оқушылардың жеке ӛзіндік ерекшеліктері бойынша ішкі саралау олардың
әрқайысына жеке
қарауға негізделеді, яғни олардың психофизиологиялық
ерекшеліктері (есте сақтау қабілеті, ойлау ерекшеліктері, темперамент және
т.б)ескеріледі.Кэрол Анн Томлинсонның
зерттеуі бойынша мұғалімдер
саралапоқытуды тӛмендегідей тӛрт жолмен жүргізе алады.
Мазмұн бойынша саралау: Бұл оқушылардың нені оқуы (зерделеуі,
үйренуі) керектігі немесе оқушының ақпаратқа қалай қол жеткізе алатынын
білу. Мұғалім оқу мазмұнын Блум таксономиясы (тӛменгі ойлау деңгейінен
жоғары ойлау деңгейіне дейін зияткерлік деңгейлер жіктемесі) бойынша
әртүрлі деңгейді қамтитын оқушылар тобына әртүрлі оқу әдістерін
ұйымдастыруы керек.
Ҥдеріс бойынша саралау: Бұл мазмұнды түсіну немесе меңгеру үшін
оқушы қатысатын іс-әрекеттер. Оқушылар мазмұнды жақсы түсіну үшін
орындайтын жаттығулар мен практикалық жұмыстар және іс-әрекеттер.
Үдерісте оқушыларды ақпаратты қабылдау қабілеттеріне қарай
визуалдарды оқулықпен қамтамасыз ету, аудиалдарға
аудио жазбаларды
тыңдату, кинестетиктерге тапсырмаларды ӛздеріне жасап кӛруге мүмкіндік
беру.
Нәтиже бойынша саралау. Нәтиже дегеніміз сабақтың соңында мазмұн
бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім білімді
игерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы
орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Бірақ жалғыз «дұрыс»
жауаптың бағытында жұмыс жасаудан гӛрі оқушылар ӛздерінің мықты және
әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру
туралы ойланғандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға
бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайысының ӛздерінен не
күтетіндігін түсінгендеріне кӛз жеткізулеріне әрекет жасайды.
Оқу ортасы бойынша: мұғалімдер сыныпта
қауіпсіз және қолайлы оқу
ортасын қамтамасыз ететіндей оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар саралаудың айқын және жасырын түрлері де
анықталған.
Айқын саралау балалар ӛздерінің сараланып жатқанын білетін, кӛзге
кӛрінетін саралау түрі. Мысалы:
-
жеке жұмысқа арналған деңгейлік тапсырмалар;
-
жоғары деңгейдегі оқушылар үшін күрдегенген тапсырмалар;
-
әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар;
-
әр оқушыға жеке тәсіл;
-
жеке шығармашылық жұмыс;
-
сабаққа оқушының қосымша озық материалдар дайындауы;
-
шешімдер үлгілерін, теориялық анықтамаларды, қосалқымәселелерді
пайдаланып, тапсырмаларды орындау т.б.
Айқын саралау кезінде
қиын балармен жұмыс істеудің, үлгерімі тӛмен
оқушыларға кӛмектесуге, үлгерімі жоғары оқушыларға кӛңіл бӛлудің
мүмкіндіктері пайда болады. Сондай-ақ, мықты оқушылар ӛз қабілеттерін
кӛрсетуіне, үлгерімі тӛмен оқушылар ӛз жетістіктерін сынауына да мүмкіндік
туады.
Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас пайда болып, оқытудың
жаңа технологиясы ӛмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-
әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге
асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық
жаңалықтар мен ӛзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты
сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік және кӛптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер ӛзгертіліп, білім берудің тиімді деп
танылған жаңа технологиялары дүниеге келді. Кез-келген оқыту технологиясы
мұғалімнен терең теориялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік
білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең
үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани ӛсуіне
жағдай
туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, ӛз әрекетіне ӛзгеріс
енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесімен әр баланың
үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік,
бәсекеге қабілетті,
ӛзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.
Оқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын
қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу,
дұрыс
түсінік қалыптастыру.
Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда
жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сӛзге аса мән беріп курста оқыған
модуль туралы қысқаша тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: