СРО-4 Бокен Аяна, 213-группа Тапсырма-4 Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.
Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.
Оқушылардың оқу- тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.
Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.
Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жаууапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету- сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл- кеңес беріп отырады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды.Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін- өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.