Свод правил республики казахстан


 Ұстындар мен жақтауларды орнату



Pdf көрінісі
бет44/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

4.3.3 Ұстындар мен жақтауларды орнату
4.3.3.1 Ұстындардың төменгі жағын тексеру кезінде олардың төменгі қимадағы 
геометриялық осьтерін білдіретін кертпелерді белгіленген ұстындардан төмен бөліктеу 
осьтерінің немесе геометриялық осьтерінің кертпелерімен қосарлау керек.
4.3.3.2 Ұстындардың стакан түбіне тірелу тәсілі ұстын астының торап монолиттенгенге 
дейін көлденең жылжуынан бекітілуін қамтамасыз ету керек.


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
40 
4.3.3.3 Көп қабатты ғимараттар ұстындарының үстін тексеру кезінде үстіңгі
қимадағы ұстындардың геометриялық осьтерін бөліктеу осьтерінің кертпелерімен,
ал бір қабатты ғимараттар ұстындарының үстін тексеру кезінде – үстіңгі қимадағы 
ұстындардың геометриялық осьтерін астыңғы қимадағы геометриялық осьтермен қосарлау 
қажет.
4.3.3.4 Жақтаулар астын бойлық және көлденең бағытта тексеруді геометриялық осьтер 
кертпелерін бөліктеу осьтерінің немесе төменде тұрған жақтау тіректері осьтерінің 
кертпелерімен қосарлау арқылы жүзеге асырады.
4.3.3.5 Жақтаудың үстін жақтаулар жазықтығынан – үстіңгі қимадағы жақтау 
тіректері осьтерінің кертпелерін бөліктеу осьтеріне қатысты, жақтаулар жазықтығында –
жақтау тіректерінің тірек беттерінің белгілерін сақтау арқылы тексереді.
4.3.3.6 Ұстындар мен жақтаулардың жоғарғы және төменгі жағын салыстыру үшін 
бағдар ЖАЖ көрсетілуі тиіс. Екі өзара перпендикуляр бағыт бойынша ұстындар мен 
жақтаулардың жобалық жағдайын салыстыру керек.
4.3.4 Беларқаларды, арқалықтарды, фермаларды, жабындар мен аражабындар 
плиталарын орнату
4.3.4.1 Жабылатын арқалықтың көлденең бағытында элементтер келесідей 
орнатылады:
- беларқалар мен ұстынаралық (байланыстық) плиталарда – орнатылатын 
элементтердің кертпелерін тіректердегі ұстындар осьтерінің кертпелерімен қосарлай 
отырып;
- кран асты арқалықтарда – арқалықтардың үстіңгі белдеулерінің геометриялық 
осьтерін белгілейтін кертпелерді бөліктеу осімен қосарлай отырып;
- итарқа асты және итарқа фермаларда (арқалықтарда) ұстындарға тірелген 
жағдайда, сондай-ақ итарқа фермаларда итарқа асты фермаларға тірелген жағдайда –
фермалардың астыңғы белдеулерінің геометриялық осьтерін белгілейтін кертпелерді 
ұстындардың үстіңгі қимадағы кертпелерімен немесе итарқа асты ферманың тірек 
торабындағы бағдарлау кертпелерімен қосарлай отырып;
- қабырғаларға тірелетін итарқа фермаларында (арқалықтарында) – фермалардың 
(арқалықтардың) төменгі белдеулерінің осьтерін белгілейтін кертпелерді тіректердегі 
бөліктеу осьтерінің кертпелерімен қосарлай отырып.
Барлық жағдайларда арқа фермалары (арқалықтары) олардың үстіңгі белдеулерінің 
тік сызығынан ауытқулардың бір бағыттылығы сақталады:
- аражабындар плиталарында – олардың тіректердегі жоба бойынша орналасуын 
анықтайтын және олар тірелетін конструкцияларды (арқалықтарды, беларқаларды, итарқа 
фермаларын және т. б.) жоба бойынша қалыпқа орнатқаннан кейін жасалатын белгілеу 
бойынша;
- фермалар (итарқа арқалықтары) бойынша аражабындар плиталарында – олардың 
үстіңгі белдеулерінің бойындағы фермалар (салма бұйымдар) тораптары орталарына 
қатысты олардың симметриялы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет