СӨЖ-2 ҚАРЖЫ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік қаржының құрамадс бөліктері
Талдамалық жұмыс
1-тапсырма
Қазақстан Республикасының ішкі борыштары
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 201 бабына сәйкес:Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған,алынған және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы мемлекеттiк борыш болып табылады.Мемлекеттiк борыш iшкi және сыртқы мемлекеттiк борыштар деп бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк iшкi борыш болып табылады.
Үкіметтік қарыз алу 2023 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 28 542,3 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге 24,1% құрады.Бұл көрсеткішке сәйкес мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 86,3% құрайтын үкіметтік борыш 24 623,7 млрд.теңгені құраған болатын.
Үкіметтік борыштың құрамында ішкі борышы – 17 045,6 млрд теңгені құраса,дисконтталған құны бойынша ҚР Ұлттық Банкінің ішкі борышы 2 842,3 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 10,0% құрады.Жергілікті атқарушы органдардың борыштық міндеттемелер портфелі шамамен 1 076,3 млрд. теңге немесе жалпы мемлекеттік борыш көлемінің 3,8% болып есептелінді.
Үкіметтік борыш бірнеше түрде қалыптасқан:
Өтеу мерзімі бойынша:қысқа мерзімді – 632,2 млрд. теңге,орташа мерзімді – 3 183,2 млрд. теңге,ұзақ мерзімді – 20 808,3 млрд. теңге;
I
|
Мемлекеттік
|
борыш
|
28 542 294 552
|
62 850 493
|
1
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы
|
|
24 623 747 176
|
54 221 803
|
1.1.
|
ішкі:
|
|
17 045 621 512
|
37 534 674
|
|
1.1.1.
|
TONIA мөлшерлемесіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері
|
938 861 222
|
2 067 384
|
|
1.1.2.
|
Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері
|
632 224 082
|
1 392 165
|
|
1.1.3.
|
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері
|
1 826 720 776
|
4 022 462
|
|
1.1.4.
|
Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері
|
814 743 666
|
1 794 076
|
|
1.1.5.
|
Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері
|
12 830 813 058
|
28 253 613
|
|
1.1.6.
|
Өзге міндеттемелер
|
2 258 709
|
4 974
| Пайыздық мөлшерлемесі бойынша:белгіленген – 82%,инфляция индексіне индекстелген - 3%,өзгермелі - 15%-ті құрайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі борыштарын қазынашылық міндеттемелер құрайды.Егер сыртқы борыштармен салыстырмалы түрде қорытар болсақ,ішкі борыштардың көлемі және ақша деңгейі азырақ болып табылады.Әрі бұл борыштар мемлекет ішіне ғана қажетті ақшалар қатынастарының жиынтығынан тұрады.
2-тапсырма
Қазақстан Республикасының сыртқы борышы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент еместерi алдындағы мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк сыртқы борыш болып табылады.
Үкіметтік қарыз алу 2023 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде жүзеге асырылды.
Сыртқы қарыздардың түсімдері 206,0 млрд. теңгені құрады. мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үлесі 86,3% құрайтын үкіметтік борыш 24 623,7 млрд.теңге құрады,
Үкіметтік борыштың құрамында сыртқы борышы – 7 578,1 млрд. теңге (30,8%) болып есептелінді.
Достарыңызбен бөлісу: |