 % қарастырады.
Конденсаттыжинақтағыштардың сыйымдылығы 1 м 3 газдың сағаттық тұтыну есебіне кемінде 4 л болуы қарастырылады.
63. Арматура мен резервуарлық қондырғылардың ООП зақымданудан және атмосфералық әсер етуден жабылатын қаптамалармен қорғайды.
64. Жылу бергіш ретінде ыстық су немесе судың буы қарастырылатын буға айналдырғыш қондырғылар жылу бергіш температурасының төмендеуіне жол бермейтін белгі бергішпен жабдықталады.
65. Газ құбырлары мен резервуарларды, топтық баллонды қондырғыларды салуды, монтаждау мен жөндеуді жүргізетін ұйымдар белгіленген тәртіпте жұмыстың жүргізілуін, сонымен қатар зертханаларды бақылауды қамтамасыз етеді.
66. Бақылауға:
1) персоналдың жұмыс жүргізуге рұқсатының болуын;
2) дәнекерлеу технологиясы жұмысына рұқсатының болуын;
3) дәнекерлеу және бақылау жабдықтарында, аппаратураларында, аспаптар мен құралдарда жұмыс жүргізуге рұқсатының болуын;
4) материалдардың сапасы (болаттан және полиэтиленнен жасалған құбырлар, оқшаулағыш жабындылар, дәнекерлеу, сонымен қатар ақауды түсіруге арналаған материалдар);
5) газ құбырлары мен СКСГ резервуарларына арналған жерлердің орындарын;
6) СКСГ резервуарларды куәландырудың дер кезінде болуын;
7) дәнекерленген қоспаларды операциялық (көзбен көру және өлшеу) бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыруды;
8) бұзу және бұзбау (радиографикалық, ультрадыбыстық) әдістерімен дәнекерленген қоспалардың сапасын бақылауды, оқшауланған жапқыштарды бақылауды;
9) ақаулықтарды түзетулерді бақылауды ұйымдастыруды тексеру кіреді.
67. Құбырларды, газ құбырлары, резервуарлар бөлшектерін, арматураларды, оқшаулағыш материалдарды қабылдау кезіндегі бақылау жұмыстарын белгіленген тәртіпте аттестатталған, зертхана мамандары жүргізеді.
68. Радиографикалық және (немесе) ультрадыбыстық бақылау әдісімен барлық қысым көлемі 100 %, болаттан және полиэтиленнен жасалған СКСГ газ құбырлары, дәнекерлеуі аяқталған сыртқы және ішкі учаскелерінің тоғысқан жерлері тексеріледі.
Әр дәнекерлеушімен дәнекерленген, болаттан жасалған қоспалардың радиографикалық түсірмелерін бақылау 20 % көлемдегі радиографикалық түсірмелерді автоматты түрде расшифровка жасайтын аппаратты-бағдарламалық кешенде жүргізіледі.
Барлық қысымдағы диаметрі кемінде 50 мм, қысымы 0,005 МПа дейінгі диаметрі 50 мм СКСГ сыртқы және ішкі газ құбырлары бақыланбайды.
69. Барлық категориялы сыртқы газ құбырлары мен резервуарлары ауа қысымымен герметикалығына сыналады.
Газ құбырларын, резервуарлық және топтық қондырғыларды монтаждағаннан кейін сынауды тапсырыс берушінің техникалық бақылау органы мен газды тарату ұйымының өкілдерінің қатысуымен құрылыс-монтаж ұйымы жүргізеді.
Сынаулардың қорытындылары хаттамамен және құрылыстық паспортында жазбамен рәсімделеді.
Газ құбырлары мен газ арматураларының элементтері, оларды дайындау кезінде өндіруші-зауытта бақылайтын техникалық қызметпен сыналады.
70. Газ құбырларын сынауды дәнекерлеу және оқшаулау жұмыстарын, арматура мен ЭХЗ құрылғыларын орнатқаннан кейін жүргізеді.
Сынау қысымына есептелмеген арматураны, жабдықтар мен аспаптарды монтаждауды сынау жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізеді. Сынау уақыты кезінде олардың орнына катушканы немесе қақпақшаны орнатады.
Енгізуші газ құбырларын тарататын газ құбырынан бөлек салу кезінде, оларды ғимараттар мен құрылыстардың алдында орнатылған сөндіргіш құрылғыларға дейінгі учаскелерде сынайды.
71. Сұйытылған көмірсутекті газдарды тасымалдайтын газ құбырлары табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерін сынау талаптары бойынша пневматикалық (гидравликалық) қысыммен герметикалығына сыналады.
Қысымы 0,6 жоғары 1,6 МПа дейінгі сыртқы газ құбырлары оқшаулау жабындысының түріне қарамастан 2,0 МПа қысымы - 24 сағат көлеміне жетеді.
Өнеркәсіптік өндірістердің, қазандықтар мен басқа ішкі газ құбырларының 1,2 жоғары 1,6 МПа дейінгі жұмыс қысымы 1,25 – 1 сағат көлеміне жетеді.
Герметикалығына жүргізілген сынаудың қорытындылары нақтылық класы 0,6 манометр бойынша газ құбырында қысымның анық төмендеуі байқалмаған кезде, ал нақтылық класы 0,15 және сұйықтық манометрі бойынша 0,4, егер қысымның төмендеуі шкаланы бөлетіннен аспаса дұрыс деп есептелінеді.
72. СКСГ сұйықтық және булық фазалардың оралған резервуарлары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнатуға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес сыналады.
73. Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің салынған, қайта салынған немесе күрделі жөнделген объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына қатысуға уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өздерінің өкілдерін тағайындайды.
74. Тапсырыс беруші кемінде 5 күн бұрын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін күн, уақыты мен орны туралы хабардар етеді.
75. Қабылдау комиссиясы жобалық, орындалатын құжаттарды, жердегі және жер үстіндегі газды тарату желілерін, ішкі газды тұтану жүйесін, СКСГ объектілерінің технологиялық, қосалқы жүйелерінің осы Талапқа және жобаға сәйкес келуін, ашық жұмыстарға, сонымен қатар резервуарларды орнатуға актілер мен техникалық құрылғыларды өнеркәсіпте пайдалануға рұқсаттың болуын тексереді.
76. Комиссияға құрылыстың сапасын тексеру үшін, қайта сынауларды жүргізу үшін жер асты газ құбырының қандайда бір учаскесін ашуын талап ету құқығы беріледі.
Сонымен қатар қабылдау комиссиясына қосымша:
1) СКСГ объектілерін қауіпсіз пайдалануға бақылау жүргізетін тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) газ қызметі туралы талап немесе газ құбырлары мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі бар ұйыммен жасалған келісім;
3) басшылардың, мамандардың осы Талапты, нормативтік құжаттарды білу деңгейін тексеру және жұмысшылармен жүргізілген нұсқау хаттамалары;
4) осы Талаппен қарастырылған технологиялық регламенттер мен технологиялық кестелер;
5) (болаттан жасалған жер асты газ құбырлары мен резервуарлары үшін) электрохимиялық қорғаудың тиімділігін тексеру актісі;
6) өнеркәсіптік түтін шығаратын және желдеткіш жүйелердің техникалық жағдайын тексеру актісі;
7) найзағайдан қорғауды тексеру актісі;
8) газдалғандық туралы сигнал бергіштердің, бұғаттағыштар мен қауіпсіздік автоматикасының іске қосылуын тексеру актісі;
9) жабдықтарды кешенді сыннан өткізу және іске қосу үшін реттеу жұмыстарына қабылдау актісін, олардың орындалу кестесін;
10) апатты жою және газды тарату ұйымының АЕҚ, (АҚҚ, АҚҚ) мен кәсіби апаттық құтқару құрылымдарының әртүрлі мақсаттағы қызметтерінің өзара әрекеттесу жоспары ұсынылады.
77. Электрохимиялық қорғаумен қамтамасыз етілмеген газ құбырлары мен резервуарларын пайдалануға қабылдауға рұқсат етілмейді.
78. 6 ай ішінде пайдалануға берілмеген комиссиямен қабылданған СКСГ объектісінің герметикалығы қайта сыналады.
79. Сораптарды, компрессорлар мен каруселді агрегаттарды сынау бос жүрісте және салмақпен паспорттық мәліметтер мен өндірушінің пайдалану жөніндегі нұсқауының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Сынау қорытындылары актімен рәсімделеді.
80. Сұйытылған газға арналған резервуарлар, сепараторлар, қысыммен жұмыс істейтін үрлейтін сыйымдылықтар мен басқа да ыдыстар техникалық куәландіруден өтеді.
Буландырғыштар мен газ құю колонкалары газ құбырлары сияқты сыналады.
Достарыңызбен бөлісу: |