Steam – болашаққа жаңа қадам Қизатолла Серікбек Математика пәні мұғалімі «Маяковский атындағы орта мектебі»



Дата06.06.2024
өлшемі3.44 Mb.
#502400
Қизатолла С. Баяндама. STEAM-болашаққа жаңа қадам


STEAM – болашаққа жаңа қадам
Қизатолла Серікбек
Математика пәні мұғалімі
«Маяковский атындағы орта мектебі»КММ

Ұлы Абай атамыз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», деген болатын. Жаһандық бәсекеге қабілетті, жан-жақты дарынды және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру үшін жаңа тәсілдер арқылы білім беру мазмұнын жетілдіру керек.


Осы мақсатта елімізде қазір бірқатар білім бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі, білім берудің жаңа бағыты – STEM бағыты.
STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) - ғылым, технологиялар, инженерия және математика ұғымын білдіреді. STEM негізінде бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технологиялар, робототехника, инженерия және математика) болды. Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады [2].
STEAM – математика, физика, биология, химия, робототехника және т.с.с. сияқты жаратылыстану ғылымы пәндерін оқытудың пәнаралық тәсілдемесі. STEAM-әдістемелердің көмегімен оқушылар ХХІ ғасырда қажетті дағдыларды – зерттеуге және талдауға, сыни тұрғыдан және креативті ойлауға, нақты проблемаларды стандартты емес жолдармен шешуге және командада жұмыс істеуге үйренеді. STEAM-дағдылар мен ойлауды игерген түлектен еңбек нарығында – ІТ ғана емес, сонымен бірге ғылымда, бизнесте, өнеркәсіпте және пәнаралық салаларда сұранысқа ие.
STEAM мақсаты-оқушының алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдана алуы. Бұл тәсіл арқылы оқушы неге қол жеткізе алады:
- Теорияны меңгереді, маңыздылығын түсінеді.
- Пәнге деген қызығушылық артады.
- Идеяны ойлап тауып, жоба жасайды.
- Сын тұрғысынан ойлап, талдау жасай алады.
- Дарынды, жан жақты болып қалыптасады.
- Әлемдік бәсекеге қабілетті болады.
- Жеке тұлға болып қалыптасады.
Бұл бағыт еліміздегі әрбір баланың дамып өсуіне тиімді әсер етіп, өз септігін тигізеді. Оқушы математиканы, физиканы технологиямен ұштастыра жұмыс жасап, өз білімінің нәтижесін көреді, мотивация ала отырып дамиды.
Егер бала кішкентай кезінен өз қолымен кішігірім нәрсе, шағын жоба жасай алса, онда ол есейе келе үлкен бастамаларды қолға алып, күрделі мәселерді шешуге үлес қоса алады.
Қазіргі уақытта қала, аудан мектептерінде STEM кабинеттері ашылып жатыр. Ал ауыл мектептеріне әлі жете қойған жоқ. Бірақ, STEM кабинеті болмаса да, панаралық байланысты ұштастыра отырып, оқушыларды ғылымға бағыттай аламыз. Мысал, 2022 жылы 9-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар конкурсында 10 сынып оқушысы Тұрсағұл Нұраймен бірге «Тұрғын үй жайлылық факторының геометриялық анықтамасы» тақырыбында ғылыми жоба жұмысын жасап, обылыстық кезеңде 2-орын алған болатын. Бұл жоба геометия, физика пәндерімен тығыз байлынысты.
Зерттеу жұмысы қоғамдағы ең өзекті болған адамдарға жайлы өмір сыйлайтын тұрғын үй салуды зерттеді. Сонымен бірге, әртүрлы кеңістік фигуралардың жайлылық коэффициентін есептеп салыстырулар жасап, зерттеп, жоба нәтижесі бойынша өзінің «жайлы тұрғын үй» моделін ұсынды.

Қазіргі адамның бүкіл өмірі математикамен тығыз байланыста өтеді. Адамдардың өмірі соншалықты күрделі және әртүрлі, сондықтан олар үнемі математикалық білімдерін жетілдіріп отырады және өзекті мәселелерді шешуде математикаға жиі жүгінеді. Адам қайда қараса да, барлық жерде геометриялық нысандар, барлық жерде геометрия бар. Сонымен қатар, адамның өмірінің көп бөлігін өткізетін жері, үйі де белгілі бір геометриялық пішінге және оған тән қасиеттерге ие.
Ал қазіргі адамның үйі қандай болуы керек? Кез келген үйді салған кезде адамдар әрқашан өздеріне сұрақ қояды: «Қай үй жақсы?». Біреулер: «Қайсысы жылы болса, сол жақсы» десе, біреулер: «әдемі немесе ыңғайлырақ» дейді, енді біреулер, т.б. Сонда біз өзімізге: «Бұл мәселені анықтаудың жолы бар ма?»,- деп сұрақ қоямыз?
Соңғы кездері ғалымдар табиғи ресурстардың әлемдік қоры шексіз емес екенін және энергияны үнемдеу мәселесі өткір тұрғанын жиі айтады. Жылуды үнемдеу әдістерінің бірі - тұрғын үйді оның беті арқылы ең аз жылу жоғалтуымен қамтамасыз ету (Сурет 1-4).


Сіз үйдің көлемін айтарлықтай азайта аласыз, бірақ адам өзін жайлы сезіну үшін жеткілікті өмір сүру кеңістігіне ие болуы керек. Осылайша, сұрақ туындайды: тұрғын үй кеңістігінің максималды мүмкін көлемінің жылу шығуы мүмкін минималды бетінің комбинациясына қалай қол жеткізуге болады?.
Сәулет туындылары кеңістікте өмір сүреді, оның бір бөлігі болып табылады, белгілі бір геометриялық пішіндерге сәйкес келеді. Сонымен қатар, олар жеке бөліктерден тұрады, олардың әрқайсысы геометриялық дененің негізінде салынған. Көбінесе құрылымдардың геометриялық пішіндері әртүрлі геометриялық денелердің комбинациясы болып табылады.
Тұрғын үйдегі жайлылық пен оның математикалық сипаттамалары арасында байланыс бар: мысалы, көлем мен аудан.
Ғалымдар үйдегі жайлылықты есептеу формуласын ұсынды:

мұнда V - тұрғын үйдің көлемі және S - тұрғын үйдің жалпы бетінің ауданы. Ең қолайлы жайлылық коэффициенті k = 1 болып саналады.
Қызық, мысық неліктен суық түнде төсекке дайындалып жатқанда, табанын қысып, қайырылып, денесін мүмкіндігінше шар тәрізді етеді? Неліктен ұйықтап жатқанда бұйра болу соншалықты ыңғайлы? Шамасы, денелердің пішіні, көлемі және бетінің ауданы жайлылық дәрежесіне әсер ететін үлгіге ие. Мұны тәжірибе жүзінде дәлелдеуге болады. Әртүрлі геометриялық пішіндер үшін жайлылық коэффициенті төмендегідей нәтиже берді:



Нәтижесінде, әртүрлі пішіндегі тұрғын үйлер әртүрлі жайлылық коэффициентіне ие және ең жақсы жайлылық коэффициенті бар тұрғын үй бар. Ол – сфера пішініндегі үй екендігін дәлелдеп. Ауылымызда осындай жайлылығы жоғары сфера пішіндес үйлер салынса деген ұсынысын айтқан еді.

Киіз үй құрлымы бір қарағанда цилиндр мен конустың сұлбасын береді. Жалпы киіз үй цилиндр, конус, шар бөліктерінен құралған үй.



Киіз үйдің негізгі формасы жартышар мен цилиндрден құралған. Енді мына бір есепті қарастырып көрсек:



Жайлылық коэффициент 1-ге жақын. Бұдан нені түсінуге болады? Әрине, қазақтар ерте кезден-ақ киіз үйдің адамға жайлы екенін білген.
Табиғат біздің дәстүрлі құрылысқа қарағанда күрделі, қозғалмайтын құрылымдар мен технологияларды жасамайтыны белгілі.
Табиғатқа ең жақын идеалды пішін шар екені белгілі.
Изопериметриялық теорема бойынша көлемі бірдей денелердің ішінде шардың беті ең кіші. Бұл сфералық құрылымдар басқаларға қарағанда аз материалды қажет ететін дегенді білдіреді.
Шардың беріктігі беттің барлық нүктелерінде жүктемелердің біркелкі таралуымен қамтамасыз етіледі. Ол қысу мен иілуде тамаша жұмыс істейді.
Шар жел мен қар жүктемелеріне қарсы ең жақсы пішін болып табылады. Оны құру ең аз материалды тұтынумен, еңбек сыйымдылығымен және құрылыстың ұзақтығымен ерекшеленеді. Сфералық пішіннің өзі энергияны үнемдейді, сонымен қатар ол дерлік біркелкі жасалады, бұл жылу жоғалуын азайтады және жылу жүйесін орнату құнын төмендетеді.
Сфералық құрылымдарда әдетте ауа тоқтап қалатын бұрыштар жоқ, оларды желдету оңайырақ. Шарлардың жеңілдігі мен беріктігі оларды сейсмикалық қауіпті аймақтарда салудың орындылығын анықтайды. Шарды жарылыстармен жою әлдеқайда қиын, тіпті бір немесе бірнеше жерде тесіп, ол өзінің конструктивті қабілеттерін жоғалтпайды және «бүктемейді». Кеңістіктік композицияларды дамыта отырып, іргетастардың минималды аймақтарын пайдалана отырып, сфералық көп деңгейлі қалалық құрылымдарды жасауға болады.



Сонымен бірге, биылғы жылы 9-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар конкурсында 11 сынып оқушысы Мәдікен Диана «Параметрі бар есептерді шығару әдістері» тақырыбында ғылыми жоба қорғап облыстан 3-орын, Алматыда өткен Ө.Жолдасбеков атныдағы халықаралық ғылыми зерттеу жобалар конкурсында 1-орын алды.





Зерттеу жұмысы параметрі бар есептерді шешудің негізгі жолдарын сипаттайды.
Диана, мактеп математика курсындағы және олимпиадалық есептерде кездескен параметрі бар есептерді шешудің негізгі жолдарын зерттеп, интернет, ғылыми-әдістемелік журналдардан мақалалар жинақтады. Сонымен бірге, «Параметрі бар есептерді шешу» атты жинағын құрастырды.
Қорта келгенде, STEAM біздің оқушыларға шабыт береді, болашақ ұрпақ - жаңашылдар мен көшбасшылар, өнертапқыштар ғалымдар тәріздес зерттеулер жүргізеді, технологтар сияқты модель жасайды, инженерлер сияқты құрастырады, суретшілер сияқты жасампаз, математик сияқты талдау жасайды және балалар сияқты ойнайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Г.Ахметова, А.Мурзалинова. «Преимущества и перспективы STEM-образования» \\ «Білімді ел — Образованная страна» №41 (102) 7 ноября 2017 г
2.Г.Ногайбаева, С.Жумажанова. «Развитие STEM-образования в мире и Казахстане» \\ «Білімді ел — Образованная страна» №20 (57), 25.10.2016ж.
3.Интернет ресурс: https://kk.wikipedia.org
4. https://informburo.kz/kaz/kogam/bilim-berudegi-zana-trend-balalardyn-inzenerlik-oilau-masygyn-qalai-arttyruga-bolady

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет