Статикалық электр тогынан қорғанудағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпысалалық талаптары



Дата03.07.2016
өлшемі357.67 Kb.
#174023




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «26» қараша

№ 411 бұйрығымен

бекітілген

Статикалық электр тогынан қорғанудағы

өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпысалалық талаптары

1 – бөлім. Жалпы ережелер
1. Статикалық электр тогынан қорғанудың осы статикалық электр тогынан қорғанудағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпысалалық талаптары (бұдан әрі – Талаптар) жобаланатын, қайта жабдықталатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өнеркәсіп нысандарына таралады.

2. Статикалық электр тогынан қорғану шаралары А, Б, В және Е дәрежелі жарылыс және өрт қауіпті өндіріс орындарының В-1а, В-1, В-1б, В-1г, В-11, В-11а, 11-11, 11-11а, 11-111 санатты сыртқы қондырғыларына жүргізіледі.

Аталған санаттарға жатпайтын өндіріс орындарында статикалық электр тогынан қорғану шаралары, өндірісте қызметкерлердің статикалық электр тогынан зақым алу қаупі бар кезде жүргізіледі.

3. Жаңа технологиялық процестерді, техникалық құрылғыларды дайындау жұмыстары, өнеркәсіптік өндірістерде заттардың қауіпті электрлендірілуін болдырмауын есепке ала отырып жүргізіледі. Жобалауға арналған алғы шарттарда келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) берілген өндірістегі қолданылатын және өндірілетін заттардың салыстырмалы көлемдік немесе беттік электрлік кедергісінің мөлшері;

2) қауіпті статикалық электрдің пайда болуын болдырмау талаптары, алынатын өнімнің, оның сапасын өзгертпейтіндей қалыпта, оның салыстырмалы көлемдік немесе беттік электрлік кедергісін төмендету үшін статикалық электрге қарсы заттарды пайдалану мүмкіндігі.

4. Өндіріс процесі кезінде статикалық электр зарядтарының қордалану қауіптілігінің сипаттамалары және заттардың электрлену жиілігін төмендету бойынша іс-шаралар, осы Талаптар бойынша электр зарядтарының әкетілуін қамтамасыз ететін қосымша шаралар жобаның технологиялық бөлігінің есеп-жазбасында және процестің технологиялық регламентінде көрсетіледі.

5. Ылғалдағыштарды, беттік-белсенді заттарды, статикалық электрге қарсы заттарды және бейтараптандырғыштарды қолдану туралы мәліметтер жобаның тиісті бөліктерінде көрсетіледі.

6. Жобаның электрлік техникалық бөлігінде статикалық электр зарядтары пайда болуы мүмкін технологиялық жабдықтарды және желдеткіш жабдықтарды жерлендіру қарастырылады.

1 - тарау. Статикалық электр зарядтарының пайда болу шарттары және олардың қордалануының қауіптілігін бағалау
7. Статикалық электр зарядтары, заттардың сығылуы, майдалануы (шашырауы), денелердің, сұйық қабаттардың немесе түйіршік материалдардың өзара түйісуі, салыстырмалы қозғалысы, олардың кристалдануы және булануы кезінде пайда болады. Статикалық электрдің қауіпті мөлшерінің қордалану мүмкіндігі, оның пайда болу жиілігімен, сонымен қатар, зарядтар қозғалысының шарттарымен анықталады. Технологиялық жабдықтарда зарядтардың пайда болуы, ондағы өңделетін заттардың, жабдықтардың бөлшектерінің материалдарының, технологиялық процестің физикалық-химиялық қасиеттерімен анықталады. Зарядтардың ағынының пайда болу процесі, негізінен өңделетін заттардың, қоршаған ортаның және жабдықтардың материалдарының электрлік қасиеттерімен анықталады. Меншікті көлемдік кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен төмен болатын заттар мен материалдар, егер олар шашырамаса немесе себеленбесе электрмен зарядталмайды.

8. Өңделетін заттардың және металл емес материалдардан жасалған бөлшектерінің электрленуінің дәрежесі, қауіпті қоспалардың тиісті санаттары мен топтарына жарылыстан қорғалған ретінде жарамды деп танылған аспаптармен өлшенеді.

9. Жылжымалы аспаптардың бергіштері электрстатикалық ұшқынға қарсы қолданылатын қауіпсіздік талаптарына сай таңдалынады. Егер, аспаптың бергішіне металл электродтан потенциалы 50 кВ және сыйымдылығы 60 - 100 пф ұшқын разряды түскен кезде, аспап тұрған қоспаның тұтану мүмкіндігі 10-3 мәнінен (бұл разрядтардың энергиясы қоспаның тұтануының ең кіші энергиясынан 2,5 есеге дейінгі мәні (осы Талаптардың 1-2-ші қосымшаларына сәйкес) аспаса, онда аспаптың бергіші электрстатикалық ұшқынға қауіпсіз деп саналады.

10. Егер зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның кез-келген бөлігінің потенциалының өлшенген ең көп мөлшері, осы зарядталған заттың және қоршаған ортаның шекті рұқсат етілген мөлшерінен аспаса, онда заттың бетінің электрленуінің дәрежесі қауіпсіз деп саналады.

11. Зарядтың беттік тығыздығының, беттік кернеуінің немесе оның потенциалының шекті рұқсат етілген мөлшері деп, берілген заттың бетінде пайда болған разрядтың ең көп мүмкін болатын энергиясы қоршаған ортаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінің 1/4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.

12. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоршаған ортасының тұтанғыштығы, негізінен сұйықтықтардың буларының қасиеттеріне байланысты анықталатындықтан, бұл сұйықтықтардың зарядталуының шекті рұқсат етілген мәні болып, олардың беттік тығыздықтарының, беттік кернеулерінің немесе олардың потенциалдарының, сұйықтық буларының ауамен қоспасының тұтану энергиясының ең кіші мәнінің 1/4 бөлігінен аспайтын мәнін айтады.

13. Егер статикалық электр разрядтарының пайда болуы жойылса немесе пайда болған разряд энергиясы ортадағы жанғыш қоспаның тұтану энергиясының ең кіші мәнінен 2,5 есе кем болса, аппаратуралар немесе технологиялық жабдықтар электрлік ұшқынға қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырады деп саналады.

2 – бөлім. Статикалық электрден қорғану шаралары

1 - тарау. Жалпы ережелер
14. Өндірістегі жабдықтарда, өңделетін заттарда, адамдардың үстінде электр разрядының қауіпті ұшқындарының пайда болуының алдын алу үшін, өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып, пайда болған статикалық электр зарядтарының қауіпсіз ыдырауын қамтамасыз ететін келесі шаралар қарастырылады:

1) жабдықтар мен коммуникацияларды жерлендіру арқылы зарядты ауытқыту, адам денесін тұрақты түрде жерлендіргішпен электр арқылы түйістіруді қамтамасыз ету;

2) меншікті сиымдылықты және беттік электрлік кедергіні азайту арқылы зарядтарды ауытқыту;

3) радиоизотопты, индукциялы және басқа да бейтараптандыруларды қолдана отырып зарядтарды ыдырату.

15. Статикалық электр зарядының пайда болу жиілігін азайту үшін:

1) барлық, технологиялық мүмкін жерлерде, жанғыш газдарды түйіршікті сұйық және қатты бөлшектерден, ал сұйықтықтарды – ерімейтін қатты және сұйық қоспалардан тазалау;

2) өндіріс технологиясы қажет етпейтін жерлерде шашырау, майдалау, бүркіп шашуды болдырмау;

3) аппараттар мен тасымалдау магистралдарындағы материалдардың қозғалу жылдамдығын, жобада көрсетілген мөлшерлерден аспайтындай етіп таңдау керек.

16. Пайда болған зарядтардың бейтараптануын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, аппараттар ішіндегі ортаның разряд ұшқынынан тұтануын болдырмау үшін, олардың ішінде жарылыс қауіпті ортаның пайда болмауын қамтамасыз ететін жабық жүйелерді пайдалану қажет немесе аппараттарды, ыдыстарды, жабық тасымалдау жүйелерін және басқа да жабдықтарды, олардағы тез тұтанатын сұйықтықтарды, майдаланған және түйіршік материалдарды пневмотасымалдау және жабдықтарды іске қосар алдында үрлеп тазалау үшін инертті газдарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.

17. Статикалық электр заряды пайда болуы мүмкін жарылыс қауіпті өндірістерде технологиялық және тасымалдау жабдықтары (аппараттар, ыдыстар, машиналар, коммуникациялар және тағы басқалары) электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен артық емес материалдардан жасалады.

18. Егер заттарды шашпай және бүркіп сеппей өңдеу және тасымалдау кезінде, электр кедергісінің меншікті сыйымдылығы 105 Ом/м мөлшерінен кем болатын материалдардан жасалған электрлі өткізгіш жабдықтар қолданылған болса, онда бұл жағдайда статикалық электрден қорғану шараларын қарастырмауға болады.

2 - тарау. Зарядтарды жерлендіру арқылы бұрып әкету
19. Статикалық электрден қорғануға арналған жерлендіргіш құрылғылар, электр жабдықтарының жерлендіргіш құрылғыларымен біріктіріледі. Мұндай жерлендіргіш құрылғылар Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрінің 2008 жылдың 17-ші шілдесіндегі бұйрығымен бекітілген №11-II-ші Қазақстан Республикасының электрқондырғыларының құрылымдарының Ережелерінің талаптарына сай жүргізіледі.

20. Тек қана статикалық электрден қорғануға арналған жерлендіргіш құрылғыларының кедергісі 100 Ом-ға дейін рұқсат етіледі.

21. Технологиялық жабдықтардың барлық металл және электрөткізетін металл емес материалдардан жасалған бөлшектері статикалық электрден қорғану шараларына арналып дербес өз алдына жерлендіріледі.

22. Металл емес материалдардан жасалған жабдықтардың жерлендіргішінің өн бойындағы кедергіден оның ішкі және сыртқы беттерінің кедергісінің шамасы 107 Ом мөлшерінен аспаса, онда ол жабдық статикалық электрден қорғалған болып саналады. Бұл кедергі мөлшерін қоршаған ортаның ылғалдылығы 60 пайыздан, ал өлшегіш электродтың жабдық бетімен түйісу ауданы 20 см2 аспайтын кезде, өлшегіш электродтарды жабдықтың жерлендірілген металл элементтерінен, бөлшектерінен, тетіктерінен алысырақ нүктелерге орналастырады.

23. Өндіріс орындарында, сыртқы қондырғыларда, эстакадаларда және каналдарда орналастырылған аппараттардың, құбыр желілерінің, желдеткіштер қораптарының және жылу ұстағыш қораптарының металл және металл емес материалдардан жасалған құрылғыларын орналастырған кезде, олар бір сызық бойымен жерлендіргішке ең кемі екі нүктеден жалғануы керек.

24. Коммуникациялар мен құрылғыларға жалғанған жерлендіргіштерден басқа өз алдына жалғанған үзік арқылы жерлендіргіштің өн бойына мына жабдықтар: өнімдерді майдалау, шашырату, бүркіп себу процестері жүретін аппараттар, ыдыстар, агрегаттар; футеровкаланған және эмалданған аппараттар (ыдыстар); жалпы жүйедегі аппараттар мен ыдыстарға жалғанбаған бөлек тұрған машиналар, агрегаттар мен аппараттар жалғанады.

25. Көлемі 50 м3 болатын, диаметрі 2,5 метрге дейінгі тік бағаналы резервуар-ыдыстардан басқа, резервуарлар мен ыдыстар жерлендіргіштерге бір-біріне диаметриаль түрде қарама-қарсы екі нүктеден сым өткізгіштер арқылы жалғанады.

26. Электростатикалық зарядтардың мұнай өнімдерінің құрамында жиналу жиілігін төмендету үшін, резервуар-ыдыстың ішкі жағынан, жоғарғы қақпақ пен түбінің арасын металл сыммен жалғап қою керек, бұл жағдайда резервуар-ыдыс жерлендірілген болуы керек.

27. Жарылыс қауіпті заттар сақталатын резервуар-ыдыстарды таттануға қарсы жабынмен жабу және бояу жұмыстары кезінде, себу және бояу аспаптарын резервуар-ыдыстардың қаңқасымен болат немесе көп тарамды сыммен жалғап қою керек. Егер резервуар-ыдыстың оның қаңқасымен электр байланысы жоқ бөліктері болса, қол жұмысымен боялады.

28. Аппараттар мен құбыр желілерінің фланецтық қосылыстарының электр кедергісі 10 Ом мөлшерінен аспайды сондықтан оларды жерлендірудің қосымша шаралары қарастырылмайды. Бұл қосылыстарда ток өткізбейтін материалдан жасалған немесе ток өткізбейтін бояумен боялған сақина тетіктерін қолдануға рұқсат етілмейді.

29. Аппараттар мен құбыр желілерінің желдеткіш металл қораптары мен жылу сақтағыш қораптарының өндіріс ғимараттары ішіндегі бөліктерін әрбір 40-50 метр сайын жерлендірілген аппараттар мен құбыр желілеріне жалғастыру арқылы жерлендіріледі.

30. Сыртқы эстакадаларда орналастырылған құбыр желілерін статикалық электрден қорғау шаралары технологиялық регламентке сай болуы керек.

31. Теміржол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерлендіріледі. Құю-құйып алу аумағындағы теміржол рельстері электр өткізгіш сымдарымен бір-бірімен жалғанып және теміржолдың электр жүйесінің жерлендіргіш құрылғышынан бөлек жерлендіріледі.

32. Сұйытылған жанғыш газдар мен өртқауіпті сұйықтықтарды құю-құйып алу бағаналарының астында қойылған автокөлік цистерналары, құю кемелерінің танкерлері құю және құйып алу кезінде жерлендіргіштерге жалғанады.

33. Автоцистерналар мұнай өнімдерін құятын-құйып алатын эстакадаларға өтер алдында статикалық электрден жерлендіргіш арқылы тазаланады.

34. Автокөлік цистерналары, құю кемелерінің жерлендіргіш сымдары жалғанатын түйісу құрылғысы жарылыс қауіпті аумақтың сыртына орналастырылады.

35. Қимасы 6 мм2-ден кем болмайтын жұмсақ жерлендіргіш сым темір автокөлік цистерналары мен құю кемелерінің қаңқасына тұрақты түрде жалғанып жүреді және ұш жағында жерлендіргіш құрылғыға жалғанатын жалпақ темірі немесе М10 өлшемді тегірге арналған саптамасы болады.

36. Автокөлік цистерналары мен құю кемелерінің қақпақтарын ашып, оларға резеңке шланганы батыру жұмыстары, олардың жерлендіргіш сымдарын жерлендіргіш құрылғыға жалғағаннан кейін іске асырылады.

37. Теміржол цистерналарына, автокөлік цистерналарына, құю кемелеріне және басқа да жылжымалы резервуар-ыдыстар мен аппараттарға сұйықтықтарды құюға арналған, ұшында болат саптамалары бар, резеңкеден (немесе электр тогын өткізбейтін басқа да материалдардан) жасалған, диаметрі 2 мм-ден кем болмайтын мыс сыммен (немесе қимасы 4 мм2-тан кем болмайтын серпін сым арқанмен), арасы 100 мм-ден кем болмайтын аралықта орап шығу керек. Сымның (немесе серпін сым арқанның) бір шеті қорғасынмен балқыта ерітіліп (немесе тегірмен бұралып) өнім бергіштің жерлендірілген бөлігімен, екінші ұшы – шланга саптамасымен жалғанады.

38. Сым орауы бар резеңке шлангаларды немесе электр өткізгіші бар жұмсақ жең тәрізді құбырларды пайдалану кезінде олардың жабындарын, егер қосылыс тетіктері немесе резеңке шланганың электр өткішгіш қабаты жерлендірілген өнім бергішпен және шланганың саптамалы ұшымен жалғанған кезде оларды қабаттау қажет емес.

39. Шланга ұштарындағы саптамалар мыстан немесе басқа ұшқын шықпайтын материалдан жасалады.

40. Мұнай өнімдерінен босаған теміржол цистерналарын булау кезінде алғашқы 5 - 6 минут бу мөлшері 2 кг/см2 қысыммен, одан соң ақырын (10 минут бойы) қысым қажетті мөлшерге көтеріледі, бірақ 5 кг/см2 мөлшерден аспау керек немесе булау алдында цистерна ішіндегі ауа төменгі қысымдағы бумен (0,5 кг/см2 төмен) ылғалдандырылып, сонан соң мұнайды төгер алдында бу қысымы біртіндеп (бірақ 1 минутқа 2 кг/см2 мөлшерден көп емес) мөлшерге жоғарылатылады.

41. Мұнай өнімдерін теміржол цистерналарына құю кезінде, электр өткізгіш немесе статикалық электрге қарсы материалдардан жасалған шлангаларды оның түбіне дейін түсіріп, құяды. Алғашқы 3 – 5 минут құю жылдамдығы азырақ (3 м/с көп емес), сонан соң 10 - 12 минут бойы жылдамдық 7 м/с дейін көтеріледі.

3 - тарау. Зарядтарды меншкті сыйымдылық және беттік электр кедергілерін азайту арқылы ыдырату


42. Жабдықтардың жерлендіргіштері статикалық электрінің қауіпті мөлшерінің қордалануына тосқауыл болмаған жағдайда, өңделетін материалдардың меншікті сыйымдылығын немесе беттік электр кедергісін азайтуға арналған шаралар қабылданады.

43. Диэлектриктердің меншікті беттік электр кедергісін азайту үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 65-70 пайызға дейін жоғарылатуға рұқсат етіледі (егер бұл өндіріс шарттарымен мүмкін болса). Бұл үшін, ауа ылғалдылығын бақылай отырып, бөлме ішінің ауасын жалпы немесе жергілікті дымқылдау қолданылады. Меншікті беттік электр кедергісін ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылату арқылы азайту әдісі және сол арқылы материал беттеріне сорылған ылғал қабатын жасау мына жағдайларда нәтижелі емес:

1) электрленуші материал ылғал тартпайтын болса;

2) электрленуші материалдың температурасы қоршаған орта температурасынан жоғарырақ болса.

44. Материалдардың электрленуі пайда болатын аймақтың ауасын жергілікті түрде дымқылдығын арттыру мына жағдайларда рұқсат етіледі:

1) бұл аумаққа су буын жіберу; бұл жағдайда осы аумақта электр өткізгіш заттар жерлендіріледі;

2) салқындауы температураға дейін электрленетін беттердің температурасын қоршаған ортаның температурасынан 10 °С-ға төмендету.

45. Беттің электр кедергісін азайту үшін, қоршаған ортаның ауасын ылғалдандыру тиімсіз болса, онда мына шараларды қолдануға болады:

1) химиялық талшықтар үшін – осы Талаптардың 4-ші қосымшасына сәйкес беттік-белсенді заттармен өңдеу;

2) полимер материалдар үшін:

осы Талаптардың 5-ші қосымшасына сәйкес беттік-белсенді заттарды сіңдіру немесе оған батырып өңдеу;

осы Талаптардың 6-шы қосымшасына сәйкес беттік-белсенді заттарды домалақтау, түйіршік немесе араластыру кезінде өңдеу.

46. Беттік-белсенді заттардың ерітінділерін жағу салыстырмалы беттік электрлік кедергісінің (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-60 % және қарқынды ысқылану жоқ болса) азаюын 1 ай мезгілге қамтамасыз етеді. Бұл заттарды өңделуші материалдардың құрамына кіргізудің кемірек нәтижесі шамалы, бірақ бұл әрекет заттардың әсерін бірнеше жыл сақтайды.

47. Диэлектрлік сұйықтықтардың және полимер ерітінділерінің (желімдердің) меншікті көлемдік электрлік кедергісін азайту үшін, оларда еритін әртүрлі статикалық электрге қарсы қоспаларды, атап айтқанда, осы Талаптардың 7-ші және 8-ші қосымшаларына сәйкес, айнымалы валентті жоғарғы карбонды, нафтенді және синтетикалық майлы қышқылдардың металдарының тұздарын қолдану рұқсат етіледі.

48. Беттік-белсенді заттарды және басқа да статикалық электрге қарсы қоспаларды пайдалану шығарылатын өнімге қойылатын талаптардың бұзылуына жол берілмейтін жағдайларда қолдану рұқсат етіледі.

4 - тарау. Зарядтарды бейтараптандыру
49. Статикалық электр зарядтарын қарапайым тәсілдер көмегімен қауіпсіз бұру мүмкін болмаса (Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрінің 2008 жылдың 17-ші шілдесіндегі бұйрығымен бекітілген №11-II-ші Қазақстан Республикасының Электрқондырғылар құрылымдарының Ережелерінің талаптарына сай), зарядталған материалдардың бетіне жақын ортаның ауаны ионизациялауға рұқсат етіледі.

50. Барлық санаттағы жарылыс қауіпті өндіріс ғимараттарындағы статикалық электр зарядтарын бейтараптандыру үшін, осы Талаптардың 9-шы қосымшасына сәйкес радиоизотопты бейтараптандырғыштар қолданылады. Олардың қызметі өндіріс ауасын Плутония-239-дың -сәулелерімен және Прометия-147-нің -сәулелерімен ионизациялау болып табылады. Плутония-239-дың -сәулелері негізінде ауаны ионизациялаудың тиімділігі зарядталған беттерден арасы 40 мм қашықтықта, ал Прометия-147-нің -сәулелерімен ионизациялау – 400 мм қашықтықта білінеді.

51. Ашық беттердегі (пленка, мата, таспа, беттік материалдар және тағы басқалары) статикалық электр зарядтарын бейтараптандыру үшін Плутония-239-дың негізіндегі бейтараптандырғыштар қолданылады. Бұл жағдайда бейтараптандырғыштар мен зарядталған беттердің ара қашықтығы 50 мм-ден аспауы керек.

52. Жіптер, талшықтар тобының және басқа да материалдың статикалық электр зарядталған беттері бір жазықтықта жатпаса, бейтараптандыру көзі оған 50 мм-ден жақын бара алмайтындай бір бетте жатпаса, онда статикалық электр зарядтарын бейтараптандыру үшін, Прометия-147 негізіндегі бейтараптандырғыштар қолданылады. Бұл бейтараптандырғыштарды түйіршік материалдарға (майдаланған және түйіршіктелген) қолдану, аз мөлшердегі ионизациялық токпен шектелген, себебі, бейтараптандырғыштардың жұмыс беттерінің шаңдануы, оның тиімділігін жылдам төмендетеді.

53. Статикалық электр зарядтарын бейтараптандыруға арналған тритивтік бейтараптандырғыштарды Плутония-239-дың негізіндегі бейтараптандырғыш-тарға ұқсас қолданады. Бұл жағдайда бейтараптандырғыштар мен зарядталған беттердің ара қашықтығы 25 мм-ден аспауы керек.

54. Радиоизотопты бейтараптандырғыштарды орнату және оларды пайдалану дайындаушы-зауыттың берген пайдалану туралы нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

55. Статикалық электр зарядтарын бейтараптандыруға радиоизотопты бейтараптандырғыштар қолдану мүмкін болмаған жағдайда, аралас бейтараптандырғыштарды (НРИ-1 - НРИ-7), яғни радиоизотопты және индукциялы (ине тәріздес) бейтараптандырғыштарды немесе жарылыстан қорғалған индукциялы, жоғарывольтты (тұрақты және айнымалы кернеулі), жоғары жиілікті бейтараптандырғыштарды қолдану рұқсат етіледі.

56. Жарылыс қауіпті емес өндіріс ғимараттарында тегіс беттердегі (пленка, мата, таспа, беттік материалдар және тағы басқалары) статикалық электр зарядтарын бейтараптандыру үшін, технологиялық процесс түрі және машина конструкциясы сәйкес келсе индукциялы бейтараптандырғыштарды қолдану рұқсат етіледі. Өзара түйісетін электродтар (инелер, сым щеткалар, жіп, таспа) мен зарядталған беттердің ара қашықтығы 20 - 30 мм-ден аспауы керек.

57. Жарылыс қауіпті болып саналмайтын өндіріс орындарында қолданылған индукциялық бейтараптандырғыштар тиімсіз болған жағдайда, жоғарғы вольтты бейтараптандырғыштарды (атап айтқанда, ИН-5 түрі) және сырғымалы разрядты бейтараптандырғыштарды қолдануға рұқсат етіледі. Инелі индукциялық және жоғарғы вольтты бейтараптандырғыштарды қолданған кезде қызметшілердің жоғарғы вольтты бейтараптандырғыштардың инесінен зардап шегуіне қарсы шараларды қарастыру қажет.

58. Бейтараптандырғыштарды орнатуға мүмкін емес орындардағы статикалық электр зарядтарын бейтараптандыру үшін, ол жерлерге иондалған ауа үрленеді. Бұл жағдайда ауаны иондауды кез келген тәсілмен жүргізуге болады. Егер, бұл бейтараптандыру тәсілі жарылысқа қауіпті өндіріс ғимараттарында қолданылса, онда жарылыстан қорғалған иондағыштар (радиоизотоптардан басқасы) қарастырылады немесе олар жарылысқа қауіпсіз көрші өндіріс ғимаратына орналастырылады. Жарылысқа қауіпті өндіріс ғимараттарында иондалған ауаны айдаушы құрылымдардың өн бойында жерлендірілген металл экран қарастырылады. Зарядталған материалдарда оң зарядталған бөліктермен қатар, теріс зарядталған бөліктер немесе заряд белгісі белгісіз болса, онда ауада оң және теріс иондардың пайда болуын қамтамасыз ететін иондағыштар қолданылады. Егер материал тек қана бір белгілі зарядтармен зарядталған болса, онда ауа ағынын қарама-қарсы белгідегі иондармен иондау қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда ауа ағынының иондалу дәрежесі биполярлық иондауға қарағанда ақырын кемиді, бұл өз кезегінде иондағыш құрылғыларды алысырақ орнатуға мүмкіндік береді.



5 - тарау. Сұйықтықтардағы қауіпті разрядтарды болдырмау
59. Егер құбыр желілері мен аппаратураларда булы ауа қоспаларының жарылыс қауіпті концентрацияларының пайда болу мүмкіндігі шектелген болса (қышқылдағыштары жоқ тұмшаланған аппаратура, инертті газдармен немесе бумен толтырылған немесе өте жоғарғы қысымдағы аппаратуралар мен құбыр желілері), онда құбыр желілерімен тасымалданатын сұйықтардың және олардың аппаратуралардан өту жылдамдығына шектеу қойылмайды. Ал қалған жағдайларда сұйықтықтардың құбыр желілерімен тасымалданатын және олардың аппаратуралардан өту жылдамдығы қабылдағыш ыдысқа (аппаратқа) құйылған сұйықтықпен келген ағынның заряды оның бетімен ұшқын алып қоршаған ортаны тұтандыратындай энергия тудырмайтындай жылдамдыққа дейін шектеледі.

60. Құбыр желілерінің бойымен аппараттарға (ыдыстарға, резервуар-ыдыстарға) келіп құйылатын сұйықтықтардың рұқсат етілген жылдамдығы әрбір жағдайда сұйықтықтың қасиеттеріне, құбыр желілерінің диаметрлеріне және оның қабырғаларының материалдарының ерекшеліктеріне, өндірісті пайдалану кезіндегі басқа да шарттарға байланысты белгіленеді. Бұл жағдайда сұйықтықтарды тасымалдау және олардың ағу жылдамдықтарының мынадай көрсеткіштері ескеріледі:

1) меншікті көлемдік электр кедергісі 105 Ом/м - 10 м/с болатын сұйықтықтар үшін;

2) меншікті көлемдік электр кедергісі 109 Ом/м - 5 м/с болатын сұйықтықтар үшін;

3) меншікті көлемдік электр кедергісі 109 Ом/м-нан жоғары болатын сұйықтықтар үшін;

4) сұйықтықтарды тасымалдау және олардың ағуының рұқсат етілген жылдамдығы әрбір сұйықтыққа жеке-жеке белгіленеді; ең шекті жылдамдығы ретінде (құбыр желісінің берілген диаметріндегі) қабылдау ыдысындағы сұйықтықтың бетінің потенциалы, осы Талаптардың 10-шы қосымшасына сәйкес, шекті мәндерден аспауы қажет; негізі диаметрі 200 мм-ге дейінгі құбыр желілерінде тасымалданатын және ағатын сұйықтықтардың қауіпсіз жылдамдығы - 1,2 м/с тең деп саналады.

61. Электростатикалық ұшқын қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, көмірсутекті газдар мен ауаның қоспасы үшін сұйықтықтар мен жабдықтардың бөлшектерінің бетінің потенциалы 115 В аспайтындай, ал, сутегі мен ауаның, ацетиленнің ауамен және күкіртті көміртектің буының ауамен қоспалары үшін 30 В аспайтындай болуы керек.

Босатылған резервуар-ыдыстарды меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерден жоғары сұйықтықпен толтыру кезінде, сұйықтықты айдау жылдамдығы, ыдысқа батырылған құбырдың ұшы құйылып жатқан сұйықтық бетіне көрінбей қалғанша, 1,2 м/с дейінгі жылдамдықпен шектелген жөн.

Резервуар-ыдыстарға жанатын және жарылысқа қауіпті заттарды айдайтын барлық сорғы бекеттерінде резервуар-ыдыстардың әрбір деңгейіндегі шекті шығуларды, сұйықтықтың жылдамдығын көрсеткен кесте ілінеді.

62. Меншікті көлемдік электр кедергісі 109 Ом/м-нан жоғары болатын сұйықтықтардың ыдыстарға (резервуар-ыдыстарға) құйылатын жылдамдығын азайту үшін, осы ыдыстарға (резервуар-ыдыстарға) кірер жеріндегі құбыр желісінің горизонталь бөлігінің диаметрін ұлғайту арқылы теңдеңдіргіш ыдыс қолданылады.

Бұл жағдайда құбыр желісінің осы бөлігінің диаметрі (м) мына теңдеудің мәнінен кем болмауы керек:

, (1)

мұндағы,


Dp - теңдеңдіргіш ыдыс диаметрі, м;

Dт - құбыр желісінің диаметрі, м;

Vт - құбыр желісіндегі сұйықтықтың жылдамдығы, м/с.
Оның ұзындығы (м) мына теңдеудің мәнінен кем болмауы керек:
L = 2,2 · 10-11   , (2)

мұндағы,


 - сұйықтықтың диэлектрлік тұрақтылы;

- сұйықтықтың меншікті көлемінің электр кедергісі, Ом/м.

63. Ұшқын разрядтарының қаупін болдырмау үшін, жанатын және жарылысқа қауіпті сұйықтықтардың бет жағында жерлендірілмеген қалқып жүрген заттар болмауы керек.

64. Қалтқылы деңгей өлшегіштердің қалтқыларын электр тогын өткізетін және ол жерге қарағанда қандай қалыпта болмасын оның электр кедергісі 100 Ом-нан аспайтын материалдан жасалуы керек.

Егер өндіріс технологиясы бойынша сұйықтықтардың бет жағында жерлендірілмей жүзіп жүретін заттардың болуы шарт болса, онда оның үстіңгі жағында жарылыс қауіпті ортаның шоғырлануына жол бермеу керек.

Жобамен негізделген жағдайда, сұйықтықтардың булануынан болатын шығындарды азайту үшін қолданылатын, сұйықтық бетінде жүзіп жүретін құрылғылар мен заттарды (понтондар, пластмассадан жасалған шарлар және тағы басқалары) электр тогын өткізбейтін материалдан жасауға болады.

65. Аппараттарға, резервуар-ыдыстарға, цистерналарға, ыдыстарға құйылатын сұйықтықтар шашырамай, себеленбей немесе қатты араласпайтындай болып берілуі тиіс.

66. Сұйықтықтың бос, сарылдап құйылуын болдырмау керек. Қабылдағыш ыдыстың түбінен жібергіш құбырдың ұшына дейінгі ара қашықтық 200 мм-ден аспауы керек, ал, егер бұл мүмкін болмаса, шүмекті ағынды ыдыстың қабырғасына қарай бағыттау керек. Бұл кезде, құбыр ұшының қалыбы және сұйықтықты беру жылдамдығы, сұйықтықтың шашырауына жол бермеуі керек.

67. Сұйықтықты резервуар-ыдыстың ішіне берген кезде, оны ыдыстың ішіндегі қалдық сұйықтықтың деңгейінен төмен берілуі керек. Босатылған резервуар-ыдыстарды меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерден жоғары сұйықтықпен толтыру кезінде, сұйықтықты айдау жылдамдығы, ыдысқа батырылған құбырдың ұшы құйылып жатқан сұйықтық бетіне көрінбей қалғанша, 1,0 м/с дейінгі жылдамдықпен берілгені жөн.

68. Резервуарлар мен ыдыстардан сұйықтықтардың үлгісін алу, сұйықтық деңгейін әртүрлі өлшегіш сызғыштар мен метр-штоктар арқылы өлшеу люктер арқылы сұйықтықтардың қозғалысының толық тоқтағанынан кейін, сұйықтық толық тыныштыкта тұрған кезде жүргізеді. Бұл кезде, өлшегіш құрылғылар  кіші 105 Ом/м болатын материалдардан жасалып және жерлендіріледі. Егер, сұйықтықтың меншікті көлемдегі электр кедергісі  = 1011 Ом/м мөлшерінен жоғары болса, онда бұл операцияларды ыдыс ішіндегі сұйықтықтың толқуы толық тоқтағаннан кейін 10 минут өткен соң жүргізіледі.

Резервуар-ыдыстар мен ыдыстардың ішіндегі сұйықтықтардың деңгейін өлшеу ара қашықтықтан автоматты өлшегіштермен өлшенеді, ал сұйықтықтардан сараптамалық үлгі алу, арнайы құрылғылар арқылы жүргізіледі.

6 - тарау. Газ және булы-газ ағындардан зарядтарды бұрып әкету
69. Құбыр желілері мен аппараттардағы жанатын газдар мен булардың ұшқын разрядтарының пайда болуын болдырмау үшін, технологиялық мүмкіншілік болған жағдайда, газ ағындарының құрамында қатты немесе сұйық бөлшектерді болдырмайтын шаралар қарастырылады.

70. Жарылыс қауіпті ортада булар мен газдардың, жоғары қысымда жұмыс істейтін аппараттардың, құбыр желілерінің және ұңғымалардаң тығыз жабылмаған бөліктері арқылы жүруін болдырмау керек, бұл өте жоғары электр зарядының туындауына себеп болады.

71. Тығыз жабылмаған бөліктер арқылы жүрген газ ағындары қысымның жоғарғы ауытқулары кезінде бу және газ конденсаттары өте жоғары электризацияға ұшырайды. Бұл ішінде жанатын булар мен газдары бар жоғары қысымда жұмыс істейтін жабдықтардың қосылған жерлеріне аса ұқыпты қарауды талап етеді.

72. Газ ағындарының өн бойында жерлендірілмеген металл бөліктері мен бөлшектері болмауы керек.

73. Газ ағындарынан зарядтарды әкетуді оның өн бойына жерлендірілген металл тор, тақтайша, бөлгіштер, коаксиальды түтіктер және тағы басқа сол сияқты құрылғыларды енгізуге жол берілмейді.

74. Мұнай ұңғымаларын оған ауа үрлеу арқылы пайдалану кезінде статикалық электр зарядтарының жарылыс қауіпті мөлшерінің және қауіпті пайда болуларына жол бермеу үшін, ұңғыманың шығару құбырын аз уақытқа болса да жауып-ашуға болмайды. Үзіліс болған жағдайда ұңғыма ауадан босатылып, инертті газ немесе көбікпен толтырылады.

Мұнай ағыны шыға бастаған ұңғыманың шығару құбырын, барлық ауа аралас сұйықтық шығып болғанша жабуға болмайды.

75. Егер қауіпті ұшқын разрядтарын басқа жолмен болдырмау мүмкіндігі болса, онда инертті газдарды және тағы басқаларын қолдануды болдырмау керек.



7 - тарау. Түйіршік және ұсақ дисперсті материалдарды өңдеу кезінде зарядтарды әкету
76. Түйіршік (сонымен қатар, ұсақ дисперсті) материалдарды өңдеу жұмыстарын осы Талаптардың 84-ші бабына сәйкес, металл немесе электр өткізуге қабілетті металл емес жабдықтарда жүргізеді.

77. Түйіршік материалдарды өңдеу жұмыстарына, осы Талаптардың 85 және 86-шы баптарына сәйкес, антистатикалық немесе диэлектрлік жабдықтарды қолдану кезінде, өңделген материалдардан зарядтардың әкетілу шарттарын жақсарту үшін, осы Талаптардың 88, 90-94-ші баптарының талаптарының орындалуына көңіл бөлу керек.

78. Металл емес құбыр желілерінің бойымен түйіршіктелген, майдаланған, порошок тәрізді полимерлік материалдардың тасымалдануы кезінде, құбыр материалы сол материалдан немесе құрамы соған жақын полимер материалдан жасалуы тиіс (мысалы, порошок тәрізді немесе түйіршіктелген полиэтиленді полиэтиленнен жасалған құбыр бойымен тасымалдаған жөн).

79. Материалдарды ауа ағынында тасымалдау және майдалау қондырғыларына берілетін ауа ылғалдылығы, оның пневмотранспорттан шығатын жерлердегі және материалды ұсақтайтын ағынды диірмендердегі салыстырмалы ылғалдылығы 65 пайыздан кем болмауы керек.

80. Егер, осы Талаптардың 79-шы бабындағы талаптарды белгілі бір себептермен орындау мүмкін болмаса, аталған процесті инертті газ ағынында жүргізеді. Ауаны пайдалану жұмыс істеп тұрған жабдықтардағы материалдардың электрлену дәрежесін өлшеу нәтижелері, процесті қауіпсіз жүргізуге болатынын растаса ғана рұқсат етіледі.

81. Түйіршіктелген және басқа майдаланған заттарды қаттау кезінде және жабдықтардың қозғалатын элементтерін жеңді сүзгілердің қозғалмайтын элементтерімен жалғастыратын матадан жасалған жұмсақ жең тәрізді құбырларынан зарядтардың ағылуын жақсарту үшін, осы Талаптардың 4-ші қосымшасына сәйкес, оларды беттік-белсенді заттар ерітіндісімен өңдеп, кейін кептіріп, орындарына орнату кезінде олардың жабдықтардың металл бөліктерімен жалғанып, жерлендірілуін қамтамасыз ету керек. Жеңді сүзгілер үшін, сүзгі матаның сүзгілеу сапасын төмендетпейтіндей сіңдіру ерітінділерін таңдау керек. Ол үшін металл сымдар жүргізілген маталарды да пайдалануға рұқсат етіледі.

82. Түйіршікті өнімдерді қағаз, полиэтилен, полихлорвинил және басқа да қаптардан бірден, ішіндегі температурасы, осы өнімдердің тұтану температурасынан жоғары болатын аппараттардың люк-қақпағы арқылы салуға болмайды. Бұл жағдайда металдан жасалған шнекті, секторлы және басқа да салғыштар қолданылады.

83. Шаңдардың ұшқын разрядынан жарылысын болдырмау үшін:

1) жарылыс қауіпті шаң-ауа қоспаларының қордаланбауын қадағалау керек;

2) жиналған шаңдардың құлауын және лақтырылуын, шаң бұлтының пайда болуын және оның құйындауын болдырмау керек;

3) технологиялық регламентпен бекітілген мерзімдерде, жабдықтарға және құрылыс конструкцияларына отырған шаңдарды тазалап тұру керек.

8 - тарау. Футеровкаланған және металл емес материалдардан жасалған жабдықтарды қорғау
84. Жабдықтың электр өткізгіштігі деп өңделетін өніммен (шикізатпен, жартылай өніммен, дайын өніммен) түйісетін беттерінің материалы меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен аспайтын материалдардан жасалған жабдықтарды айтады. Мұндай материалдарға жататындар: электр тогын өткізетін П2ЭС-1 және 11ПЭ85 маркалы полиэтилен – құбыр жасауға арналған және ИР-53, КР-388, КР-245 маркалы резиналар - рулонды пластиналарды, қалыпты бөлшектерді және транспортер ленталарын жасауға арналған. Электр өткізгіш резиналар осы Талаптардың 11-ші қосымшасына сәйкес әртүрлі каучуктар негізінде құрамына ацетиленді көмір, ПМ-100, ПМ-90Э маркалы майлы күл немесе графит кіреді.

85. Жабдықтардың статикалық электрлікке қарсылығы деп олардың өңделетін заттармен түйісетін беттерінің материалы меншікті көлемінің электр кедергісі 108 Ом/м мөлшерінен аспайтын материалдардан жасалғанын айтады. Мұндай материалдарға П2020ТФ маркалы полиэтилен жатады. Өндірістік шыны түріндегі эмалдар 100 °С температурадан асқанда статикалық электрлікке қарсылығы артады.

86. Жабдықтардың диэлектригі деп, олардың өңделетін заттармен түйісетін беттерінің материалы меншікті көлемінің электр кедергісі 108 Ом/м мөлшерінен аспайтын материалдардан жасалғанын айтады.

87. Металл емес материалдардан жасалған және футеровкаланған электр өткізгіш жабдықтарды осы Талаптарда қарастырылған металл жабдықтарға арналған статикалық электрден қорғау шараларымен қорғайды.

88. Футеровкаланған және металл емес жабдықтардың қаңқалары, бөлшектері, тетіктері мен электр өткізгіш беттері жерлендіріледі. Статикаға қарсы диэлектрлік және металл емес жабдықтарды қолданған кезде, олардың құрамында электр кедергісі жермен салыстырғанда 100 Ом мөлшерінен артық металдан жасалған бөліктері мен бөлшектердің болуына жол берілмеуі керек.

89. Меншікті көлемдік электр кедергісі 109 Ом/м мөлшерден аспайтын, статикаға қарсы футеровкаланған, металл қаңқалары жерлендірілген аппараттар мен құбыр желілерінде 2 м/с жылдамдықпен сұйықтықтар іс жүзінде электрленбейді және оларға қосымша қорғаныс шараларын қарастырудың қажеті жоқ.

90. Меншікті көлемдік электр кедергісі 109 Ом/м мөлшерден артық мұнай өнімдерін айдауға және тасымалдауға диэлектрлік жабдықтарды қолдануға болмайды.

91. Меншікті көлемдік электр кедергісі 109 Ом/м мөлшерден артық заттар мен материалдар тасымалданатын статикаға қарсы және диэлектрлік құбыр желілерінің сыртқы беттері металмен қапталып немесе электр тогын өткізгіш эмальдармен және лактармен боялады. Бұл жағдайда электр өткізгіш қабат пен жерлендірілген металл тетіктің арасындағы түйісу қамтамасыз етілуі тиіс.

92. Электр өткізгіш қабаттың орнына, аталған құбыр желілерін қимасы 4 мм2 болатын металл сыммен орам арасын 100 - 150 мм-ден орап, сымды жерлендірілген металл тетікке жалғайды. Егер металл тетік болмаса құбыр желісінің электр өткізгіш қабатын жерлендіргішке металл сымжалғаулар арқылы әрбір 20-30 м жерден қосу керек.

93. Металл емес статикаға қарсы және диэлектрлік ыдыстар мен аппараттар сыртқы жағынан (аппарат ішіндегі ортаға байланысты мүмкіншілік болса, ішкі жағын да) электр өткізгіш лактармен және эмалдармен бояйды, содан соң олардың жерлендірілген металл тетіктермен сенімді түйісуін қамтамасыз етеді. Электр өткізгіш қабаттың жерлендірілген металл тетіктермен түйісуін аппараттың (ыдыстың) барлық іші-сырты электр өткізгіш эмалмен үздіксіз боялып, оны жерлендірілген металл тіректерге қондыру арқылы қамтамасыз етеді. Аппараттың барлық іші-сырты электр өткізгіш эмалмен үздіксіз бояу мүмкіндігі болмаса, ішкі электр өткізгіш қабатты қосымша электрод немесе сымдар жалғау арқылы жерлендіреді.

94. Диэлектрлік жабдықтың ішіндегі зат, егер сол жабдықтың электрленген беттерімен ысқылану немесе индуктивтік арқылы заряд жинайтын болса, онда осы ортаға төзімді, жерлендірілген, саны екеуден кем емес электрод енгізуге болады. Бұл жағдайда жабдықтың тұмшалануына және енгізілген электродтың ортадан шығып тұруына жол берілмеу керек. Бұл шаралар, аппараттағы ортаның меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен аспайтын мөлшерде болса ғана жеткілікті саналады.

9 - тарау. Адамдарда, жылжымалы ыдыстар мен аппараттардағы пайда болған зарядты қауіпсіз әкету
95. Негізінен, диэлектриктік болып саналатын, жанатын және тез тұтанатын сұйықтарды тасымалдайтын, жылжымалы аппараттар мен ыдыстар, осы Талаптардың 84-85-ші баптарына сәйкес, электр тогын өткізетін немесе статикаға қарсы материалдардан жасалады. Оларды дөңгелектері бар металл арбаларда тасымалдау кезінде, аппараттар мен ыдыстардың, арба қаңқасымен түйісуін қамтамасыз ету керек. Электрленетін, жарылыс қауіпті заттарды, дөңгелектерінің электр өткізбейтін резеңкелері бар, арбалар мен электрлік арба-караларда тасымалдау кезінде, осы Талаптардың 102-ші бабына сәйкес, арбалар мен электрлік арба-каралардың қаңқаларының жермен немесе электр өткізгіш еденмен түйісуін, қаңқаға ілінген мыстан жасалған шынжыр немесе ұшқын бермейтін басқа да металлдан жасалған сымды іліп, оның бір ұшы әрдайым жерге немесе еденге тиіп жүруін қамтамасыз ету керек. Темір арбашалардың қозғалысы кезіндегі шуды азайту үшін, оның дөңгелектерін осы Талаптардың 11-ші қосымшасына сәйкес, КР-245 маркалы немесе басқа типтегі электр өткізгіш резеңкемен қаптауға рұқсат етіледі.

96. Жылжымалы ыдыстарды толтыратын орындардың едендері, осы Талаптардың 102-ші бабына сәйкес, электр өткізгіш болады немесе еденге жерлендірілген металл жалпақ бетті темір тастап оның үстіне толтырылатын ыдысты орнатады; жылжымалы ыдыстарды жерлендіргіш құрылғыға мыс сым арқылы жалғауға да болады.

97. Сұйытылған газдарға арналған баллондар, оларды толтыру кезінде жерлендірілген металл тұғырға қойылады және сым темір арқылы жерлендірілген құрылғымен жалғастырылады.

98. Жылжымалы ыдыстарды толтыру кезінде, шланга құбырдың ұшы ыдыстың түбіне дейін 200 мм-ден аспайтын аралыққа батырылуы керек. Егер, сыйымдылығы 10 литрден аспайтын ыдыстың аузы шланга-құбырды ішіне салуға болмайтындай болса, онда мыс немесе басқа ұшқын шығармайтын материалдан жасалған құйғышты пайдалану керек, пайдалану кезінде құйғыштың ұшы ыдыс түбінен аралығы 200 мм-ден аспауы керек. Қысқа құйғышты пайдаланған кезде, құйғыштың ұшына, осы ортаға төзімді, ұшқын шығармайтын, электр өткізгіш материалдан жасалған майда шынжыр байлап, ол ыдыстың түбіне дейін жетіп тұру керек.

99. Жарылыс қауіпті өндіріс орындарында адам денесіндегі, электрленген материалмен немесе үстіндегі киім элементтерімен түйісу немесе оның индуктивтік әсері негізінде пайда болған зарядтардың топтануын болдырмау үшін, зарядтардың жерге қарай құйылуын қамтамасыз ету керек. Бұл талаптарды орындаудың негізгі жолы - аяқ киім мен еденнің электр өткізгіштігін қамтамасыз ету. Қимыл кезінде қатты электрленетін, адам денесінде электр зарядтардың тез топталуына себепкер болатын синтетикалық киімдердің көп таруына байланысты, жерлендірілген тұтқалар, биік тұғырлардың ұстағыштары адам денесіндегі жиналған электр зарядтарын жерге тартудың қосымша амалдары болып табылады.

100. Егер ұлтарақ қалыптағы, аяқ киім табанына салынып, 25 кг/с күшпен сығылатын металл электродымен сыртқы металл пластинасының арасындағы электрлік статикалық кедергісі 107 Ом (бірақ 105 Ом-нан кем болмауы керек) мөлшерінен аспаса, онда аяқ киім электр өткізгіш болып саналады.

101. Егер қызметкер жұмысты электр өткізбейтін аяқ киімде, отырып орындайтын болса, онда оның денесіндегі жиналған статикалық электр зарядтарын антистатикалық халат және орындағы электр өткізгіш көрпеше арқылы немесе оның қолына тағылған, тез шешілетін, жермен 105-107 Ом кедергі шамасында жалғанған электр өткізгіш білезік арқылы жерге тартуға болады.

102. Адам денесінен, жылжымалы ыдыстардан және аппараттардан статикалық электр зарядтарын әкету үшін, жарылыс қауіпті өндіріс орындарының едендері электр өткізгіш болып орындалып, олардың осы өндіріс орындағы (ғимараттағы) меншікті көлемінің электр кедергісі 106 Ом/м мөлшерінен аспайтын материалдардан төселеді.

Егер, еденге 25 кг/с күшпен сығылып төселген, ауданы 50 см2 болатын металл пластинаның және жерлендіргіштің электр кедергісі 107 Ом-нан аспайтын мөлшері еденнің беті электр өткізгіш болып саналады.

Еденге меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен асатын заттардың төгілуіне жол бермеу керек.

103. Электр өткізгіш төсемдердің (құрғақ күйінде) мысалдарына мыналар жатады: бетон, керамикалық тақтайша, ксилолит, осы Талаптардың 12-ші қосымшасына сәйкес, ИР-53, КР-388 маркалы электр өткізгіш резеңкеден жасалған төсеніш, антистатикалық линолеум, (резеңке линолеум).

104. Жарылыс қауіпті бу-, газ- және шаңды ауа қоспалары пайда болуы мүмкін ыдыстар мен аппараттардың ішкі жағында жұмыс істеуге электрленетін материалдардан тігілген комбинезондарда, күртешелерде және басқа да жоғарғы киімдерді киюге болмайды.

105. Тік ұшақтарды көлік құралы ретінде пайдалану кезінде, жердегі операторларға статикалық электр зарядының қауіпті әсерін болдырмау үшін, жердегі ператорларға тік ұшақтың көтергішінің немесе сыртқы ілгішінің сымы жерге тигенше, жүкті ілу жұмыстарына кірісуге болмайды.

Тік ұшақпен берілген жүктерді жерге түсіру кезінде қордаланған статикалық электр зарядын жерлендірілген сымға тигізу арқылы залалсыздандырғанша, жердегі операторларға жұмысқа кірісуге тыйым салынады.



10 - тарау. Жабдықтардың айналатын бөліктері мен белдікті берілістеріндегі зарядты әкету
106. Электрленген материалдардан электрленуі немесе зарядталуы мүмкін машиналар мен аппараттардың айналатын және қозғалатын электр өткізгіш бөліктерінің, олардың жабдықтың жерлендірілген қаңқасымен түйісуі зырылдауықтарының майлануы немесе диэлектриктік антифрикциондық материалдарды қолдануларының арқасында болмай қалуы мүмкін болғандықтан, олар өз алдына сенімді жерлендірілген құрылғылары болады. Өндірістің жарылыс қауіпті ғимараттарында электр өткізбейтін материалдардан жасалған зырылдауықтар мен оларға арналған төсемдерді пайдалануға болмайды. Электр өткізгішті зырылдауықтардың түйісуінің ең жақсы құралы – электр өткізгіш майларды пайдалану болып табылады. Егер айналатын бөліктерден зарядтарды әкетуді қарапайым тәсілдермен әкету мүмкін болмаған жағдайда, залалсыздандырғыштарды қолдануға рұқсат етіледі.

107. Жарылыс қауіпті цехтарда электрқозғалтқышты тікелей орындаушы механизммен жалғастыруға немесе қозғалтқыш білігі мен орындаушы механизмның арасындағы электр түйісуді қамтамасыз ететін металдан жасалған редуктор немесе берілістің басқа түрін пайдалануға рұқсат етіледі.

108. Белдікті берілісті пайдаланған кезде, олардың барлық бөліктері, атап айтқанда, бұрыштамалы белдіктер, меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен аспайтын материалдардан жасалуы керек, ал барлық қондырғы (қоршауы және белдікті беріліс айналасындағы басқа да металл бөліктер) жерлендіріледі.

109. Меншікті көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен артық болатын материалдардан жасалған белдіктерді пайдалану кезінде электрленуді болдырмаудың келесі тәсілдерінің бірі қолданылады:

1) белдік берілісі бар қондырғылар орнатылған орынның айналасындағы ауаның ылғалдылығын 70 пайыздан артыққа жоғарылату;

2) белдіктерді электр өткізгіш майлармен майлау;

3) ерекше жағдайларда белдіктің ішкі жағынан, оның шкивтен шығар жеріне жақынырақ қойылған - бейтараптандарғыштар арқылы ауаны ионизациялау.

110. Былғары және резеңке белдіктерге арналған электр өткізгіш қабат ретінде жағылатын майдың құрамы - глицериннің 100 салмақ бөлігіне көмір күлдің 40 салмақ бөлігі болады. Бұл майды белдіктің сыртқы жағына щеткамен механизм тоқтап тұрғанда жағады, бірақ майлау аптасына 1 реттен кем болмауы керек.

111. Белдіктерді маймен және басқа да сұйық және көлемінің электр кедергісі 105 Ом/м мөлшерінен артық болатын қатты заттармен ластануына жол бермеу керек.

112. Жарылыс қауіпті ғимараттардағы белдіктерді канифольмен, воскпен және басқа да беттік кедергіні арттыратын заттармен майлауға жол берілмейді.



11 - тарау. Газ-мұнай шығулары кезінде және мұнай мен газ ашық атқыларының жою кезіндегі статикалық электрден қорғану
113. Ұңғыма жанындағы барлық жұмыскерлер ашық фонтан болған жағдайда статикалық электр зарядының қауіпті пайда болулары туралы және одан қорғану шаралары туралы нұсқаулықтар алған.

114. Ашық фонтанды жою туралы жауапты басшы, статикалық электр зарядынан қорғану шараларының орындалуын қамтамасыз етеді және электр статикалық ұшқын қауіпсіздігі шараларының бұзылуына жол бермейді.

115. Ашық фонтан кезінде статикалық электр зарядтары мұнайдың ұңғыма ұшынан 2 м/с жылдамдықпен және газдың 100 м/с жылдамдықпен шығуы кезінде пайда болады.

Теңіздегі ұңғымаларда және судағы ұңғымаларда статикалық электр зарядтары мұнайдың және газдың судың қалың қабаты арқылы өтуі кезінде, газ бағытының су бетімен немесе жоғарыдан су бетіне қарай жүруі кезінде пайда болады.

Статикалық электр зарядтарының пайда болуларының жиілігі газ немесе мұнай шығуларында қоспалардың болулары кезінде жоғарылайды.

116. Ашық мұнай және газ фонтаны кезінде электрлену және статикалық электр зарядтарының пайда болуларының жиілігін мүмкіндігінше азайту мақсатында барынша фонтан ағынының шашырауына, бүркуіне, себеленуіне және бөлінуіне қарсы шаралар қарастырылады.

117. Ашық мұнай және газ фонтаны кезінде, қауіпті аумақтағы барлық жабдықтар, оның бөліктері, коммуникациялары мен аспаптары жерлендіріледі.

Егер жабдықтар мен құралдар немесе олардың бөліктері жерге орналастырылса немесе электр өткізгіш тұғырға орнатылса, онда олар электр статикалық жерлендірілген болып саналады.

118. Ашық ағып тұрған газ немесе мұнай ағынына электрленуді азайту мақсатында торларды, бөгіштерді, пластиналарды, каоксиальды біліктерді және сол сияқтыларды кіргізуге болмайды.

119. Ашық фонтан аумағындағы жарылыс қауіпті аймақта адам денесіне жиналуы мүмкін қауіпті электр зарядын болдырмау үшін, жұмыскерлердің аяқ киімінің және адам тұратын еденнің электр статикалық өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.

Егер жұмыскер диэлектрикалық орында немесе жермен электрлік түйісуі болмаса, онда ашық фонтан аумағындағы жарылыс қауіпті аймақта қандай да болмасын жұмыс жүргізуге болмайды.

120. Ашық фонтан аумағындағы жарылыс қауіпті аймақта адам денесінде жиналған қауіпті электр зарядын үздіксіз әкету үшін, жұмыскерлердің аяқ астының электр статикалық өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.

Электр өткізгіш деп аяқ астының жер, темір-бетон және темір су себілген едендерін айтады.

121. Ашық мұнай немесе газ фонтаны аумағындағы жарылыс қауіпті аймақтағы жұмыскерлердің жұмыс орындарында су немесе инертті газ себеленеді.

122. Ашық фонтан аумағындағы жарылыс қауіпті аймақта жұмыс істеуге электрленетін материалдардан тігілген комбинезондарда, күртешелерде және басқа да жоғарғы киімдерді киюге болмайды.

3 – бөлім. Статикалық электрден қорғану құрылғыларын пайдалану

123. Статикалық электрден қорғану құрылғыларын пайдалануға қабылдау ҚНжЕ 3.05.06-85 және ҚНжЕ 3.01.04-87 талаптарына сәйкес, технологиялық және энергетикалық жабдықтарды пайдалануға қабылдау кезінде жүргізіледі.

124. Статикалық электрден қорғану құрылғыларынын дұрыс жұмыс істеуі электрлік техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі. Электр құрылғыларына жауапты тұлға қорғаныс құрылғыларының дұрыс пайдалануын, ұйымдастырады, оларды пайдалану жөніндегі технологиялық регламентті қарастырып, бекітеді және олардың пайдалануының дұрыстығын бақылайды.

Технологиялық регламент – кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативті құжаты.

125. Әр түрлі типтегі электр залалдандырғыштарды пайдалану Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрінің 2008 жылдың 17-ші шілдесіндегі бұйрығымен бекітілген №11-II-ші Қазақстан Республикасының Электрқондырғылар құрылымдарының Ережелерінің және технологиялық регламенттін талаптарын сақтай отырып, оларға қосылып берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сай жүргізіледі.

126. Залалдандырғыштарды бақылаудан өткізу және оларды жөндеу жұмыстары оларға қосылып берілген пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сай, жөндеу жұмыстары олар орнатылған жабдықтарды жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Егер залалдандырғыштарды жөндеу жұмыстары жиірек болатын болса, онда жөндеу жұмыстарының кестесі құрылады да, жөндеу кезінде оларды қосалқы залалдандырғыштармен ауыстыру қамтамасыз етіледі. Жөндеу кестесі электр құрылғыларының жұмысына жауапты тұлғамен бекітіледі.

127. Ауаны ылғалдандыру қондырғыларының бақылау және жөндеу мерзімі, олардың құрылғыларына қарай сол орнында анықталады. Оларды жөндеу жұмыстарының кестесі ұйымның электр құрылғыларының жұмысына жауапты тұлғамен бекітіледі. Ылғалдандырғыштарды жоспардан тыс жөндеу жұмыстары, егер олар ауаны тиісінше ылғалдандыра алмаса жүргізіледі.

128. Статикалық электрден қорғанудың жерлендіргіш құрылғыларының электр кедергісін бақылау және өлшеу жұмыстары қондырғының электр жабдықтарының жерлендірілуімен қатар жүргізіледі.

129. Эстакадалар мен құю-құйып алу жабдықтарының жерлендіргіш жүйесі бақылаушы тұлға тексереді.

130. Эстакадалар мен құю-құйып алу жабдықтарының жерлендіргіш жүйесін күн сайын эстакада бастығы, апта сайын қондырғы бастығы тексереді.

131. Қорғаныс құрылғыларын бақылау кезінде:

1) ток беретін элементтердің электр байланысының тұтастығы тексеріледі;

2) қорғаныс құрылғыларындағы ауыстырылатын немесе механикалық зардаптар негізінде зақымданғандарын күшейтіп бекітуге жататындарын анықтау;

3) бұл құрылғылардың злементтерін таттанудан қорғау шараларының көлемін анықтау;

4) алдын алу жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау.

132. Статикалық электрленуден қорғану түйіндерінің тез тозатын бөліктерін (құю-құйып алу жұмсақ құбырының қорғаныс жабдықтары және тағы басқалар) жөндеу және мезгілімен ауыстыру жұмыстары технологиялық регламентте бекітілген мерзімдерде жүргізіледі.



________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет