275
Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтҥстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді
аймақтарына дейін созылып жатқан «7-8 айлық жол» еді.
Моғолстан халқының қҧрамында тҥрік (дулаттар, қаңлылар (бекшіктер),
керейіттер (керейлер), ҥйсіндер және т.б.) және тҥріктенген
моңғол
тайпалары бар болатын, олар «моғолдар» атты тҥрік тілді этникалық-саяси
қауымдастықты қҧрайтын. Мемлекеттің ӛзегін ҧзақ уақыт дулаттар қҧрады.
Дулат әмірлері Моғолстан хандарынан «он екі артықшылықтар» алған.
Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс,
кӛрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды
тойтару жағы
ӛте кӛп болған. Әсіресе Темірдің шапқыншылығынан жиі қорғануға тура
келді.
Темір жаулаушылығына қарсы жҥргізілген қанды кҥресте әл-дәрменнен
айрылған Моғолстан еншіліктерге бӛлініп кетеді. Елдің шығыс шебіне
ойраттар шабуыл жасауды жиілетеді (моңғолдардың батыс бӛлігі; Орта Азия
деректерінде «қалмақ» деп аталады). Уәйс-хан (арада ҥзілісі бар 1418-1428
жылдары ел билеген) олармен сан рет шайқасады. Ол ӛз ордасын Тҧрфаннан
Жетісудағы Ілебалық деген жерге кӛшіруге мәжбҥр болады.
Уәйіс-ханнан соң кҥн ӛткен сайын Моғолстаннан
азып-тозу белгілері
кӛріне бастайды. Ішкі кҥрес-тартыста дулат бастаған ақсҥйектер тобы
жеңіске жетеді де, олар Уәйіс-ханның ҧлы Есенбҥғыны (1433-1462)
қолдайды. Есенбҧғы тҧсында, ХҤ ғасырдың 50-60 жылдары Шығыс Дешті
Қыпшақтан Жетісуға қазақтың Жәнібек пен Керей бастаған қалың бір бӛлегі
кӛшіп келеді. Сӛйтіп, уақыт ӛте келе Моғолстан жері Қазақ хандығының
алтын бесігіне айналды. Осында тҧрақтаған
олар Әбілхайыр хандығынан
келген ру-тайпаларды қабылдап, кейіннен жеке мемлекет қҧрады.
Ал, Моғолстан иеліктер ҥшін ҥнемі болып тҧрған соғыстар салдарынан
келесі ғасырда толық кҥйреді. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары
біршама уақыттардан соң Қазақ хандығының қҧрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: