Су потенциалы



Дата21.12.2022
өлшемі1.02 Mb.
#467677
биология

Су потенциалы

Су потенциалы, бұл – биологиялық жүйеде осмосты тудыратын, яғни су молекулаларының (немесе су ерітіндісінің) белгілі бір жартылай өткізгіш, мысалы, жасуша мембранасының кедергісін жоятын күш. Су потенциалы әсерінен молекула концентрациясы әртүрлі ерітінділерді бөлетін шегара арқылы енуге ұмтылады. Су потенциалы ψ немесе ψВтаңбасымен белгіленеді. Бұл – ХХ ғасырдың соңында енгізілген салыстырмалы түрде жаңа биологиялық термин. Өсімдіктер физиологиясының заманауи әдебиеттерінде су молекуласының бір орыннан басқа орынға ауысу үрдісін сипаттау үшін «су потенциалы» деген термин қолданылады

  • Су потенциалы, бұл – биологиялық жүйеде осмосты тудыратын, яғни су молекулаларының (немесе су ерітіндісінің) белгілі бір жартылай өткізгіш, мысалы, жасуша мембранасының кедергісін жоятын күш. Су потенциалы әсерінен молекула концентрациясы әртүрлі ерітінділерді бөлетін шегара арқылы енуге ұмтылады. Су потенциалы ψ немесе ψВтаңбасымен белгіленеді. Бұл – ХХ ғасырдың соңында енгізілген салыстырмалы түрде жаңа биологиялық термин. Өсімдіктер физиологиясының заманауи әдебиеттерінде су молекуласының бір орыннан басқа орынға ауысу үрдісін сипаттау үшін «су потенциалы» деген термин қолданылады

Жүйеде су концентрациясы неғұрлым көп болса, оның молекулалары су аз бағытқа соғұрлым тез жылжитын болады. Сәйкесінше су ең жоғары су потенциалына ие. Таза судың су потенциалы қалыпты жағдайда (25°С және қалыпты атмосфералық қысымда) максимал және 0-ге тең деп қабылданған. Су 100% емес, одан аз болатын барлық жүйенің су потенциалы аз, ол теріс мәнмен белгіленеді – 0-ден аз (3-кесте).

  • Жүйеде су концентрациясы неғұрлым көп болса, оның молекулалары су аз бағытқа соғұрлым тез жылжитын болады. Сәйкесінше су ең жоғары су потенциалына ие. Таза судың су потенциалы қалыпты жағдайда (25°С және қалыпты атмосфералық қысымда) максимал және 0-ге тең деп қабылданған. Су 100% емес, одан аз болатын барлық жүйенің су потенциалы аз, ол теріс мәнмен белгіленеді – 0-ден аз (3-кесте).

14-сурет. Өсімдік жасушасы күйінің жасуша шырынының су потенциалы, цитоплазма және қоршаған орта мәндеріндегі айырмашылыққа тәуелділігі.

  • 14-сурет. Өсімдік жасушасы күйінің жасуша шырынының су потенциалы, цитоплазма және қоршаған орта мәндеріндегі айырмашылыққа тәуелділігі.

а – тургор жағдайындағы жасуша; ә – ылғал жеткіліксіздігінен солып қалған өсімдік жасушасы.

Су потенциалын көбінесе кез келген қысым сияқты бірлікпен – паскаль, ньютон, бар, атмосфера немесе масса/бет ауданымен өлшейді. Яғни тұз, қант немесе басқа заттардың кез келген сулы ерітіндісі дистилденген суға қарағанда аз су потенциалына ие болады. Сәйкесінше, су әрдайым едәуір жоғары су потенциалы жүйесінен едәуір төмен су потенциалы аймағына өтетін болады. Қарапайым тілмен айтқанда, су бар жерден жоқ немесе аз жерге ағады не буланады (газтәрізді заттардың молекулаларының қозғалуы). Дәл осылай топырақ үнемі атмосфераға суды буландырады. Суғарылған топырақ құрғақ топыраққа қарағанда булануды едәуір қарқынды жүзеге асырады. Бірақ көл тіпті суғарылған топыраққа қарағанда да суды едәуір белсенді буландырады

  • Су потенциалын көбінесе кез келген қысым сияқты бірлікпен – паскаль, ньютон, бар, атмосфера немесе масса/бет ауданымен өлшейді. Яғни тұз, қант немесе басқа заттардың кез келген сулы ерітіндісі дистилденген суға қарағанда аз су потенциалына ие болады. Сәйкесінше, су әрдайым едәуір жоғары су потенциалы жүйесінен едәуір төмен су потенциалы аймағына өтетін болады. Қарапайым тілмен айтқанда, су бар жерден жоқ немесе аз жерге ағады не буланады (газтәрізді заттардың молекулаларының қозғалуы). Дәл осылай топырақ үнемі атмосфераға суды буландырады. Суғарылған топырақ құрғақ топыраққа қарағанда булануды едәуір қарқынды жүзеге асырады. Бірақ көл тіпті суғарылған топыраққа қарағанда да суды едәуір белсенді буландырады

«Су потенциалы» қолайлы, бірақ тірі жүйедегі судың күйін сипаттау үшін қолданылатын бірден-бір термин емес. Суға қаныққан өсімдік жасушаларын тургор күйінде тұр деп айтады. Сонымен, осмостық және гидростатикалық потенциал деп аталатын ұғым да бар. Тургор – өсімдік жасушасындағы цитоплазманың гидростатикалық қысым жасайтын жасуша қабықшасының кернеулі күйі (14-сурет). Тургоры жоқ жасушалар солған, сусызданған өсімдік ұлпалары мен ағзаларына тән.

  • «Су потенциалы» қолайлы, бірақ тірі жүйедегі судың күйін сипаттау үшін қолданылатын бірден-бір термин емес. Суға қаныққан өсімдік жасушаларын тургор күйінде тұр деп айтады. Сонымен, осмостық және гидростатикалық потенциал деп аталатын ұғым да бар. Тургор – өсімдік жасушасындағы цитоплазманың гидростатикалық қысым жасайтын жасуша қабықшасының кернеулі күйі (14-сурет). Тургоры жоқ жасушалар солған, сусызданған өсімдік ұлпалары мен ағзаларына тән.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет