ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
48
Жинақталған пакеттің тартылу тығыздығын тығырықпен шектелген аймақтың
шегінде жинақталған бөлшектердің арасынан 20 мм асатын тереңдікке өтпеуі тиіс
қалыңдығы 0,3 мм қуыс бұрғымен тексеру керек.
4.4.4.11 Тұрақты бұрамалардың қатты бекітілу сапасын тексеру үшін оларды
салмағы 0,4 кг шағын балғамен бұрамалар жылжып кетпейтіндей қағып шығады.
Есептік қосылыстардағы тұрақты бұрамалардың қатты бұралу сапасы ұзындығы мен
күші 4.4.4.6 көрсетілген монтаждау кілттерімен тексеріледі.
Сомындардың өздігінен бұралып шығуының алдын алу бойынша шешімдер –
серіппелі тығырықтың ГОСТ 6402 бойынша орнатылуы немесе контрсомындар жұмыс
сызбаларында көрсетіледі.
4.4.4.12 Серіппелі тығырықтарды ҚР СТ ISO 7089, ГОСТ 11371 бойынша шеңберлі
тығырықпен бірге орнату кезінде пайдалануға жол берілмейді.
4.4.5 Тартылуы бақыланатын беріктігі жоғары бұрамалар негізіндегі
монтаждау қосылыстары
4.4.5.1 Түйістірілетін бөлшектер беттерінің 0,5 жоғары және 3 мм дейін
айырмашылықтарының пайда болуына еңісі 1:10 аспайтын байсалды қисайту арқылы
механикалық өңдеу жолымен жол берілмеу керек.
4.4.5.2 Бөлшектерді саңылауды құрастыру кезінде тығындарды жылжытумен
қиыстырылуы және белгіленуі тиіс, оның саны монтаждық жүктеме әрекетінің есебі
бойынша анықталады және олар 20 саңылау санында кемінде 10 % және екі немесе одан
көп болғанда – саңылаудың аз санында болуы тиіс.
4.4.5.3 Диаметрі бұраманың номиналды диаметрінен 0,5 мм асатын калибр әр
қосылыс саңылауларының 100 % өтуге тиіс.
4.4.5.4 Болтты қатты бұрауға қажетті М есептік бұрау моменті мына формула
бойынша анықталады
М = К∙Р∙d, H
м (кгс
м), (1)
мұнда К – бұрау коэффициентінің дайындаушы кәсіпорынның сертификатында әр
бұрамалар партиясы үшін белгіленген немесе монтаждау алаңында бақылау
құралдарының көмегімен анықталатын орташа мәні;
Р – бұраманың жұмыс сызбаларында берілген есептік тартылуы, Н (кгс);
d – бұраманың номиналдық диаметрі, м.
4.4.5.5 Бұрамаларды гайканың бұрылу бұрышы бойынша тарту кезінде келесі
реттілік сақталу керек:
- қосылыстағы барлық бұрамаларды сабы 0,3 м монтаждау кілтімен тірелгенше
қолмен қатты бұрап тастау;
- бұрамалар сомындарын 180
30
бұрышына дейін бұрау.
Аталған әдіс пакеттің қалыңдығы 140 мм дейін және пакеттегі бөлшектер саны 7
дейін болған жағдайда, диаметрі 24 мм бұрамалар үшін қолданылады.
|