101
7. Берікте әрбір қорапта 25 дискіден 75 дискі бар. Берікте қанша қорап дискі
бар?
8.
а кг ұнды әрбіреуіне
б кг-дық қапқа өлшеді. Қанша қап болды?
9. Жазғы лагерьге 306 адам келді. Оларды бірдей 3 корпусқа орналастырды.
Әр корпуста қанша бала бар?
10. Бес қорапта 500 дискі. Осындай 7 қорапта қанша дискі бар?
11. 100 теңгеге 4 бірдей дәптер сатып алды. 500
теңгеге осындай
дәптерлердің қаншасын сатып алуға болады?
12. Бір тәулікте - 24 сағат. 10 (12, 30) тәулікте қанша сағат болады?
13. 5 пакет сүтке 600 теңге төледі. Осындай 7 пакетке қанша ақша төлеу
керек?
14. Жаңа жылға деп бір қорапқа 20 сыйлықтан орады. 1000
сыйлықты
орауға қанша қорап қажет болады?
15. 100 литр сүтті 4 тобатайға құюға болады. 1000 литр сүтке қанша тобатай
қажет болады?
;
.
16. Фабрикада күніне 16 компьютерлік және 24 мектеп орындығын
дайындайды. 30 жұмыс күнінде барлығы қанша орындық дайындайды?
17. Төрт бөшкеде 800 литр су бар. Осындай бес бөшкеде қанша литр су бар?
18. 6 метр матадан 3 жастыққап шығады. 180
метр матадан қанша
жастыққап тігуге болады?
19. Бір балмұздақ 60 теңге тұрады. 360 теңгеге қанша балмұздақ сатып алуға
болады?
20. 900 теңгеге 30 шоколад батончигін сатып алды. Бір шоколад батончигі
қанша тұрады?
21. Нан зауытында 450 буда тоқаппы 9 қорапқа теңдей орналастырды. 250
(800, 750) буда тоқашты орналастыруға осындай қанша қорап қажет
болады?
102
22. Окушылар 2 т 7 ц 84 кг қызанақ жинады.
Осы қызанақтың төртінші
бөлігін әрбіреуіне 24 кг себеттерге салды. Қызанақгарды жинауға барлығы
қанша себет қажет болды? (58, 87, 29, 870 себет)
23. ! Әжемнің қояндары мен тауықтары бар. Оларда барлығы 240 аяқ және
100 бас болды. Әжемде қанша қоян және қанша тауық бар?
24. © Күбішеде 210 бақа көңіл көтеріп жатты. Бақаның үшінші бөлігін
Мәдияр торлы дорбамен ұстап алып, өзенге жіберді. Ал қалған бақаларда
ол басқа торлы дорбаға салды. Әр торлы дорбада қанша бақадан болды?
25. © Бақыт арықтау үшін еденге күрішті шашып тастады. Әрбір күрішке
ол еңкейді, қолына алды, түрегеліп, сіріңке қорабына салды. Бір күріш дәнін
көтеруге ол 10 секунд жүмсады. Егер үзіліссіз
және шаршамай жұмыс
істейтін болса, 3600 күріш дәнін Бақыт қанша уақытта көтеретінін есепте.
26. Жер жүзінде 21000 балықтар түрі, 7000- ға жуық бауырмен
жорғалаушылар түрі белгілі. Балықтар түрі
бауырмен жорғалаушылар
түрінен неше есе көп?
27. Жерден Күнге дейінгі арақашықтық 150 млн км. Жер диаметрі 12 756
км-ге тең. Күнге дейінгі арақашықтық Жер диаметрінен неше есе артық?
28. Балапандарын асырау үшін қараторғай оларға күніне 180 рет жем
әкеледі, ал қарлығаш - 2 есе жиі. Қарлығашқа балапандарын тамақтандыру
үшін үясына аптасына неше рет келу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: