Ақаба су (Сточная вода) - 1) бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанған аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су; 2) адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судыц 60 м3-ін ластайды. Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Ақаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялык қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.
Ақаба суларын тазалау әдістері механикалық, физика-химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
1 Ақаба суларды механикалық тазалау.
Механикалық тазалау, әдетте, өндірістік ақаба суларды алдын-ала тазалаудың тәсілі болып табылады. Ерітілмейтін минерал және органикалық қоспалар жоғары шоғырланатын сулар үшін қолданылады. Механикалық тазалау үшін сүзгілеу, тұндыру және сүзу операцияларын қолданады.
5.1 кестеде ақаба суларын тазалау әдістері, олардың құрамы ластандыратын заттардың шоғырлануынана байланысты тазалаудың әдістерін таңдау бойынша ұсыныстар келтірілген.
5.1 кесте – Ақаба суларын тазалау әдістері
Сүзгілеу ақаба сулардан 100-250 мкм мөлшерлі механикалық бөлшектерді, сондай-ақ құйылыстарды арықарай өңдеу барысында жабысып тұратын және Сүзгілеу ақаба сулардан 100-250 мкм мөлшерлі механикалық бөлшектерді, сондай-ақ құйылыстарды арықарай өңдеу барысында жабысып тұратын және тазалайтын жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі беретін аса майда талшықты ластануларды бөлуге арналған.
Тұндыру ақаба сулардан органикалық және минералдық текті ерітілмейтін, әрі жартылай-коллоидті механикалық ластануларды бөлуге арналған. Ол сұйықтағы қатты бөлшектерді тұндыру заңына негізделген. Сонымен тұндыру барысында түйірленетін және сол кезде өзінің формасы мен мөлшерін өзгертетін бөлшектерді еркін тұндыру іске асырылады. Еркін тұндыру 1 % немесе 8 кг/м 3 дейін бөлшектерді шоғырлаған кезде байқалады. Тұндыру құмұстағыштарда және тұндырмаларда іске асырылады.
Сүзу – ақаба суларды қалықтаған бөлшектерден терең тазалауға арналған. Фазаларды бөлу сұйықты өткізетін және қатты бөлшектерді ұстап қалатын кеуекті қалқа арқылы жүргізіледі. Қалқаларды таңдау ақаба судың қасиетінен, температурасынан және басқа факторлардан байланысты болады. Әсіресе торлы элементтері (микрофильтрлері және дағыра торы) бар сүзгілерді жиі пайдаланады.
Тазартылған ақаба сулардың сапасына қойылатын талаптардан байланысты түрлі тазартатын құрылғыларды: сүзгілеу үшін - қоспалардың арна бойынша жылжитын ірі бөлшектерін ұстауға арналған торлар мен торкөздерді; суда қалықтайтын майда қоспаларды ұстау үшін - тұндырмаларды, сүзгілерді, гидроциклондарды және б. қолданады. Құмұстағыштарды есептеу.
Құмұстағыштарды ақаба суларды ерітілмейтін ауыр қоспалардан: кұмнан, жердің 250 мкм орта мөлшерлі бөлшектерінен шамалап тазалау үшін қолданады. Құмұстағыштарды 100 м3/тәул. Астам құрылғыларды өндірген кезде қарастыру керек. Құмұстағыштар санын немесе құмұстағыштардың бөліктерін екіден кем емес алу керек, яғни барлық құмұстағыштары немесе бөліктері жұмыс істейтін болу керек. Ақаба сулардың қозғалыс бағытынан байланысты құмұстағыштар горизонталды, тангенционалды және ауалық болып бөлінеді.
Құмұстағыштардың түрі (горизонталды, тангенционалды, ауалық) тазалағыш құрылғыларды өндірісін, ақаба суларды тазалаудың және олардың тұнбаларын өңдеу сұлбасын, қалықтаған заттардың сипатын, үйлестіру шешімдерін ескере отырып алынады. 5.1 суретте горизонталды құмұстағыштың сұлбасы келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |