Soft skills дағдылары қалыптасқан адам



Дата26.09.2022
өлшемі14.09 Kb.
#461360
Менің нағашым


Менің нағашым. Үлкен үйдің кенжесі. Ақкөңіл. Ішінара көңіл-күйін домбыраның сазымен, қос ішекті шертіп отырып жеткізетін өнерлі азамат. Асқан домбырашы болмаса да, жиендерінің ұлттық аспапқа қызығып домбыраны қолға алуымызға себепкер болған жан.
Менің нағашым. Ешнәрсеге мойымайды, аса табанды. Тапқыр. Өмір сүруге қазіргі тілмен айтқанда, Soft skills дағдылары қалыптасқан адам.
Менің нағашым. Ел арасында Жетүй деп аталып кеткен Қарашілік ауылының қарапайым ғана тұрғыны. Бізді нағашымызбен кішкентай сәби кезімізден бастап ес білгенге дейін қаншама қызықты да шытырман күндер байланыстырады. Әрине, әр қазақтың нағашысын жақсы көреді емес пе? Жиен мен нағашы арасындағы қарым-қатынас туысқан деген қарапайымдау естілетін ұғымнан да тереңіректе сабақтасып жатқан сыңайлы...
Міне, жиендері ерекше жақсы көретін, ел ішіндегі ағаларға жақын іні, қайырымды аға бола білген нағашымыз бір-ақ кеште, ақпанның ақтүтек боранында жылқыдан үйіне оралмай, жүрегімізді зырқ еткізген хабарға себепші болды. Осы ақпарат алыс-жақын аймақтардың барлығына бір мезетте тарады. Ауылымыздың жігіттері бір кісідей қаз қатар тізіліп, ұйытқыған дүлей боранға қарамай маңайдың барлығын сүзіп шықты. Бір де бір із жоқ, із дейміз-ау, белгі жоқ. Ауданнан төтенше жағдай органдарының құтқарушылары жеткенде, елдің үлкен-кішісі жиналып теріскейдің бет қаратпас боранымен арпалысып, алыс-жақын аймақты аралап із кесіп еді. Үйдегі кәрі анасы, бауыр еті бауырлары қабырғалары қайысып, інілерін жамандыққа қимай, шыбын жандарын шүберекке түйіп сүйінші хабарды үзіле күтіп отырғанын беттеріне мұз қатқан, кірпіктері ғана қимылдауға келсе де, таңды ұйқысыз атырған іздеушілер білетін. Әрқайсысының көкейінде «Ерлан бауырымыз тірі болса екен, аман табылса екен» деген бір ғана тілек болғанын баршамызға аян. Үйде отырып, көңілдері құлазыған ауылдастардың да дұғасы, нағашымыздың аман-есен қатарымызға қосылуы еді.
Бір күн, бір түн не ұйқы, не күлкі көрмей аттан түспеген азаматтар түс ауа ғана сүйінші хабарды елге жеткізді. Жүрегіміз жарылардай қуанған сәтіміз, дәл қазіргідей көз алдымызда. Қазіргі кезде адами құндылықтар әлсіреп, бауырмалдық пен туыстық қатынастың нәзік жібі үзілуге шақ қалған кезеңнің өзінде де Қарашілік, Қулыкөл, Талшық ауылының атқамінерлері мен ел тізгінін ұстаған ел ағалары ұйымшылдық танытып, бір адамдай ????? алғысымызды білдіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет