Сұрақ: Халық Банктің клиенттері шоттарынан ақшаның жоғалуына неге ешкім бақылау жасамайды? Банк операторлары ұрлықпен шұғылданады (орташа есеппен бір шоттан 5000 теңге) бірақ банк басшылығы ешқандай шара қабылдамайды



Дата29.02.2016
өлшемі13.27 Kb.
#30414
Сұрақ: Халық Банктің клиенттері шоттарынан ақшаның жоғалуына неге ешкім бақылау жасамайды? Банк операторлары ұрлықпен шұғылданады (орташа есеппен бір шоттан 5000 теңге) бірақ банк басшылығы ешқандай шара қабылдамайды. Осы жақын күнде менің шотымнан ақша жоғалып кетті, жоғалғандығын растайтын барлық чек қолымда. Банктің сервис қызметінде маған мынаны айтты, тергеу жұмыстарын жүргізу үшін мен өтініш жазуым және 2000 теңге төлеуім керек екен.Менің ақшамның қайтарылып берілетіндігі туралы банк кепілдік бермейді.

Жауап:

Егер Сіз Сізге қызмет көрсетіп отырған Банктегі банктік шотыңыздан ақшаның талан-таражға түскені туралы сезіктенсеңіз, бұл жағдайда оның экономикалық қылмысқа қатысты болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Бұл жағдайда Сізге функциясына экономикалық және қаржылық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарды алдын ала ескерту, анықтау, із кесу және тергеу жұмыстары кіретін Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес агенттігіне (қаржы полициясы) өтініш білдіруді ұсынамыз. Өтініште проблеманың негізі туралы айту және барлық растаушы құжаттарды қоса беру қажет (банктік шоттың үзінді көшірмесі және басқалар).

Ал егер, банкте банктік шоттың шарт талаптарын немесе төлемдер және ақшаны аударым жасау жөніндегі заңнаманың басқа да талаптарын бұзу кездессе, онда Сіз Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінен және Ұлттық Банктен көмек сұрауға құқылысыз. Заңнамалық тәртіппен белгіленгендей, аталған мемлекеттік органдар бұзушылықтарды анықтау және кінәлі банкті жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті іс-шараларды атқаратын болады.



Осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында Сіздің шоттарыңыз бойынша қаражаттың жылжуын банктік шоттардағы ай сайынғы үзінді көшірмелер арқылы бақылауды ұсынамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет