Скиппинг (ағылшын тілінен аударғанда
"секіру") бейберекет секіру емес, ол - арықтауға
бағытталған нәтижелі жаттығулар топтамасы.
Салмақ тастап, жүректі жаттықтырамын десеңіз,
күніне 10-15 минут секіру жеткілікті. Бір сағаттық
жаттығу барысында 700-1000 килокалорий
жойылады. Тез арада салмақ тастаймын десеңіз,
скиппингтің мына ережелерін сақтаңыз.
Аяқты ауыстыра тұра секіру.
Аяқты ауыстыра тұрып, әр секіріс сайын аяқты
алдыға қарай созып секіру. Жартылай отыра
секіру. Аяқты айқастыра секіру. Бір секіргенде
аяқты айқастырып қоясыз, екінші секірісте
орнына алып келесіз. Қосымша секіріс. Секіртпені
бір айналдырғанда екі рет секіріп үлгеріңіз
секіртпені алдыға, артқа қарай айналдыра секіру.
Алдыға жүгіріп, секіртпеден секіру. Бір аяқпен
секіру. Бір секірісте секіртпені екі рет
айналдырып үлгеру.
Скиппинг жалпы дене шымыр, сау болуы үшін
керемет жаттығулар. Ол жүректі жаттықтырып,
ағзаның жалпы саулығын қамтамасыз етеді. Айта
кетсек, секіртпемен секіру үшін арнайы фитнес
орталыққа, спротзалға, тіпті далаға шығудың
Сабақтың тақырыбы : Спорттық құралдармен дене
сапаларын дамыту.
Тапсырмалар:
1.Секіргішпен орындалатын жаттығуларды құру, орындау.
2. Секіргішпен орындалатын жүгіру және секіру
жаттығуларын құру, орындау.
қажеті жоқ: бұл жаттығуларды үйде де
жасасаңыз болады. Бар керегі - секіртпе сатып
алу. Скиппинг денсаулығыңызға пайдалы әрі
көңіліңізді де көтереді.
Орындаған: Дф-11, 1 курс студенті Қуанышбекова
Аяжан