Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің маңызы мен міндеттері
Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің міндеттері:
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Үн ренкін жетілдіру.
Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру.
Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
Сөз мәнерлілігін меңгерту.
Дұрыс тыныс алуға үйрету.
1) сөйлеу аппаратын жаттықтыру.
2) таныстырылатын дыбыстардың айтылуын үйрету.
3) сол дыбыстарды буында, жеке сөзде және сөз тіркестерінде айтқызу.
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру. Ол үшін тәрбиеші баланың сөйлеу аппаратының қызметін мұқият бақылап, қандай дыбыстарды айтқанда қате жіберетіндігін тексеруі тиіс.
Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету 3 кезеңнен тұрады: Үн ренкін жетілдіру. Бұл міндетті жүзеге асыруда алдымен тәрбиешінің сөзі анық, айқын, түсінікті болуы қажет. Бала тілінің үн ренкін жетілдіруде жаңылтпаштар айтқызудың мәні үлкен. Зерттеушілердің пікірінше бала сөзінің анық болуы еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына байланысты болады. Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру. 2,5-3 айға дейін сәбилер ересектердің сөзіне , ойыншықтардың сылдырына елеңдей бастайды. Үш айдан алты айға дейін сәбидің дыбысты айыруы және оған көңіл қоя тыңдауы жетіле түседі. Таныс дауыс оның бірден назарына аударатын болады. Кішкентайлар тобында балалардың есту қабілетін жетілдіру үшін «Кімнің дауысы», «Қайдан естілді?», «Мен не айттым?» т.б. дидактикалық ойындар арқылы жұмыс жүргізуге болады. Топ жоғарылаған сайын жұмыста күрделене түседі. «Кім көп естиді» деген ойын арқылы естіген дыбысын қайталату, дауыс қарқыны, дауыс күшінің қандай дәрежеде екендігін ажыратуға болады.
Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
Бұл міндет бойынша жеке дыбысты айтып үйренген балалар сол дыбыстарды сөз ішінде қатесіз айтуға дағдыланады. Бұл міндетті жүзеге асыруда да дидактикалық ойындар кеңінен пайдаланылады. Сөз мәнерлілігін меңгерту.
Бұл міндет бойынша сөз сазына, екпін, кідіріс, дауыс күші, сөйлеу нақышы, сөйлеу әуені т.б. мәнерлеп сөйлеудің амал-тәсілдеріне көңіл бөлуі қажет. Әрбір оқылған шығармада осы мәнерлеп сөйлеудің тәсілдері пайдаланылуы тиіс. Дұрыс тыныс алуға үйрету.
Сөйлер алдында ауаны ішке жұтып содан соң сыртқа шығару арқылы сөйлеу керектігін балаларға түсіндіру қажет
Достарыңызбен бөлісу: |