ҚР ЕЖ 5.03-107-2013
53
4.4.11 Бір қабатты ғимараттар конструкцияларын монтаждаудың қосымша
ережелері
4.4.11.1 Монтаждауға қойылатын талаптар
4.4.11.1.1 Ғимарат ұстындарының шеткі және ортаңғы
қатарларының бойындағы
аралығы 12 м кранасты арқалықтарды, егер оларды дайындаушы кәсіпорын блоктармен
қойған болмаса, тежегіш конструкциялармен және кран рельстерімен бірге блоктарға
ірілету қажет.
4.4.11.1.2 Ғимараттар қаңқасын салу кезінде конструкцияларды
орнатудың келесі
кезектілігі мен ережелерін сақтау қажет:
- температуралық жіктерінің арасындағы орын арасында тік байланыстар орналасқан
ұстындарды бірінші қатарға орнату, оларды іргетас бұрамаларымен, сондай-ақ егер ЖАЖ
қарастырылған болса, бір жағдайда ұстағыштармен бекіту;
- алғашқы ұстындар жұбын байланыстармен және кранасты арқалықтармен
(кранасты арқалықтары жоқ ғимарттарда – байланыстармен және кергіштермен) ажырату;
- бұл кезектілікті орындауға мүмкіндік жоқ болған жағдайларда монтаждалатын
ұстындардың алғашқы
жұбын ЖАЖ сәйкес ажырату керек;
- әрбір кезекті ұстыннан кейін кранасты арқалықты немесе кергішті, ал байланыс
тақтасында – алдын ала байланыстарды орнату;
- аралығы 12 м жарма кранасты арқалықтарды блоктармен, ал
жарма емес
арқалықтарды – ЖАЖ сәйкес ірілетілген элементтермен орнату қажет;
- жабын конструкцияларын итарқа фермаларының арасында көлденең байланыстар
орналасқан панельден бастап орнату, ал олар жоқ болған жағдайда – орнату кезектілігі
ЖАЖ көрсетілу керек;
- жабын конструкцияларын
көбінесе блоктармен орнату;
- элементтер бойынша орнату әдісінде итарқа фермаларының алғашқы жұбын, одан
кейін әрбір кезекті ферманы темір арқандармен уақытша ажырату;
- ЖАЖ бойынша темір арқандармен немесе монтаждау кергіштерімен;
- темір арқандар мен монтаждау кергіштерін итарқа фермаларын бекіткеннен және
салыстырып тексергеннен, байланыс тақталарында тік
және көлденең байланыстарды
орнатқаннан кейін, қатардағы тақталарда – итарқа фермаларының үстіңгі және астыңғы
белдеулер бойындағы кергіштерді орнатқаннан және салыстырып тексергеннен кейін, ал
байланыстар жоқ болған жағдайда – болат төсемді бекіткеннен кейін алып тастауға
болады.
4.4.11.1.3
Монтаждалған конструкциялардың беріктігі мен орнықтылығын
қамтамасыз ету кезінде монолиттік аражабынды бетондауды конструкцияларды
орнатудан және жобалық бекітуден бастап кемінде 5 ярус (10 қабат)
қалдыруға жол
беріледі.
4.4.11.1.4 Болат төсемді орнату жұмыстары қабылдағаннан, конструкцияның барлық
элементтері төсеммен жабылған жабын орындарында жобаға сәйкес бекітілгеннен және
төсем жанасатын беттер боялғаннан кейін жүргізіледі.