Өлшем нәтижелері мен олардың кездейсоқ қателері кездейсоқ шамалар болатындықтан олардың таралулары әртүрлі заңға бағынады.
Өлшем нәтижелері мен олардың кездейсоқ қателері кездейсоқ шамалар болатындықтан олардың таралулары әртүрлі заңға бағынады.
Кездейсоқ шамалардың таралуының мынадай түрлері бар:біркелкі таралу, қалыпты таралу, Стьюденттің t - таралуы. Пуассон таралуы, Фишердің F--таралуы, Пирсонның x2 - таралуы (хи-квадрат таралу) т.б.
ТАРАЛУ ЗАҢЫ
Берілген температурада 3-ші компоненттің тепе-теңдіктегі екі сұйық фазалардағы концентрацияларының қатынасына тұрақты шама болып табылады.
K=С1,А/С2,В = С3,А/С4,В =
С5,А/С6,В = const
К – таралу коэффиценті,ол температураға,заттар табиғатына,ерітіндінің иондық күшіне тәуелді.Бірақ таралатын зат концентрациясына тәуелсіз.
Таралудың практикада жиі қолданылатын түрі Гаусстың қалыпты таралуы. Қалыпты таралу басқа таралуларға қарағанда теориялық жағынан кеңінен зерттелінген. Кездейсоқ шамалардың қалыпты таралуы Гаусстың қалыпты таралу заңына бағынады. Гаусс заңы әртүрлі заңмен таралатын шамалар үшін ең шекті заң болып табылады, басқа сөзбен айтқанда, әр түрлі таралатын кездейсоқ шамалардың таралуы ең ақырғы шегінде Гаусс заңына бағынады (Ляпунов теоремасы).
Статистикалық зерттеулерде, сондай-ақ, химиялық эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеуде кездейсоқ шаманың таралуы қалыпты таралу болғанымен оның сүрыптама жиынтығы бас жиынтығы көрсете алмайтыны, яғни сұрыптама көлемі (n) аз болатыны жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бас параметрлерді дәл анықтауға болмайтындықтан, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу үшін сұрыптамалық параметрлерді қолдану қажет болады.