16-разрядты i8086 микропроцессоры.
16-разрядты i8086 микропроцессоры біркристалды микропроцессорларды жасаудың бастамасы болып табылады. Бұл микропроцессорда разрядтылықтың өсуімен қатар, бірнеше архитектуралы шешімдер қабылданды:
командалар жүйесі кеңейтлген (операциялар топтамасы және адрестеу әдістері бойынша);
архитектурасы мультипроцессорлық жұмысқа бағытталған;
микропроцессор құрамында екі параллельді жұмыс істейтін құрылғы кірген;
деректерді өңдеу және магистральмен байланыс;
жады ұйымдастырудың жаңа түрі - жадыны сегменттеу.
i8080 моделінің i8086 моделіне ұқсастығын сақтап қалу үшін екі жұмыс режимі қарастырылған: «минимальді режим», «максимальді режим». Минимальді режимде i8086 микропроцессоры кеңейтілген командалар жүйесі бар 16-разрядты i8080 микропроцессоры сияқты жұмыс істейді. Максимальді режим мультипроцессорлық жүйелер құрамында i8086 жұмысына негізделген. 16-разрядты i8086 микропроцессорының құрылымдық схемасы 13.2-суретте көрсетілген.
Микропроцессор құрамына үш егізгі құрылғы кіреді:
ДӨҚ командаларды орындауға арналған және оның құрамына 16-разрядты АЛҚ, жүйелік регистрлер және басқа да қосымша схемалар, регистрлер блогы және микропрограммалық басқару блогы кіреді.
МБҚ жадының 20-разрядты физикалық адресін және СҚ-рдың 16-разрядты адресін қалыптастыруға, жадыдан команданы таңдауға, жады құрылғыларымен, сыртқы құрылғылармен және басқа процессорлармен магистраль бойынша деректер алмасуға мүмкіндік береді.
Сурет-13.2. 16-разрядты i8086 микропроцессорының құрылымдық схемасы
|