Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет53/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
49 
4.4.5.6 Бұраманың әрбір бүркеншігінің және гайканың астына қаттылығы HRC 35 
бірлігінен кем емес бір беріктігі жоғары тығырықтан орнатылу керек. Саңылаулар мен 
бұрамалардың номиналдық диаметрлерінің айырмасы 4 мм аспаған жағдайда тек қана 
айналатын элементтің (болт бүркеншігінің немесе гайканың) астына бір тығырық 
орнатуға рұқсат етіледі.
4.4.5.7 Бүркеншікте уақытша кедергінің зауыттық таңбалануы, дайындаушы 
зауыттың белгісі, балқыту нөмірінің шартты белгіленуі, ал ГОСТ 15150 бойынша ХЛ 
климаттық орындаудағы бұрамаларда – «ХЛ» әріптері жоқ бұрамаларды пайдалануға 
тыйым салынады.
4.4.5.8 Беріктігі жоғары бұрамалар бүркеншіктерінің және беріктігі жоғары 
гайканың астына ГОСТ 22355 бойынша бір тығырықтан орнатылу керек. Саңылау мен 
болт диаметрлерінің арасындағы айырма 4 мм құраған жағдайда, айналуын бұраманың 
тартылуы қамтамасыз ететін элементтің (сомынның немесе бұрама бүркеншігінің) астына 
ғана бір тығырық орнатуға жол беріледі.
4.4.5.9 Бұрамалардың тартылуын келесідей бақылау қажет: қосылыстағы бұрамалар 
саны 4 дейін болған жағдайда – барлық бұрамаларды, 5 бастап 9 дейін болған жағдайда – 
үш бұрамадан кем емес, 10 және одан жоғары болған жағдайда – бұрамалардың 10 %, 
бірақ әр қосылыстағы бұрамалар саны үшеуден аспауға тиіс.
Бұраудың нақты кезеңі (1) формула бойынша анықталған есептік кезеңнен төмен 
болмау керек және одан 20 % артық болмауы тиіс. Сомынның бұрылу бұрышының 

30 ° 
шегінде ауытқуына жол беріледі.
Нақты бұрау кезеңі (1) формула бойынша анықталған есептік кезеңнен төмен 
болмауға және одан 10 % артық болмауы тиіс.
4.4.5.10 Тарту және беріктілігі жоғары бұрандамаларды тартуды бақылау үшін 
динамометрикалық кілттер механикалық зақымдаулар болмаған кезде, сондай-ақ бақылау 
аспабын әрбір ауыстырғаннан немесе кілтті жөндегеннен кейін ауысымда кемінде бір рет 
тарирлеу қажет.
4.4.5.11 Есептік айналдру кезіне немесе белгілі бұрышқа айналдырғанға дейін 
тартылған сомындарды қосымша ештеңемен бекітпеу керек. 
4.4.5.12 Барлық бұрандамаларды қосылыстарға тартқаннан кейін аға құрастырушы-
қызметкер (бригадир) қарастырылған жерге таңба (оған берілген нөмір немесе белгі) 
қоюға міндетті.
4.4.5.13 Осы талаптарды қанағаттандырмайтын кемінде бір бұрандама анықталған 
кезде бұрандамалардың еселенген саны бақылауға жатады. Екінші рет тексеру кезінде 
айналдыру кезінің аз мәні бар немесе сомынды айналдырудың аз бұрышы бар бір 
бұрандама анықталған жағдайда, барлық бұрандамалар айналдыру кезіне немесе сомынды 
айналдыру бұрышының әрқайсысына талап етілген шамаға жеткізу арқылы бақылануы 
тиіс.
4.4.5.14 
Фрикциондық (жылжу орынықтылығы), фрикциондық-қима және 
ернемектік қосылыстар бөлшектерінің жапсарлас үстіңгі беттері КМ, КМД маркаларының 
сызбаларында көзделген әдіспен өңделуі тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет