Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет45/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146
вирус

ШЕШЕК (Variola, оспа) – дененің ыстығы көтеріліп, тері мен кілегейлі қабықтарда 
күлдіреген бөрткендер пайда болуымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. 
Тарихи деректер. Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж. бұрын Мысыр, 
Үндістан,Қытайда белгілі болады. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7 ғасырда 
әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә. Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан 
(коръ) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э. 
Дженнердің 1976 ж сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, 
жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың 
шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте 
заманнан-ақ қолданылып келген.
Жануарлардың (жылқының, түйенің, ешкінің, шошқаның, құстың) шешегі ғылыми 
тұрғыдан 19ғ. соңында сипатталды. Аурудың қоздырушысының вирус екендігін 1920 ж . Маркс 
пен Штикер дәлелдеді.
Қазіргі уақытта, ресми түрде 1979 жылдан бері адамның шешегі дүние жүзінде жойылды 
деп есептелінеді. Көптеген елдерде қой мен ешкінің ауруы осы кезге дейін кеңінен тараған. Ал 
сиыр, шошқа, тауықта оқтын- оқтын байқалып тұрады.
Қоздырушысы. 
Шешек 
вирустары 
Poxviridae 
(ағылшынша 
pox-шешек) 
тұқымдастығының Chordopoxvirinae тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстастыққа 
бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, 
лепорипоксвирустар және суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқада 
түрлері бар.
Ортопоксвирустардың негізгі түрі – вакцина вирусы, басқа түрлері – тышқанның, үй 
қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің, маймылдың шешегінің және 
адамның табиғи шешегінің вирустары. Ескеретін жай – бұл вирустардың аталуы адамның өзіне 
тән, яғни табиғи шешегі және сиырдан жұғатын, яғни вакцина (vacca – сиыр) шешегіне 
(синонимы вакциния) байланысты.
Авипоксвирустардың негізгі түрі – тауық шешегінің вирусы. Басқа түрлері: торғайдың, 
көгершіннің, бөдененің, күркетауықтың, сауысқанның шешек вирустары. 
Каприпоксвирустардың негізгі түрі – қойдың шешегінің вирусы, басқа түрлері: ешкінің 
шешегінің вирусы және сиырдың нодуляры дерматит (сүйел) вирусы.
Лепорипоксвирустардың негізгі өкілі – үй қоянының фибромасының вирусы, қоян 
фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы.
Парапоксвирустардың негізгі түрі – қой мен ешкінің жұғымтал сүйелінің (жұғымтал 
эктима) вирусы (Орф вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың сүйелінің вирусы, сиырдың 
пустулезді стоматитінің вирусы.
Суипоксвирустардың негізгі өкілі- шошқа шешегінің вирусы. Шешек вирустары 
морфологиялық түрғыдан біркелкі. ДНҚ- геномды, көлемі үлкен (260-390 нм), Морозов 
әдісімен бояғанда жай микроскоппен көрінеді. Эпителийге әуес, торшада қарапайым 
денешіктер түзеді (Пашен, Гварниели, Боллингер денешіктері).
Қойдың, ешкінің, шошқаның және тауықтың шешек вирустары өз иелері үшін ғана 
зардапты. Сиырдың табиғи шешегі мен шешек вакцинасының вирустарының зардаптылық 
спектрі кең ауқымды болып, сиыр, бұйвол, жылқы, қашар, түйе, қоян, маймыл және адамды 
қамтиды. Өте тығыз антигендік және иммундік байланыс тек қана екі вируста, вакциния мен 
сиыр шешегінің қоздырушыларында ғана, сақталған. Әртүрлі құстардың шешек вирустарының 
бір- бірімен антигендік қатынасы жақын болады.


Шешек вирустарының сыртқы ортадағы төзімділігі оншама жоғары емес. Әйтседе құрғақ 
қабыршақтарда 1,5 жылға дейін сақталады. Мұздату вирусты консервілейді. Шіріген затта тез 
өледі, жоғары температураға, күн сәулесіне, қышқылдарға өте сезімтал. Қойдың шешегінің 
қоздырушысы мал қорада 6 айға дейін, жүнде 2 айдан астам сақталады. Қайнатқан кезде 
бірден, 70°С-ға қыздырғанда 5 минутта, pH 3-3,6 аралығындағы қышқыл ортада 1 сағатта өледі. 
Биотермиялық процесс көнді 28 күн ішінде зарарсыздандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет