Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады?
Жауап: АҚ туралы Заңның 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес акционер қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сұратулар беруге және сұрату қоғамға түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауап алуға құқықты. Қоғам акционерлерге беруге міндетті құжаттар тізбесі және қоғам акционерлерге ашып беруі тиісті ақпарат АҚ туралы Заңның 79 және 80-баптарымен белгіленген.
Акционер қоғамға тиісті өтініштер беруге құқылы. Сонымен бірге акционерлердің назарын мынаған аударғымыз келеді, акционерлік қоғамның лауазым иелері акционерлердің құқықтарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 194-бабында көзделген әкімшілік жауапкершіліктерді тартатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |