Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет25/90
Дата09.01.2023
өлшемі1.43 Mb.
#468246
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90
119 СН РК 5.03–07–2013

ҚР ҚН 5.03-07-2013 
19
5.4.3 Бақыланатын тартусыз бҧрандамалардағы монтаждық қосылыстар 
5.4.3.1 Бұрандамалар керілуге жұмыс істейтін қосылыстарында, оған қоса 
бұрандамалары конструктивті орнатылған қосылыстарында, қара дақ тесік пен бұрандама 
диаметрлерінің айырмашылығынан аспауы тиіс. 
Жасаған ӛнеркәсіптің беріктік класты білдіретін белгісі және таңбалауы жоқ 
бұрандамаларды және сомындарды қолдануға тыйым салынады. 
5.4.3.2 Бұрандамалардың сомындары астында нормативті құжаттың талаптары 
бойынша екіден аспайтын дӛңгелек тығырық орнату қажет.
Тура сондай бір тығырықты бұрандаманың бүршігі астында орнатуға рұқсат етіледі.
5.4.3.3 Қажет болған жағдайда қиғаш тығырықтарды нормативті құжаттың 
талаптары бойынша орнату қажет.
5.4.3.4 Бұрандамалардың ирек оймасы тесіктерге сомын жағындағы қаптың шеткі 
элемент қалыңдығының жартысынан астам түрде терең кетпеуі тиіс. 
5.4.3.5 Сомындардың ӛздігінен бұрап шығуын болдырмау бойынша шешімдер - 
тығырықты серіппе арқылы нормативті құжаттың талаптары бойынша қою немесе кері 
бағыт сомын – жұмыс сызбаларында кӛрсетілуі тиіс. 
Тесік пен бұрандама диаметрлерінің айырмашылығы 3 мм атрық болған кезде, оған 
қоса нормативті құжаттардың талаптарына сай келетін дӛңгелек тығырықпен бірлескен 
орнату барысында серіппе тығырықтарды сопақ тесіктерде қолдануға жол берілмейді. 
5.4.3.6 Бұрандама ирек ойығын қағу арқылы сомындарды бекітуге немесе оларды 
бұрандама ӛзегіне дәнеркерлеп бекітуге тыйым салынады. 
5.4.4 Беріктігі жоғары тартылуы бақыланатын бҧрандамалардағы монтажды 
қосылыстар
5.4.4.1 Қосылыстарды беріктігі жоғары тартылуы бақыланатын бұрандамаларда 
орындауға (бұдан әрі - тартылуы бақыланатын бұрандамаларда) арнайы оқудан ӛткен 
сәйкесінше куәлікпен расталған жұмыскерлерге рұқсат етілуі мүмкін. 
5.4.4.2 Бӛлшектердің жапсарлас беттерінің ысырылуға тӛзімді қосылыстарында 
жобада қарастырылған тәсілмен ӛңделуі тиіс. 
Ӛңделуі тиісті, оған қоса тиісті емес беттерден болат қылшақтармен майлы 
ластануларды алдын ала кетіру қажет. 
5.4.4.3 Ӛңдеуден кейінгі және құрастырудың алдындағы беттердің күйі бақылау 
және монтажды қосылыстарды орындау журналында тартылуы бақыланатын 
бұрандамаларда бекіту қажет. 
5.4.4.4 Қосылыстарды құрастыруды шектесетін үстіңгі беттерді ӛңдегеннен кейін 
белгiленген мерзiмнен кешіктірмей жүргізген жӛн.
5.4.4.5 Екінші рет ӛңдеу талабы оларды тазалағаннан кейін шектесетін үстіңгі бетте 
пайда болған тот қақтарына, сондай-ақ оларға су буының ылғалы немесе конденсация 
түріндегі атмосфералық қалдықтар түскен жағдайға таратылмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет