Реферат
Тақырып: Сөйлеудің дыбыстық мәдениетті ұғымы
Балалар сөйлеуінің дыбыстық бұзылыстары,олардың себептері
Орындаған : Сердалина С.З
Сөйлеудің дыбыстық мәдениетті ұғымы
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл – қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым – қатынасқа түседі.Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, ана тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана – сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуы – ның маңызы зор болды.Ф.Энгельс «маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің шешуші ролінкөрсете келіп, сөз коллективтік еңбек процесінде қа – лыптасып келе жатқан адамдардың бір – біріне бірдеңе айтқысы келу мұқта- жынан» пайда болғандығын айтты.Тілдің пайда болуы мидың даму организмінің анатомиялық өзгерістерге түсуіне де қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде адамдарда дыбыс артикуляциясында қабілеті бар сөйлеу аппараты пайда болды.Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән – мағынасы бар сөздерді айта алатын қа – білетке ие болды.
Дыбысты тіл еңбекпен бірге адам санасы дамуының негізгі бір факторы болып табылады.Сондай – ақ тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.Ал, кісінің санасы сыртқы ортаның ықпалымен, оқу – тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады.Бұл екеуінің дамуы бірімен – бірі шарттас.Тіл қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқаруы,тілдің негізгі функциясы. Тіл сондай – ақ адам баласының қандай екендігінің психологиясының көрсеткіші де.Тіл адамды қимыл — әрекетке де итермелейді.Онда белгілі мән – мағына болады.Бұл оның атқаратын экспрессивтік сигналдық қызметі деп атайды.Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады.Олар үнемі қосақтаса, бірі екіншісін демеп, толықтырып отырады.Мысалы: «Мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірле – седі, өзінің күнбе – күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді,біртіндеп оның сөздік қоры молайып отырады.Бала алғашқы кезде көптеген дыбыстарды, жекелеген сөздерді үлкенденден еліктеу арқылы үйренеді.Ол өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын алдымен стихиялық түрде мектепке барған соң саналылық – пен үйрене бастайды.Бала есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғара- ды.
Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.Сөйлеу – бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тіл- дә өзінше пайдалануы.Бір тілдің өзіне сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып – білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді.Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс тәжірибесінде байытып қана қоймай, со- нымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір – бірімен тығыз байланысты.Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды.Жеке сөздерді қабылдау, оны ұғынуды қажет етеді.Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бір – бірінсіз іске аспайды.Ал интонацияны қабылдау, артикуляциялық аппа- ратпен де адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады.
Мысалы: бұйрық адам интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонация- сына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.Бұларсыз сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екінші оның мәнерлілігі.Сөй – лейтін сөзде мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.Сөздің мағына- лылығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлілігі деп – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді.Мәнерлі сөйлей ала – тын адамның дауыс интонациясымен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс), қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап, таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ым – ишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.Сөйлеудің оыс жақтары кімге болса да аса қажетті сипат.Мұның, әсіресе, мұғалімдер үшін маңызы зор.Көрнекті педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде «балалар сөздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» деген.Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай,ауыз қуысының бұлшық еттері т.б) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, әріп түрле- рін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан, екіншіден, сезім сигналдарының бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді.Физиологиялық тұр – ғыдан сөздің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүние – ден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сиг – налдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер – екінші сигналдар, яғни сиг – налдардың сигналы болып табылады.Олар сондықтан дерексіздену болады да жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы, бізге ғана тән ең жоғарғы ойлауды құрайды.
Адамдардың ми жарты шарларының сол жақ бөлігінде Брока жүйке саласы бар.Ол – кісінің дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын орталық.Сөзді қа- былдау көптеген талдағыштардың (көру, есту, қозғалыс т.б) бірлескен қыз – метін қажет етеді.Басқа біреудің сөзін есту мидың сол жарты шарындағы самай бөліктің арт жағында орналасқан.Верникс жүйке саласының қызметіне байланысты.Сөзді қабылдауда, оның мәнісін түсінуде мидың есту, көру, сипап – сезу, қозғалыс зоналарының, төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше.
Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан – ақ жақсы білуге болады.Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды.Мұндай құ – былысты афазия деп атайды.Мұның екі түрі болады.Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанымен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады.Афазияның енді бңр түрінде адам өзі сөйлей алғанмен басқа біреудің айтқанына түсінбейді.Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады.Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісінуі т.б. – афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.Мұның емін дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде әр қилы көрінеді.Жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде болады.Мысалы, ол «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол затқа ұқсас ды- быстардың қалай айтылуын дұрыс айыра алмайды.Бұл жағдай баланың ми қабығындағы талдау мен жинақтау әрекеті әлі де жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, оны түсіну мардымсыз екендігін көрсетеді.Сөз – дерді жалпылай алу, адам ойлауы мен сөйлеуінің басты ерекшелігі.Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |