Свод правил республики казахстан


 Арнайы монтаждалған қосылыстар



Pdf көрінісі
бет55/293
Дата06.09.2023
өлшемі3.26 Mb.
#476720
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   293
СП РК 5.03-107-2013 Несущие и ограждающие конструкций

 
4.4.7 Арнайы монтаждалған қосылыстар
 
4.4.7.1 Арнайы монтаждалған қосылыстарға (АМҚ) төмендегілер жатады: 
- беріктігі жоғары дюбельдермен атып байқау;


ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 
 
51 
- өзі қиятын және өзі бұрғылайтын бұрандаларды қою;
- құрама тойтармаларды қою;
- жиектерді бірлестіріп пластикалық деформациялау;
- түйіспелі нүктелі дәнекерлеу;
- электр тойтармалар;
- бойлық жиектерді бүктеу
.
4.4.7.2 Жұмыстарды басқаруға және АМҚ негізінде қосылыстарды жасауға 
оқығанын растайтын тиісті куәлігі бар адамдарға рұқсат етіледі.
4.4.7.3 Жұмысты бастар алдында ату қуаттылығын (патронның нөмірін) айқындау 
үшін қосылысты сырттай байқау және сапасын бағалау арқылы бақылап ату қажет.
4.4.7.4 Орнатылған дюбель тығырықты орнатылатын бөлшекке, ал орнатылатын 
бөлшекті – тірек элементіне тығыз жабыстыру керек. Дюбель шыбығының цилиндрлі 
бөлігі болат тығырықтың бетінен шығып тұрмауға тиіс.
Жабысу тығыздығын көзбен шолу арқылы орнатылған дюбельдерді операциялық 
(100 %) және қабылдау кезіндегі іріктеме бақылау (5 % кем емес) кезінде тексереді.
4.4.7.5 Белгілі бір АМҚ типінің қолданылуы және элементтер осьтерінің арасындағы 
және АМҚ элементі осінен қосылатын элементтің шетіне дейінгі арақашықтық жұмыс 
сызбаларының нұсқауларына сай болуға тиіс.
АМҚ типтері 14-кестеде келтірілген. 
4.4.7.6 АМҚ қолданудың негізгі саласы ғимараттар мен имараттардың қоршау 
конструкцияларын бекіту болып табылады. Жекелеген жағдайда АМҚ қоршау және 
көтергіш функцияларды (қаттылық диафрамасы, мембранды-қаңқалық конструкциялар) 
қиыстыратын конструкцияларды бекіту үшін қолдануға жол беріледі. 
14-кесте – Арнайы монтаждалған қосылыстар типтері
Технологиялық 
процесс 
Тіректегі тораптар ішіндегі АМҚ
Жиектері бойлай қосылған АМҚ
метизсіз 
метиздер негізінде 
метизсіз 
метиздер 
негізінде 
Дербес (қолмен) 
– 
Беріктігі 
жоғары 
дюбельдер, өзі қиятын 
бұрандалар, 
құрама 
тотармалар
Түйіспелі 
нүктелі 
дәнекерлеу 
Құрама 
тойтармалар
Қолмен 
бүктелген 
Энергетикалық
коммуникациялар 
бар 
Нүктелі 
дәнекерлеу, 
электртойтарма
лар 
Өзі қиятын бұрандалар
құрама тотармалар 
Механикалық 
бүктеу
– 
 
4.4.7.7 Өзі қиятын және өзі бұрғыланатын бұрандаларда тірек элементі болатының 
уақытша кедергісі 450 Н/мм
2
артық болмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   293




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет