285
қос адамдық, ҧжымдық қабірлер; ат қосып жерленген, жылқы терісі немесе
мҥрденің аяқ жағына ат әбзелдері қойылған қабірлер; қабірхана ішінде ағаш
рама, діңгек-табыт, тас жәшік секілді қҧрылыстары бар молалар. «Ҧзын
обалар» деп аталынатын ескерткіштер тобы да дараланады. Олар адамдардың
бір-біріне жалғасқан (ҥлкен-кіші) 2-8 қоршауларынан тҧрады.
Барлық
мҥрделер шығысқа және солтҥстік-шығысқа қарай бағытталған.
Сайып келгенде, Шығыс Қазақстандық қимақтардың жерлеу ғҧрпының
ӛзіндік келбеті бар, ол қимақ-қыпшақ қауымдастығының қалыптасуындағы
кҥрделі процестер аясына сай келеді. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан
қабірлеріндегі
ерекшеліктермен қатар, қимақтардың археологиялық
мәдениетінің Жоғарғы Ертістік нҧсқасын ӛзара байланыстыратын заттар
кешені де анықталған, олар: айқыштамасы тік келген екі жҥзді ауыр қылыш;
сегіз саны секілді бӛліктері мен ҥлкен сыртқы сақиналардан тҧратын
ауыздықтар; S-тәрізді («етікшелі» темір және «балық қҧйрығы» сияқты
аяқталынатын сҥйек) сулықтар. Жебе ҧштары ҥш қанатты, жалпақ және
ланцет (қияқ) тәрізді; садақтың ортаңғы жапсырмалары мен қорамсақтың
сҥйек қапсырмаларына циркуль ӛрнек тҥсірілген; ҥзеңгілер ілгек секілді, т.б.
Заттардың (белдік, кісе, жҥген, т.б.) кӛпшілігіне
алтын жалатылған және
ӛсімдік (геометриялық ою-ӛрнектер сирек) ӛрнектері салынған. Бағалы
металдардан жасалынған фантастикалық хайуанаттардың (самҧрық, қанатты
арыстан, т.б.) бейнелері қимақтардың Қазақстан мен Орта Азия отырықшы
орталықтарымен тығыз байланыс орнатқандығын кӛрсетеді.
Жоғарғы Ертіс ӛңіріндегі қимақ археологиялық ескерткіштеріндегі
кҥрделі этникалық «стратиграфия» мҧндағы мәдениеттер тоғысымен
тҥсіндіріледі.
Павлодар нұсқа. Археолог Ф.Х.Арсланова зерттеген Бобров қорымы
Павлодарлық Ертіс маңындағы ҤІІ-ІХ ғасырларға
жататын ең ірі ескерткіш
болып табылады. Оған жеке қабірлер, жанына ат қойылған ӛртелген мҥрде,
ҥңгіп қазылған қабір шҧңқыры, мола ішіндегі қҧрылыстарға ағаш рамаларды,
ағаш қабықтарын кеңінен қолдану тән болып келеді. Павлодарлық Ертіс
маңындағы басқа қорымдардан жылқының бас сҥйегі мен қҧйымшағы, қайың
бӛренелерімен беті жабылған сопақша қабір шҧңқыры, «ағаш жәшікке»
мҥрде қойылған қабір, бір оба ҥйіндісі астында бірнеше молалар, ҥйіндіден
керамика мен мал сҥйектері шыққан. Павлодарлық Ертіс маңында плиталары
кӛлденеңінен орнатылған, қҧлпытастары
тігінен қойылған шаршы
қоршаулар, «ҧзын обалар» мен тас жәшікке жерлеу ғҧрпы байқалмайды.
Молалардан алынған қҧрал-саймандар Жоғарғы Ертіс маңындағы заттар
жиынтығына жақын. Бірақ, бҧл жерден жоғарыда айтылған қылыштар
кездеспейді. Әшекейлер арасында торлы қола алқалар ҧшырасады. Керамика
олжалары да кездесіп отырады. Мәселен, Бобров қорымындағы обалардан 44
дана ыдыс алынған. Кейбір материалдар (керамикадағы ромб ӛрнектер мен
ланцет тҥріндегі жебе ҥштары) Тува аумағындағы материалдарға ҧқсайды
(Л.Р.Кызласов). Мҧндай тҥрлі мәдени бӛлшектердің ҧшырасуы Павлодарлық
Ертіс маңы аумағында этникалық және мәдени ассимилиация процестері
кҥрделі жағдайда ӛткендігін, тҧрғындардың Шығыс Қазақстан, Саян-Алтай
286
мен Батыс Сібір ӛңірлеріндегі халықтармен тығыз байланыс орнатқандығын
кӛрсетеді.
Қимақ мәдениетінің іздері Орал маңына дейінгі аймақтарға таралған.
Мҧндағы Синеглазово кӛлі жанындағы
обалар кешені азар аударуға
тҧрарлық. Синеглазово материалдарын жариялаған С.Г.Павлов пікірінше:
«Синеглазово типіндегі екешендер қимақ-қыпшақ кӛшпенділерінің Оңтҥстік
Орал маңы мен Кама ӛңіріне ішкерілеп ену динамикасын кӛрсетуі ықтимал».
Осындай келбеттегі жекелеген олжалар Жетісудан да ҧшырасады, бҧл ӛз
кезегінде мҧнда қимақтардың жылжығандығын сипаттаған жазба
дереккӛздеріндегі мәліметтермен де сәйкес келеді. Әсіресе мҧны Жоңғар
Алатауының беткейлеріндегі Текелі қаласы маңынан зерттелеген қираған
қабір материалдары да нақты кӛрсетеді. Сонымен қатар ат қосып жерлеу мен
заттық кешендер ҧқсастығы Қызыл-Қайнар, Айнабҧлақ қорымдарынан да
байқалады. Бҧл қабірлердің кейбір материалдарын зерттеушілер қарлҧқтарға
балайды. Жоғарғы Ертіс пен Жетісуда қолдарында ыдыс ҧстаған
антропоморфты қҧлпытастар тҥріндегі тас мҥсіндеркеңінен таралған.
Қимақтар мәдениеті
таралған басқа аудандарда, соның ішінде Солтҥстік
Алтай мен Батыс Сібірдің оңтҥстігінде сросткин мәдениетінің аумағында
мҧндай мҥсіндер жоқ.
Сросткин мәдениетінің жіктелген нҧсқаларынан (солтҥстік-алтай,
кемерово, новосібір, батыс-алтай) Ертіс алабындағы қимақ мәдениетіне ең
жақыны батыс-алтай нҧсқасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: