Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет54/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
50 
4.4.5.15 
Бұрамалар 
орналасқан 
жерлердегі 
шентемірлердің 
жанасқан 
жазықтықтарының арасында саңылаудың болуына жол берілмеу керек. Қалыңдығы 0,1 мм 
қуыс бұрғы болт осінен радиусы 40 мм аймаққа кірмеу керек.
4.4.5.16 Жапсарлас үстіңгі беттерде кірдің, майдың, мұздың жиналуының және 
бөлшектердің тығыз жапсыруға кедергі келтіретін немесе КМ, КМД маркаларының 
сызбаларында көзделген үйкелу коэффициентінің есептік мөлшерін төмендетуге ықпал 
ететін басқа да ластаулардың болуына жол берілмейді.
4.4.5.17 Тартуды бақылағаннан және қосылыстарды қабылдағаннан кейін 
бұранадама басын, сомындарды және оларға қатысты бұрандамалар нақыштарының 
бөліктерін қоса алғанда, түйістердің барлық үстіңгі беттері тазартылуы, тегістеп сылануы, 
боялуы, ал түйістердегі қалыңдық пен саңылау түсетін орындардағы тесіктер бекітілуі 
тиіс.
4.4.5.18 Тарту және тартуды бақылау бойынша барлық жұмыстарды бақыланатын 
тарту арқылы бұрандамаларға қосылыстарды орындау журналына тіркеу қажет.
4.4.5.19 Ернемелік қосылыстардағы бұрандамалар жұмыс сызбаларында көзделген 
күшпен сомынды айналдырудың есептік кезіне дейін айналдырумен тартылуы тиіс. 
Тартуды бақылауға барлық бұрандамалар жатады.
 
4.4.6 Беріктігі жоғары дюбельдер негізіндегі монтаждалған қосылыстар 
4.4.6.1 Дюбельдердегі қосылыстарды орындау мен жұмыстарды басқаруға тиісті 
куәлікпен айғақталған, оқудан өткен тұлғалар жіберілуі мүмкін.
4.4.6.2 Жұмысты орындаған кезде оларды пайдалануға енгізу тәртібін, пайдалану
техникалық қызмет көрсету тәртібін, қауіпсіздік, пистолетер мен оларға монтаждық 
патрондарды сақтау, есепке алу мен бақылау талабын реттейтін оқ-дәрі монтаждық 
құралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтау қажет.
4.4.6.3 Жұмысты бастар алдында сыртқы тексеру және ату күшін (патрон нөмірін) 
нақтылау үшін қосылыстың сапасын бағалау арқылы бақылаулық атып байқауды орындау 
қажет. 
4.4.6.4 Дюбель осінен тірек элементінің шетіне дейінгі ара қашықтық кез-келген 
бағытта 10 мм төмен болмау керек.
4.4.6.5 Екі дюбельді қатар орнату қажет болған жағдайда олардың арасындағы ең 
төмені ара қашықтық болат тығырықтардың бір-біріне жақын орналасу шартымен 
анықталады.
4.4.6.6 Орнатылған дюбель тығырықты бекітілетін бөлшекке, ал бекітілетін 
бөлшекті – тірек элементіне тығыз жабыстырып тұру керек. Дюбель шыбығының 
цилиндрлі бөлігі болат тығырықтың бетінен шығын тұрмау керек.
4.4.6.7 Жабысу тығыздығын дюбельдерді операциялық (100 %) және қабылдау 
кезіндегі бақылау (іріктеп 5 % кем емес) барысында көзбен шолу арқылы тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет