Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!


Бір-бірінің соңынан бір бағытта қозғалысқа арналған есептер



Pdf көрінісі
бет51/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Бір-бірінің соңынан бір бағытта қозғалысқа арналған есептер 
1. Саяхатшылардьң бірінші тобы ауылға дейін 5 км/сағ жылдамдықпен жаяу 
кетті. Ал 2 сағаттан кейін сол бағытта саяхатшылардың екінші тобы 15 
км/сағ жылдамдықта велосипедпен кетті. Қанша уақыттан кейін 
велосипедшілер жаяу саяхатшыларды қуып жетеді? 
2. Саяхатшылардың бірінші тобы ауылға дейін 5 км/сағ жылдамдыкпен 
жаяу кетті. Ал 2 сағаттан кейін сол бағытта 15 км/сағ жылдамдықта 
саяхатшылардың екінші тобы велосипедпен кетті. Жаяу жүргіншілермен 
белгіленген 60 км жолды өтіп шығуға велосипедшілерге қанша уақыт кажет 
болады? 
3. Саяхатшылардың бірінші тобы ауылға дейін 5 км/сағ жылдамдыкпен 
жаяу кетті. Ал 2 сағаттан кейін сол бағытта саяхатшылардың екінші тобы 
15 км/сағ жылдамдықта велосипедпен кетті. Ауылға дейінгі аралық 60 км. 
Жаяу жүргіншілерге қарағанда велосипедшілер барлық жолға қанша уақыт 
аз жұмсайды? 
4. Саяхатшылардың бірінші тобы 5 км/сағ жылдамдықпен ауылға дейін 
жаяу жолға шықты. Ал екі сағаттан кейін жолға сол бағытта 15 км/сағ 
жылдамдыкпен велосипедпен саяхатшылардың екінші тобы шықты. 
Ауылға дейінгі арақашықтық 60 км-ге тең. Ауылға велосипедшілер 
келгеннен кейін, неше сағаттан соң жаяу саяхатшылар келеді? 
5. А пунктінен В пунктіне қарай 4 км/сағ жылдамдықпен жолаушы шықты, 
ал бір сағаттан соң А пунктінен сол бағытта екінші жолаушы шықты. А 


160 
пунктінен 12 км қашықтықта екінші жолаушы біріншіні қуып жетті. Екінші 
жолаушы қандай жылдамдықпен жүрді? 
6. Екі мотоциклші бір бағытта, бір уақытта, бір-бірінен 30 км қашықтықта 
тұрып, жолға шықты. Біріншісі 50 км/сағ, екіншісі 65 км/сағ жылдамдықпен 
жүрді. Екінші мотоциклші қанша уақыттан кейін біріншіні қуып жетеді? 
 
7. Кері есеп. Екі мотоциклші бір бағытта, бір уақытта, бір-бірінен 30 км 
қашықтықта тұрып, жолға шықты. Екі сағаттан соң екінші мотоциклші 65 
км/сағ жылдамдықпен жүріп отырып, біріншісін қуып жетті. Бірінші 
мотоциклшінің жылдамдығы қандай? 
8. Саяхатшы автокөлікпен жылдамдығы 46 км/сағ 32 сағат жүрді, ал 
жолдың қалған бөлігін пойызбен 56 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Ол 
барлығы 2424 км жол жүрді. Саяхатшы жолда қанша уақыт болды? 
(17,952,49, 23 сағат) 
9. ! Жарыста Назерке, Айнұр және Әсем 10 минут интервалмен бірінің 
артынан бірі жүгірді, Назерке бірінші емес, Айнұр бірінші де, үшінші де 
емес болып жүгірді. Жарыста кім кімнін артынан жүгірді? 
10. © Тышқан мысықтың шұжығын алып ініне карай 3 м/с жылдамдыкпен 
жүгіре жөнелді. Мысық 10 секундтан сон оянып, тышқанның соңынан 12 
м/с жылдамдыклен куа жөнелді. Егер тышқанның ініне дейінгі кашықтық 
60 метр болса, мысық тышқанды ұстал, шұжығын алуга үлгере ме? Неге? 
Егер мысық тышқанды қуып жететін болса, есептегі сандарды мысық 
тышқанды қуып жетпейтіндей етіп өзгерт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет