Қазақстанда ресми түрде кинобилеттерді онлайн-сату жүйесі іске қосылды, ол бірнеше киножелілерде бірдей қосылған еліміздегі бірде-бір жүйе болып келеді. «Тикетон» жобасының авторлары журналистер мен блоггерлерді жүйе жұмысының басталуына арналған баспасөз конференциясына шақырды.
Спикерлер арасында қатысқандар:
-
Алексей Ли, «Тикетон» жүйесін құрушылардың бірі
-
Сабина Күзенбаева, Cinema Hotel Corporation (Chaplin киножелісі) директоры
-
Максим Петров, «Иллюзион» киножелісінің директоры
-
Людмила Поддубнова, Kino.kz порталының өкілі
-
Азамат Асылбеков, QIWI сервистерін дамыту департаментінің директоры (ОСМП - Қазақстан)
-
Андрей Мануйлов, Sony, Disney кинопрокатын ілгері жылжыту жөніндегі маман
-
Әлішер Елікбаев, «МЕГА» сауда ойын-сауық орталықтары желісінің PR-департаментінің жетекшісі
2012 жылдың 26 сәуірінде Қазақстанда «Тикетон» жүйесі арқылы кинобилетті бірінші рет онлайн-сатып алу жүзеге асырылды, іске қосу сәтінде жүйеге алматылық Chaplin және Иллюзион киножелісі қосылған еді. «Иллюзион» және «Chaplin» киножелісінің өкілдері «Тикетонды» стратегиялық қолайлы серіктес ретінде таңдағандары және де онлайн-сатулар заманауи кинотеатр үшін сөзсіз қажетті құрал деп есептейтіндері туралы айтып берді. «Тикетон» авторларының үлкен жоспарлары бар, кинотеатрлар үшін ықпалдасу жеңілдігінің арқасында, олар қазіргі уақытта 72 кинотеатр бар Қазақстанстанның бүкіл аумағына тез арада таралуды көздейді. «Біздің заманда ең үлкен құндылық бұл – уақыт, ал «Тикетон» ол босқа кетпейтініне кепілдік береді. Билеттерді онлайн сатып ала отырып, достарыңыз немесе туыстарыңызбен жоспарлаған киноға бару міндетті түрде жүзеге асатынына сенімді бола аласыз. Дәстүрлі нұсқада кассаға келген кезде сүйікті орындарға билет таңдау мүмкіндігі үнемі бол бермейді, не болмаса билеттер мүлдем болмай қалады», - деп әңгімелейді стартап иелерінің бірі Алексей Ли, - «Осындай жүйенің қажеттілігі туралы қазақстандықтар 2000 жылдан бастап Интернетте айтып келген. Біздің алғаш рет оны іске асыру әрекетіміз 2008 жылы болды. Міне, 2012 жылы ол іске асты».
Стартап еліміздің ең танымал Kino.kz киносайтын да бірден қызықтырды. Баспасөз конференциясы барысында Людмила Поддубнова Kino.kz сайты туралы, жобаны неліктен қолдағандары және даму жөніндегі бірлескен жоспарларының қандай екендігі туралы айтып берді.
Сонымен қатар кинобилеттерді онлайн сату Jam.kz сауық порталында, кинотеатрлардың сайттарында жүзеге асырылады, және жуық арада Kino.kz және Jam.kz порталдарының мобильді қосымшаларында іске қосылады.
Онлайн режимдегі сервис кинотеатрлардың билет кассаларымен синхрондалып, фильмді, кинотеатр, уақыт және кинозалдағы орынды таңдауға мүмкіндік береді. Банк картасы немесе төлем терминалдары арқылы ақысы төленген соң, сатып алушы көрсеткен ұялы телефонға және электрондық поштаға төленген билеттерді алу үшін кассирге көрсетуге қажетті бірегей коды бар хабарлама келеді. Жүйені құрушылар электронды билетпен кассаға соқпай-ақ, турасынан кинозалға кіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сонымен бірге, стартап авторлары жуырда балалар мен студенттік билеттерді сату және билеттерді кез келген QIWI төлем терминалында сатып алу мүмкіндігі іске қосылады деп сөз берді.
Азамат Асылбеков QIWI-дің ұсынылатын сервистер мен қызметтер жиынтығын кеңейту жөніндегі саясаты туралы бірқатар фактілерді баяндады және осындай жүйенің қажеттілігін атап өтті. «Біз Тикетонмен ықпалдасу тарапында жұмыс істеп жатырмыз, қызметтің төлем терминалында қосылуының болжалды мерзімі – осы жылдың шілдесі-тамызы»-деді ол.
«Тикетон» - Қазақстан үшін маңызды жоба, өйткені еліміздің тағы бір саласы – сауық индустриясы – жалпы тенденцияға бет алып, интернет-коммерцияға шықты. Демалысты алдын ала жоспарлау мүмкіндігі – қазақстандықтар үшін сервистің жаңа деңгейі және бизнес жүргізудің жаңа құралы.
Sony, Disney кинопрокатын ілгері жылжыту жөніндегі маман Андрей Мануйлов және «МЕГА» сауда ойын-сауық орталықтары желісінің PR-департаментінің жетекшісі Әлішер Елікбаев шақырылған қонақтарға кәсіби және көрермен көзқарасы тұрғысынан осындай жүйелердің артықшылықтары туралы айтып, жобаға және оны біздің нарығымызда ілгері жылжытуға қатысты пікірлерімен бөлісті.
Соңында Алексей Ли online режимде билетті сатып алу қалай жүзеге асатынын көрсетті, қонақтардың сауалдарына жауап беріп, болашаққа жоспарларымен бөлісті. «Біздің мақсатымыз – барынша қысқа мерзімде кинотеатрлардың және билеттерді онлайн сатып алу ыңғайлы болатын басқа объектілердің – театр, стадион, ақылы семинарлар, концерттердің барынша көп санын қамту. Қазір біз Қазақстан нарығы үшін ашықпыз және объектілерді жүйеге тегін қосуға дайынбыз».
«Тикетон» - жаңадан туындаған қазақстандық стартап-қозғалысының жарқын үлгісі екенін атап өткен жөн. Жоба 2012 жылдың басында бірінші қазақстандық BusinessLabs акселераторға таңдалды, InvestorDay’12 конференциясының жеңімпаздарының үштігіне енді және жаңа «Стартаптар шайқасы» тележобасына өтті. Тикетон іске қосуға бастапқы инвестицияларды еш қиындықсыз тапты және қазірде жүйені одан әрі тарату үшін инвестор таңдауда.
Достарыңызбен бөлісу: |