Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет5/86
Дата18.01.2024
өлшемі2.21 Mb.
#489310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
1 04 26 2022 РЕКОНСТРУКЦИЯ, КАПИТАЛЬНЫЙ И ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ГРАЖДАНСКИХ, ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
Осы құрылыс нормаларында мына құжаттарға сілтемелер пайдаланылды: 
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 
299 бұйрығымен бекітілген қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен 
құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, 
сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта 
жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық 
негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама 
жүргізу қағидалары. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 
304 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де 
нысандары есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық 
негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы 
№ 701 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын 
қалыптастыру және жүргізу қағидалары. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы 
№ 702 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және 
орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары. 
Ресми басылым 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және 
рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары. 
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы 
№ 405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық 
регламенті. 
«Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын 
үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 
249-нқ бұйрығы. 
Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде «Қазақстан Республикасының аумағында 
қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен 
нормативтік техникалық құжаттар тізбесі», «ҚР Ұлттық стандарттары мен ұлттық техникалық-экономикалық 
ақпарат жіктеуіштерінің каталогы» және «Мемлекетаралық стандарттар каталогы» ақпараттық каталогтары 
бойынша жыл сайын жасалынатын және ағымдағы жылы жарияланған ай сайын шығарылатын ақпараттық 
бюллетень - журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін сілтеме 
құжаттарының қолданылуын тексерген орынды. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, 
онда осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алған жөн, егер 
сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылған болса, онда оған сілтеме берілген Ереже осы сілтемені қозғамайтын 
бөлігінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет