Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет37/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

5.7 Тас конструкциялар 
 
5.7.1 Тас конструкцияларын тҧрғызу жҧмыстары бойынша қабылдау және 
жҥргізу 
5.7.1.1 Осы бӛлімнің талабы нормативтік құжаттарға сәйкес керамикалық және силикат 
кірпіштен, керамикалық, бетон, силикат және табиғи тастан және блоктардан сәйкес тас 
конструкциялар тұрғызу жұмыстарын жүргізуге және қабылдауға таралады. 
5.7.1.2 Ғимараттардың цоколін кірпішпен қалау қуыссыз керамикалық кірпіштен 
орындалуы қажет. Бұл мақсатта силикат кірпіш қолдануға жол берілмейді. 
5.7.1.3 Тас конструкцияларды жобада қарастырылмаған қуыстармен, атыздармен, 
монтаждау ойықтарымен әлсіретуге жол берілмейді. 
5.7.1.4 Каңқаларды толтыру үшін тас қалауды кӛтергіш тас конструкциялар тұрғызуға 
қойылатын талаптарға сәйкес орындау қажет. 
5.7.1.5 Темірбетон конструкциялардың тас қалауына түйіліскен тұстарында бекіткіштер 
орнатуды жобаға сәйкес орындау қажет. 


ҚР ҚН 5.03-07-2013 
31
Кейінгі қабаттардың тас конструкцияларын орындауға тұрғызылған қабаттың 
жабындарының кӛтергіш конструкцияларын қалаудан, қабырғаларды анкерлеуден және 
жабын плиталары арасындағы жапсарларды монолиттегеннен кейін ғана жол беріледі. 
5.7.2 Дҧрыс пішінді керамикалық және силикат кірпіштен, керамикалық, бетон, 
силикат және табиғи тастан қабырға қалау 
5.7.2.1 Қабырғадағы тік қаланатын қатарларды барлық түрдегі бүтін кірпіштер мен 
тастардан тұрғызу қажет. Жіктерді қалаудың қабылданған жүйесіне байланыссыз, 
тұрғызылатын конструкциялардың тӛменгі (бірінші) және жоғарғы (соңғы) қатарларында, 
қабырғаның шығыңқы қатарларында (ернеулер, белдеулер және т. б.) қабырғалар мен 
баған жиектері деңгейінде қатарларды тігінен қалау міндетті болып табылады. 
Жіктерді кӛпқатарлы байланыстыру кезінде арқалықтар, жүгіртпелер, жабын 
плиталары, балкондар, мауэрлаттар мен басқа да құрама конструкциялардың астына 
қатарларды тігінен қалау міндетті болып табылады. Жіктерді бірқатарлы (тізбектей) 
байланыстыру кезінде құрама конструкцияларды бүкқалай қатарларына тіреуге жол 
беріледі.
5.7.2.2 Ені екі жарым және одан аз кірпішке тең кірпіш бағандар, жауырындық 
қабырғалар мен аралық қабырғалар, қатардағы кірпіш аралықтар мен ернеулерді 
сұрыпталған бүтін кірпіштен тұрғызу керек. 
5.7.2.3 Жартылай-кірпішті қолдануға тек шой таспен толтыру қатарын қалуға және 
аз жүктелген тас конструкцияларға (терезе астындағы қабырға учаскелеріне және т. б.) 
ғана жол беріледі.
5.7.2.4 Бос жікті қалаудан басқа, кірпіштен қаланған қабырғалардың тік және 
кӛлденең жіктерін, сондай-ақ аралықтардағы жіктерді (кӛлденең, тік және тік бойлық), 
аралық қабырғалардағы және бағандардағы жіктерді сұйықтықпен толтыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет