Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Заттар мен материалдардың құрамы мен



бет69/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86
Акишев

5.3 Заттар мен материалдардың құрамы мен
қасиеттерінің стандартты үлгілері

Стандартты үлгілер деп қажет дәлдікпен аныңталған, жоғары тұрақтылығымен ерекшеленетін және сертификатпен куәландырылған, химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері заттардың осы тобы үшін сәйкес келетін заттар немесе материалдардың үлгілері саналады.


Стандартты үлгілер материалдардың түрлі қасиеттері (механикалық, теплофизикалық, оптикалық және т.б.) мен химиялық құрамың градуирлеу, салыстырып тексеру және калибрлеу үшін қолданылады. Стандартты үлгілер қателіктері белгіленген өлшем ретінде салыстыру жолымен шикізат пен өнеркәсіп өнімдерінің сапасын бақылау үшін пайдаланылады. Негізінен стандартты үлгілер өлшемдердің бірлігін ұстап тұруға қызмет етеді, яғни елшем құралдары болып табылады.
Стандартты үлгілерді жіктеудің негізіне мыналар жатады:
• стандартты үлгіні аттестаттау жүргізілетін сипаттамалардың әр түрлілігі;
• бақылау объектілерін стандартты үлгілермен салыстыру әдісі;
• материал ретінде стандартты үлгінің өзінің агрегатты күйі;
• метрологиялық құсқаулар.
Осы жіктемеге сәйкес стандартты үлгілер белінеді: бірінші белгісі бойынша материалдар қасиеттерінің үлгілері және материалдар құрамының үлгілері, екінші белгісі бойынша химиялық, рентгендік, спектроскопиялық және тағы басқа талдау түрлері үшін стандартты үлгілер ажыратылады; үшінші белгі бойынша - қатты, сұйық және газ тәрізді күйдегі стандартты үлгілер; төртінші белгі бойынша - зат сапасын градуирлеу, салыстырып тексеру, бақылау үшін стандартты үлгілер.
Заттың тазалығын анықтау үшін стандартты үлгілердің категориясы өте маңызды болып табылады. Айрықша таза зат түсінігі ңазіргі техника, медицинаның көптеген материалдарының шығарылуымен байланысты. Стандартты үлгілер арнаулы сынаққа ұшырайды, соның нәтижесі бойынша олар куәлік (сертификат) алады және стандартты үлгілердің Мемлекеттік тізіліміне (реестріне) енгізіледі, ал ол өз кезегінде өлшеу құралдарының Мемлекеттік реестрінің құрамдас бөлігі болып табылады. Стандартты үлгінің сертификатында жарамдылық мерзімі міндетті түрде көрсетіледі, өйткені барлық заттар мен материалдар, олардың қасиеттеріне сыртқы орта факторларының әсер етуінен, уақыт өте келе өзгереді. Ал оған өлшем құралдарының сенімділігі байланысты болады.
Қазіргі уақытта 3,5 миллионнан аса заттар мен материалдар туралы мәліметтер басып шығарылған, ол заттар мен материалдардық құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері сияқты өлшем құралдарының маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстанда «КазИнМетр» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жанындағы Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі (СҮМҚ) жұмыс істейді. Бұл қызметтің негізгі мақсаты - стандартты үлгі көмегімен өзінің өнімінің сапасына бақылау жүргізуді қажет ететін кез келген ұйымды үлгілермен қамтамасыз ету және мүдделі заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша жаңа үлгілерді жасау.
Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандартты анықтама деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ) Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде бірегей ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық ережелер негізінде, физикалық тұрақтылар мен заттар қасиеттері туралы мәліметтер саласында жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ететін, маманданған жалпы мемлекеттік жүйе болып табылады.
Қызмет берілген мәліметтерді жинау, өңдеу, бағалау, сақтау және стандарттау қызметін атқарады, сондай-ақ, ғылым мен өндірістің сәйкес салаларындағы түтынушыларды анықтамалы-ақпараттық қамтамасыз ету қызметін атқарады.
САДМҚ негізгі мақсаттары: заттар мен материалдардың, олардың қасиеттері туралы нақты жедел ақпарат көмегімен анағұрлым тиімді пайдалануын қамтамасыз ету; жаңа заттар мен материалдардың алынуын тездету және сәйкес жұмыстарды үйлестіру жолымен олар туралы жаңа қажет мәліметтерді анықтау; ақпаратты іздеу шығындарын азайту арқылы ғылыми және инженерлік еңбек өнімділігін жоғарылату; физикалық тұрақтылар мәнінің, анықтамалық мәліметтердің дәлдігінің сәйкес деңгейіне жету және осы саладағы халықаралық өріптестікті дамыту.
САДМҚ құрамына Ғылым академиясының, өнеркісілтің және жоғары білімнің көптеген ұйымдары кіреді. Қызмет мүдделі ұйымдарға физикалық тұрақты мәндері, материалдар мен заттар қасиеттері туралы тексерілген, жетілдірілген ақпаратты жедел пайдалануға мүмкіндік беретін аныктамалыктар, библиографиялық нұсқаулар жасап шығарады. Бұл басылымдар заттар мен материалдардың стандартты үлгілерін жасаумен де байланысты зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы деректердің сенімді деңгейін береді.
Деректердің сенімділік деңгейі - оларды пайдаланатын кез келген жұмыс нәтижелерінің маңызды факторы. Осыған байланысты анықтамалық деректер стандартты, ұсынылатын және ақпараттық болып бөлінеді.
Стандартты анықтамалық деректерге өлшеу нәти-желерінің сенімділігін талдау және бағалау нәтижесінде алынған және ҚР Мемстандартымен бекітілген, физикалың тұрақтылардың, материалдар мен заттардың қасиеттерінің сандық мәндері жатады.
Ұсынылатын анықтамалық деректерге өлшеу нәти-желерінің қателіктерін бағалау жолымен алынған физикалың тұрақтылардың, материалдар қасиеттерінің сандың мәндері жатады.
Ақпараттық анықтамалық деректерге берілген уақыт аралығында өндірілетін және тұтынылатын материалдардың ассортименті, қасиеті, сапа параметрлері туралы мағлүматтар жиынтығы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет