Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет53/58
Дата10.10.2023
өлшемі1.41 Mb.
#480274
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
 
 
Ағыс бойымен немесе ағысқа қарсы қозғалыс туралы есептер 
 
Бұл түрдегі тапсырмаларды орындау барысында ағыс бойымен қозгалыс 
жылдамдыгы агысқа қарсы қозгалысжылдамдығынан екі еселенген ағыс 
жылдамдығынан артық болатынын ескеру қажет. 
V
ағ. б
. - V
ағ
.
қ
. = 2 V
ағ

 
Бұл ағыс бойымен және ағысқа қарсы қозғалыс туралы тапсырмалардың 
ерекшелігі болып табылады. 
1. Қайық ағыспен 3 сағатта 24 км жүріп өтті. Ағыс жылдамдығы 2 км/сағ 
тең. Қайықтың жылдамдығы қандай? 
2. Қайық 3 сағат ішінде ағыс бойымен айлақтар арасын 6 км/сағ 
жылдамдықпен жүріл өтті. Ағыс жылдамдығы 2 км/сағ тең. Айлақтар 
арасындағы қашықтық неге тең? 
3. Қайық ағыспен 3 сағатта 27 км жүріл өтті. Ағыс жылдамдығы 3 км/сағ 
тең. Қайыктың жылдамдығы кандай? 
4. Қайық ағыспен 2 сағатта 5 км/сағ жылдамдыкпен екі ауыл арасында 
біршама қашыктықты жүрді. Ағыс жылдамдығы 4 км/сағ тең. Ауылдар 
арасындағы қашықтық неге тең? 


163 
5. Қайық 3 сағатта ағысқа қарсы 24 км жүріп өтгі. Ағыс жылдамдығы 2 км/сағ тең. 
Қайықтың жылдамдығы қандай? 
6. Қайық ағысқа қарсы, айлақтар арасын 3 са- ғатта 6 км/сағ жылдамдықпен 
жүріп өтті. Ағыс жылдамдығы 2 км/сағ тең. Айлақгар арасындағы қашықтық неге 
тең? 
7. Қайық 3 сағатта ағысқа қарсы 27 км жүріп өтті. Ағыс жылдамдығы 3 км/сағ 
тең. Қайықгың жылдамдығы қандай? 
8. Қайық ағысқа қарсы 4 сағат ішінде екі ауыл арасындағы біршама 
қашықтықты 4 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтгі. Ағыс жылдамдығы 1 
км/сағ тең. Ауылдардың арасындағы қашықтық неге тең? 
9. Катер мен сал бір мезгілде А айлағынан ағысқа төмен қарай жүзіп шықты. 
Ағынсыз судағы катердің жылдамдығы 15 км/сағ тең, ал ағыс жылдамдығы 
2 км/сағ болса, 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы қанша болады? 
10. Қайық А айлағынан ағысқа төмен қарай 7 км/сағ жылдамдықпен 
(жағалауға қатысты) жүзіп келеді. Ол 21 км жүріп өткен соң, екі жақ жолға 
10 сағат жұмсап, артқа қайтады. Ағыстың жылдамдығы қандай? 
11. Шағын ауылдан үлкен ауылға дейінп арақашықтық 2500 м, ал үлкен 
ауылдан қалаға дейін 2900 м. Егер ағыс жылдамдығы 4 м/мин тең болса, 
катер 50 м/мин жылдамдықпен ауылдан қалаға қанша уақытта жетеді? 
12. Катер өзен ағысымен 50 м/мин жылдамдықпен қозғалып, 30 минут 
ішінде шағын ауылдан үлкен ауылға және үлкен ауылдан қалаға дейінгі 
арақашықтықты жүріп өтті. Өзен ағысының жылдамдығы 3 м/мин тең. Ол 
қанша арақашықтықты жүріп өтті? 
13. Егер өтетін жолы 140 км тең, жылдамдығы 30 км/сағ, ал өзен ағысының 
жылдамдығы 5 км/сағ тең болса, моторлы қайық өзен ағысы бойымен жолда 
неше сағат болады? 
14. Егер өтетін жолы 125 км тең, жылдамдығы 
І 
30 км/сағ, ал өзен ағысының 
жылдамдығы 5 км/сағ тең болса, моторлы қайық өзен ағысына қарсы жолда 
қанша сағат болады? 
15. Егер өзен ағысының жылдамдыгы 6 км/сағ, қайықтың жылдамдығы 25 
км/сағ, ал қозғалу уақыты 3 сағ болса, моторлы қайық өзен ағысымен қанша 
жол жүріп өтеді? 


164 
16. Егер өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ тең, қайықтың жылдамдығы 
24 км/сағ, ал қозғалу уақыты 3 сағ болса, моторлы қайық өзен ағысына 
қарсы қанша жолды жүріп өтеді? 
17. Егер өтетін жолы 150 км тең, жылдамдығы 25 км/сағ, ал өзен ағысының 
жылдамдығы 5 км/сағ тең болса, моторлы қайық өзен ағысы бойымен жолда 
неше сағат болады? (2,3,4,5 сағат) 
18. Катер өзен ағысымен 30 минут ішінде 45 м/мин жылдамдықпен шағын 
ауылдан үлкен ауылға және үлкен ауылдан қалаға дейінгі арақашықтықты 
жүріп өтгі. Өзен ағысының жылдамдығы 3 м/мин тең. Егер де үлкен 
ауылдан қалаға дейінгі қашықтық белгілі болып, шағын ауылдан үлкен 
ауылға дейінгі қашықтық 3 есе қысқа болса, шағын ауылдан үлкен ауылға 
және үлкен ауылдан калаға дейінгі арақашықтық неге тең? 
19. © А айлағынан ағыспен төмен қарай бір мезгілде катердегі Берік және 
салдағы алғашқы қауым адамы жүзіп шықты. Егер де ағынсыз судағы 
катердің жылдамдығы 12 км/сағ тең болып, ал ағыс жылдамдығы 3 км/сағ 
болса, Берік 3 сағат ішінде таяғы бар алғашқы қауым адамынан қанша 
қашықтыққа «қашып» кетеді? 
20. © Берік түс көреді: түсінде оны айдаһар қуып жүр екен. Берік биік 
жардан өзенге секіріп түсіп, ағысқа қарсы 50 м/мин жүзеді! Өзен ағысының 
жылдамдығы 5 м/мин. Берік 3 минуттың ішінде, оны қанатты айдаһар су 
бетіне көтергенше, қанша қашықтықты жүзіп өтіп үлгереді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет