Смж 3 дәрежелі құжаты поәК поәК 042-18. 1



Дата17.07.2016
өлшемі175.73 Kb.
#205019


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042-18.1.111/02-2015

ПОӘК

Студентке арналған пән «Теориялық және қолданбалы механика»

бойынша бағдарламасы


Баспа №1 11.09.2015 ж.


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Теориялық және қолданбалы механика»

мамандық үшін 5В072600 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы


СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2015
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы « 02 » 09 2015 ж. Е. Абильмажинов, т.ғ.д., профессор м.а. кафедра «Машина жасау технологиясы және механика»
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Кафедра мәжілісінде «Машина жасау технологиясы және механика»
Хаттама № 1 «02» 09 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі Д. Жайлаубаев



2.2. Инженерлі-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды
Хаттама № 1 «05» 09 2015 ж.
Төрайым С. Толеубекова



3. БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1 «11» 09 2015 ж.
Төрайым Г. Искакова

4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН


Мазмұны




1

Жалпы ережелер ……………………………………………………..................................

4

2

Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі..................................

5

3

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар..............................................................

6

4

Пәннің форматы …………………………………….........................................................

7

5

Пәннің саясаты.................................................................................................

7

6

Баға қою саясаты ……………………….........................................................

8

7

Әдебиеттер......................................................................................................

9





1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәліметтер

Абильмажинов Ермек Толегенович, т.ғ.д., профессор м.а.

Кафедра «Машина жасау технологиясы және механика»

Байланыс ақпараты - оқу ғимараты №10, кабинет №7

Сабақ өткізу орны – сабақ кестесі бойынша

Пән бойынша кредит саны - 3
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:

Студенттерге білім беру, оларға болашақ арнаулы инженерлік пәндерді теңгеру үшін және өндіріс жағдайында инженер-технолог ретінде жұмысына қажет бейімділік пен шеберлікті меңгеруге көмектесу.

Теориялық және қолданбалы механика пәні өндіріс техникасы мен әр түрлі құрал жабдықтарды таңдау, жобалау, есептеу және пайдалану негіздері теориясын құрайтын жалпытехникалық пәндер жиынтығы болып табылады.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты

Механикалық құбылыстарды, жобалау мен құрылымдаудың жалпы жолдарын, машина жасау өндірісінің көп таралған бұйымдарын есептеу әдістері мен үлгісін тұрғызуды қарастыру. Кең бейінді болашақ инженерлерге тиімділіктің, дәлдіктің, сенімділік пен үнемділіктің қазіргі талаптарына жауап беретін, машиналарды, қондырғыларды, аспаптарды, автоматтық құрылғылар мен кешендерді жасау үшін қажетті механизмдердің сұлбаларын зерттеу мен жобалаудың жалпы әдістерін қамтамасыз ету. Автоматтандырылған есептеуді қолдану арқылы машиналардың тетіктері мен тораптарын есептеу.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері

Механизмдердің негізгі түрлерінің құрылысы, кинематикалық және динамикалық сипаттамалар, механизмдер қозғалысының қарапайым заңдары туралы білім беру. Бұйымдар құрылымын жасау мен жобалаудың негізгі қағидаларын үйрету, өндірістік жаңа немесе жетілдірілген жабдықтарын жасау және пайдалану тұрғысына қажетті қалыптасқан бұйымдарды есептеудін модельдері мен алгоритмдерін құру.
1.5 Оқытудың нәтижелері:

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы міндетті:

- машиналардың, жабдықтар мен аспаптардың құрамды бөліктері болып табылатын, механизмдер элементтерін зерттеу мен жобалаудың жалпы әдістері туралы және машиналардың тетеіктері мен тораптарын есептеу негіздері туралы түсінігі болу керек;

- механизмдердің негізгі түрлерін, оларды есептеу мен жобалау әдістерін білу керек;

- жеке механизмдердің жұмыс істеу принциптерін және олардың машинада өзара әрекеттесуін түсіну керек;

- есептік сұлбаларды таңдай білуі, құрылым элементтерін беріктікке, қаттылық пен тұрақтылыққа есептеу жүргізе білуі, механикалық берілістерді жобалай білуі керек;

- механизмдер мен машиналардың тетіктері мен тораптарын есептеу кезіндегі практикалық дағдыларды иелену керек.
1.6 Пән пререквизиттері:

1.6.1 Информатика;

1.6.2 Математика;

1.6.3 Физика;

1.6.4 Инженерлік графика.
1.7 Пән постреквизиттері

1.7.1 Процесстер ман аппараттар;

1.7.2 Жылу техникасы негіздері;

1.7.3 Саланың технологиялық жабдықтары.
2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ

Кесте 1

№ п/п

Тақырыптың аталуы

Сағаттар

Әдебиет

дәріс

практ

БОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

Кіріспе. Статиканың негізгі түсініктері және аксиомалары. Байланыстар және олардың реакциялары. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Жазықтықтағы қиылысушы күштер жүйесі.

2

1

1,5

4,5

7.1 1, бет. 22-41

2

Жазықтықтағы кез-келген бағыттағы күштер жүйесі. Кеңістікте еркін орналасқан күштер жүйесі.

2

1

1,5

4,5

7.1.1, бет. 56-69

3

Кинематикаға кіріспе. Нүкте кинематикасы. Қатты дене кинематикасы

2

1

1,5

4,5

7.1.2, бет. 64-85,


4

Динамика. Материалдық нүкте динамикасы. Динамика есептері. Күштің ұсақ жұмысы және белгілі жолдағы жұмысы. Қуат.

2

1

1,5

4,5

7.1.2, бет. 75-117

5

Материалдар кедергісінің есептері мен әдістері. Қима әдісі. Кернеу, ішкі күштер. Созылу және сығылу деформациясы.

2

1

1,5

4,5

7.1.4, бет. 46-62

6

Ығысу (кесілу). Бұралу. Таза ығысу. Кернеулер мен деформациялар. Гук заңы. Бұралу. Дөңгелек көлденен қималы білікті бұрау кезіндегі кернеулерді анықтау.

2

1

1,5

4,5

7.1.4, бет. 75-92

7

Иілу. Таза және көлденең жазық иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштік факторлар. Көлденең күштер ию моменттерінің эпюралары.Таза иілу кезіндегі деформация мен тік кернеу.

2

1

1,5

4,5

7.1.4, стр. 105-142

8

Машиналар мен механизмдер теориясының элементтері. Машина, механизм, буын. Кинематикалық жұптар мен тізбектер және олардың еркіндік дәрежесі.

2

1

1,5

4,5

7.1.3, бет. 141-168

9

Машина жасау бұйымдарын сенімді пайдаланудың және есептеудің, құрамалаудың жалпы қағидалары. Машина бөлшектерінің жіктелуі. Машина бөлшектеріне қойылатын талаптар. Машина жасау бұйымдарының құрылымын есептеу мен жобалаудың ерекшеліктері.

2

1

1,5

4,5

7.1.5, стр. 35-63; 7.1.6, стр. 3-23

10

Механикалық берілістер. Машиналардың механикалық берілісі, олардың тағайындалуы мен жіктелуі. Механикалық берілістердегі күштік және кинематикалық қатынастар. Машинажасау материалдары.

2

1

1,5

4,5

7.1.5, стр. 71-83; 7.1.6, стр. 34-41

11

Тісті берілістер. Жалпы мағлұматтар. Ілінісу теориясының элементтері. Берілістердің кинематикасы. Іліністегі күштер.

2

1

1,5

4,5

7.1.5, стр. 86-108; 7.1.6, стр. 42-87

12

Буынтықты берілістер. Құрылғысы және жіктелуі. Бұрамдықты берілістердің геометриясы бойынша қысқаша мәліметтер. Жұмысқа қабілеттілік критериилері және берілістерді есептеу.

2

1

1,5

4,5

7.1.5, стр. 110-125; 7.1.6, стр. 104-125

13

Редукторлар. Редукторлардың қолданылуы, құрылысы, жіктелуі және олардың сызбанұсқалары мен ерекшеліктері.

2

1

1,5

4,5

7.1.5, стр. 127-139; 7.1.6, стр. 126-130

14

Біліктер мен осьтер. Жалғастырғыштар.

2

1

1,5

4,5

7.1.5, стр. 143-155; 7.1.6, стр. 191-201

15

Біліктер мен өстердің тіректері. Домалау үштіректері.

2

1

1,5

4,5

7.1.5, стр. 160-178; 7.1.6, стр. 202-224



3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР
Курсты оқып-үйренуге кірісер алдында тақырыптың негізгі сұрақтарын айқындап шығуға ерекше көңіл бөлу керек.

Бұл мақсатқа пайдалануға осы оқу-әдістемелік кешен ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің міндеті – студенттердің оқулықтармен жұмыс істеуін жеңілдету болып табылады. Әрбір тақырыптың қысқаша дәрістер конспектісі студенттің өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтарымен аяқталады.

Пәнді игерудегі ең маңыздысы – оқулықты дұрыс таңдай білу. Бір мезгілде бірнеше кітапты пайдалануға болмайды. Ұсынылған әдебиеттер арасынан – біреуі, негізгі оқулық ретінде таңдалып алынуы ұсынылады. Қалған оқулықтар немесе әдістемелік нұсқаулар, егер қажетті материал негізгі оқулықта болмаған немесе жеткіліксіз қамтылған жағдайда пайдаланылады.

Пәнді арнайы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, көрсетілген ретпен тақырыптар бойынша оқып-үйренуді мақсат еткен жөн. Оқулықпен жұмыс істегенде міндетті түрде берілген материалды сараптап, қажетті сызбалар мен диаграммаларды өздігінен салып үйренуге бейімделу шарт. Осыдан кейін бақылау сұрақтарына жауап беру керек.
4 ПӘННІҢ ФОРМАТЫ
Аудиториялық сабақтар лекция және практика түрінде жүреді. Лекцияның басында оқытушы сабақтың тақырыбымен және де жоспарымен таныстырады қосымша студент өзі меңгеруге тиісті сұрақтарды береді. Әр лекция соңында студентпен ауызша диалог түрінде жұмыс жургізіледі.

Лекциялық сабақтарда күрделі сұрақтарға талдау жасалынады ал практикалық сабақтарда теориялық материалдардың шешімін шешуге арналады. БӨЖ сағаттарында лекциялық немесе практикалық сабақтарға дайындалу кезінде туындаған сұрақтар қарастырылады.

Аудиториялық БОӨЖ уақыты дәріс немесе практикалық сабақтарға әзірлену процесінде, сонымен бірге жеке үй жұмыстарын орындау кезінде туындайтын сұрақтарды қарастыруға арналады.

Емтихан бағасы студенттің сабақ бойынша үлгерім бағасымен, аралық бақылау бағасымен және соңғы аттестация бағаларымен қорытындыланады.

Пәнді оқып-үйренуге бөлінген оқыту уақытының үштен бір бөлігінде, білім алушылар әрбір аудиториялық сабаққа міндетті даярлық; үй тапсырмаларын орындау; пәннің кейбір теориялық сұрақтарын оқып-үйрену сияқты жеке жұмыс істеулері шарт.

Сонымен бірге, аптасына бір рет, кафедра бекіткен кесте бойынша әрбір білім алушымен жеке немесе топқа кеңес түрінде бір сағаттық БОӨЖ сағаты өткізіледі.
5 ПӘННІҢ САЯСАТЫ

Лекциялық және практикалық сабақтарға қатысу міндетті. Мен Сіздерден сабаққа кешікпеуді және сабақ уақытында әңгімелеспеуді сұраймын. Сабақ үстінде тәртіп бұзылса аудиториядан шығарылады. Сабақ үлгерімі, қосымша жұмыстарды атқаруымен және соңғы бақылау бойынша қойылады.

Белгілі себеп бойынша сабаққа келмеу, сізді пәнді міндетті әрі толық игеруден босатпайды. Сіз босатылған сабақтар бойынша, өз еркіңізбен меңгеру үшін, өтеу мерзімі белгіленген тапсырма аласыз.

Сіз оқу процесінде аудиториялық сабақтарға белсенді қатысып, үй жұмыстарын белгіленген мерзімінде уақытымен және тиянақты орындауға міндеттісіз. Жауапкершілікті әрі пунктуальды болу керек. Бұл сізге жоғары рейтингтік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.

Аудиториялық сабақ кезінде сіздердің ұялы телефондарыңыз өшіріліп тұруы керек.

Сіздер шыдамды, ашық әрі курстастарың мен оқытушыға мейірімді болуларыңыз керек.

6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген
«Жобалауда есептеуді оңтайландыру» пән бойынша баллдардың реттелуі

Кесте 2

Апта

Бақылау түрі

Жалпы балл

Ескерту

1

2

3

4




1-7 апта арасында барлық аудиториялық сабақтарға қатысу.

30




1










2










3

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

4

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

№1 Өзіндік жұмыс

50

БӨЖ

5

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

6

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

№2 Өзіндік жұмыс

50

БӨЖ

7

Межелік бақылау 1

90

Бақылау сұрақтары

1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300







8-15 апта арасында барлық аудиториялық сабақтарға қатысу.

30




8










9










10

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

11

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

№3 Өзіндік жұмыс

60

БӨЖ

12

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

13

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

14

Дәріс және практикалық сабақ бойынша ағымды бақылау

20

есеп тапсыру

№4 Өзіндік жұмыс

50

БӨЖ

15

Межелік бақылау 2

60

Бақылау сұрақтары

8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




Емтихан үшін жалпы балл

400




Академиялық кезен бойынша жалпы балл

1000





7. ӘДЕБИЕТТЕР


    1. Негізгі әдебиеттер:

7.1.1 М. Шыныбаев. Теориялық механика /оқулық/, Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994 ж. 276 бет.

7.1.2 Аманжол М. Нұғыман. Теориялық механика негіздері. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей, 2002. – 259 б.

7.1.3 Тәжібаев С.Д. Қолданбалы механика. – Алматы: Білім, 1994. – 336 б.

7.1.4 Рахымбекова З.М. Материалдар кедергісі. – Алматы: Мектеп, 1987. – 288 б.

7.1.5 Үркімбаев М. ж.б. Машина бөлшектері. – Алматы: Қайнар, 1992. – 168 б.

7.1.6 Темиртасов О.Т., Абильмажинов Е.Т., Мансуров С.М. Машина бөлшектерін есептеу және құрамалау негіздері. Семей, 2013 – 268 б.

7.1.7 Абильмажинов Е.Т. Машинатанудың теориялық негіздері: Оқу құралы – Семей, 2009. – 64 б.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Бутенин Н.В. и др. Курс теоретической механики в 2 т., 1998. - 736 с.

7.2.2 Прикладная механика: Учебник для вузов / Г.Б.Иосилевич, Г.Б. Строганов, Г.С. Маслов. – М.: Высшая школа, 1989. – 351 с.

7.2.3 Александров А.В., Потапов В.Д., Державин Б.П. Сопротивление материалов / Учебник для вузов, – М.: Высшая школа, 1995. – 560 с.

7.2.4 Темиртасов О.Т., Абильмажинов Е.Т. Основы конструирования и расчета деталей машин: Учебник для студентов, обучающихся по кредитной технологии. – Семей, 2008. – 258 с.

7.2.5 Абильмажинов Е.Т., Турусбеков С.К. Механика. Учебное пособие. – Семей, 2011. – 128 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет