Sql жəне деректер қорының қауіпсіздігі. Деректерді қорғау принциптері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата01.02.2024
өлшемі0.66 Mb.
#490516
  1   2   3
Дәріс 14



Дәріс 14. SQL жəне деректер
қорының қауіпсіздігі. Деректерді
қорғау принциптері. 
Қолданушыларды басқару. 
Деректерге қатынауды басқару. 
Деректер қоры объектілеріне
рұқсат құқығын жүзеге асыру


Жүйе қауіпсіздігін жүзеге асыруға ДҚБЖ жауапты.
SQL тілі реляциялық ДҚБЖ қауіпсіздік жүйесінің іргетасы болып
табылады: деректер қорындағы ақпаратты қорғау жүйесіне қойылатын
талаптар SQL инструкциясының көмегімен құрылады. SQL-де
деректерді қорғаумен негізгі үш концепция байланысқан:
1.
Қолданушылар деректер қорындағы негізгі жұмыс істейтіндер
болып табылады. ДҚБЖ деректерді алғанда, қойғанда, жойғанда
немесе өңдегенде əр уақытта қандай да бір қолданушы атынан
жасайды. ДҚБЖ талап еткен əрекетті қай қолданушы сұрайтынына
байланысты қабылдайды немесе орындамайды.
2.
Деректер қорының объектілері қорғанысы SQL көмегімен жүзеге
асатын элементтер болып табылады. Əдетте, ұсыну жəне кесте
қорғанысы қамтамасыз етіледі, бірақ басқа объектілер: формалар,
қолданбалы программалар жəне толық деректер қоры қорғанысқа
алынады.
3.
Көптеген қолданушыларға деректер қорының бір объектісін
қолдануға рұқсат етіледі жəне басқаларын қолдануға тыйым
салынады. Артықшылықтар – бұл қолданушының деректер
қорындағы анықталған объектіге кейбір əрекет ету құқығы.
Қолданушыға кейбір кестеден жолдарды алуға жəне оларды оған
қосуға рұқсат етіледі, бірақ бұл кесте жолын жоюға немесе
жаңартуға тыйым салынады. Басқа қолданушыда артықшылықтың
басқа жиынтығы болуы мүмкін.


Қолданушыларды басқару
MS
SQL
Server
ортасында
қолданушыларды
құру
мəселесін
қарастырайық.
Деректер
қорының
логикалық
құрылымын
жобалау,
кестелер
арасындағы байланыс, тұтастыққа шектеу жəне басқа құрылымдардан
соң деректер қорына рұқсаты бар қолданушылар ортасын анықтау
қажет.
SQL-сервер жүйесінде деректерге рұқсат шектеуінің екі деңгейлі түзету
салуы ұйымдастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет