ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
99
Арматураның бойлық шыбықтарының саны қабырға қалыңдығының әр 12 см-не бір
шыбық есебімен алынады, бірақ қабырға қалыңдығы 12 см болған жағдайда екеуден
асырмау керек.
4.7.1.6 Тығыздығы 1400 кг/м
3
жоғары материалдардан жасалған сыртқы
қабырғалардың тұтас қалауын жылытылмайтын ғимараттарда немесе жылуы көп
шығатын өнеркәсіптік ғимараттарда пайдаланған жөн.
4.7.1.7 Тас конструкцияларын тұрғызу жұмыстары жобаға сәйкес жүзеге асырылу
керек. Қалау ерітіндісінің құрамы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану
жағдайларына қарай Ж қосымшасын басшылыққа ала отырып жүзеге асыру
керек.
4.7.1.8 Қалау материалдарының үй-жайлардың ылғалдық параметрлеріне қарай
қолданылуы нормативтік құжаттарға сәйкес келтірілген.
Тас конструкцияларын жобада немесе ЖАЖ қарастырылмаған саңылаулармен,
іздермен, қуыстармен, монтаждық ойықтарымен босатуға тыйым салынады.
4.7.1.9
Қаңқаларды толтыру үшін таспен қалау кезінде көтергіш тас
конструкцияларын салуға қойылатын талаптарды және 4.7.3-4.7.6-тараулар талаптарын
сақтау керек.
4.7.1.10 Салынып жатқан қалаудың іргелес қармауыштардағы және сыртқы және
ішкі қабырғалардың жанасуларын қалау кезіндегі биіктіктердің айырмасы ғимарат
қабатының биіктігінен аспау керек, іргетастарды қалаудың іргелес желерінің арасындағы
биіктіктердің айырмасы – 1,2 м аспауы тиіс.
4.7.1.11 Биіктігі жоғарырақ еркін тұрған қабырғаларды тұрғызу кезінде
тұрақтылыққа қол жеткізу үшін уақытша бекіткіштерді пайдалану қажет.
4.7.1.12 Көлденең қабырғалармен (арақабырғалармен) немесе басқа да арасындағы
ара қашықтық 3,5∙Н (мұндағы Н – 34-кестеде көрсетілген қабырға биіктігі) аспайтын
қатты конструкциялармен байланысқан қабырғаны (арақабырғаны) тұрғызу кезінде
тұрғызылатын қабырғаның жол берілген биіктігін 15 %-ға, ара қашықтық 2,5∙Н артық
емес жағдайда – 25 %-ға және 1,5∙Н артық емес жағдайда, 40 %-ға арттыруға
болады.
4.7.1.13 Аражабындармен немесе уақытша бекіткіштермен ажыратылмаған
арматураланбаған тас арақабырғаларының биіктігі қалыңдығы 9 см, қырының қалыңдығы
88 мм тас пен кірпіштен жасалған арақабырғалар үшін 1,5 м-ден және кірпіштен жасалған
қалыңдығы 12 см арақабырғалар үшін – 12 см артық болмауы керек.
4.7.1.14 Арақабырға көлденең қабырғалармен немесе арақабырғалармен, сондай-ақ
басқа да қатты конструкциялармен байланысқан жағдайда олардың ұйғарынды биіктіктері
4.7.1.12 нұқсауларына сәйкес алынады.
4.7.1.15 Кірпіш пен тастардан қалау қырлары мен бұрыштарының тік сызықтығын
сөре шектерінде байқалған ауытқуларды жоя отырып, қалау барысында (0,5 м – 0,6 м
сайын) тексеру қажет.
4.7.1.16 Әр қабат қаланып болған соң қалаудың көлденеңдігін және үстінің
белгіленуін оның қатарларының көлденеңдігі аралық тексеруден өткендігіне қарамастан
аспаптық тексеру керек.
|