Су дайындау


№ 2 тақырып. Суды алдын-ала тазарту



бет3/12
Дата05.11.2022
өлшемі1.51 Mb.
#464067
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
су дайындау лекция

№ 2 тақырып. Суды алдын-ала тазарту
Дәріс жоспары:
Жалпы мәліметтер.
Коагулирлеу мезанизмі.
Ізбестеу механизмі.
Сүзгілеу процесінің механизмі.
Сүзгілер құрылымы және оларды пайдалану.
Жалпы мәліметтер
Жылу электр станциялардағы табиғи суды өндеу кезінде алдымен қазандықтарда екінші ретті қақтың және бу сапасын төмендетуге әкелетін ірі дисперсті және коллоидті қоспаларды жою керек.
Судағы ірі дисперсті және коллоидті қоспаларды тұндыру және сүзгілеу арқылы жоюға болады.
Суды мөлдірлеу табиғи үрдіс болып табылады.
Суды тұндыру кезінде судағы қатты бөлшектер су тығыздығынан асатын тығыздықпен ауырлық күші әсерінен резервуар түбінде шөгеді.
Судағы коллоидті-дисперсті заттарды жою үшін алдымен судағы бөлшектерді ірілету керек. Бұл үрдіс коллоидты ластанған суды коагулирлеу арқылы жүзеге асырылады.
Коагулирлеу механизмі
Коллоидтық қоспалардың коагулирленуіне әкелетін реагенттермен суды өңдейтін технологиялық үрдісті коагулирлеу деп атайды. Коагулерлену – сүзу немесе тұну арқылы тұнбаға түсетін коллоидты бөлшектердің ірілендіретін физико-химиялық үрдіс. Коагилирлеуге қолданатын реагенттер коагулянттар деп аталады.
Практика жүзінде су дайындау кезінде суға концентрациясы 5-10% болатын ерітінді түрінде енгізетін коагулянттар: темірдің аса қышқылданған күкірт қышқылын , алюминийдің күкірт қышқылын және хлорлы темір қолданады.
Суға, мысалы алюминийдің күкірт қышқылын енгізген кезде, бастапқыда оның гидролизі болады:
Пайда болған қышқыл судың сілтілдігінен нейтралданады
Егер - ң орнына суға темірдің күкірт қышқылын енгізсе, онда бұл үрдістер келесі түрде болады:
Коагулирлену әсерінен емес, темір қышқылының гидратының әсерінен болады. Сондықтан, коагулянт ретінде екі валентті темірді қолдану кезінде сілтілі ортада оңай өтетін судағы оттегінің үш валентті ерітідісімен қышқылдау керек:
Коагулирленетін су сілтіленудің кейбір аз шамаларына ие болады. Ол келесі өрнекпен анықталады:
мұндағы
- коагулянттың мөлшері, [мг-экв/л].
Егер өңделетін судың нақты сілтілігі С0 Саз.ш болса, онда оған
сілтісін келесі мөлшерде қосу керек:
Коагулирлеу процесін үш әдістің көмегімен тездетуге болады:
1) Коагулирлеу процесін тездету үшін коагурленетін суды 30-400С дейін қыздыра отырып, оны араластыру керек. Суды 400С –дан жоғары температурада қыздыру мөлдірлеу процесін төмендетеді.
2) Коагулирлеу процесі кей жағдайларда, коагулянттар қоспаларын
және қолдану арқылы да шапшандатылады.
3) Коагулирлеу процесін тездету үшін флакулянттардың, мысалы поликриламидтің қоспаларын қолдануға болады. Коагурленетін суға поликриламидтің аз ғана (0,1-1 мг/л) мөлшерін қосу, тұну процесін тездететін және мөлдірлегіштердегі судың көтерілу жылдамдығы мен өнімділігін жоғарлататын коагулянт қауызын үлкейтеді және ауырлатады. Полиакриламид концентациясы 0,1-0,2% болатындай ерітінді түрінде дайындалады.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет