Семинар №15 Тақырыбы: Синтаксистік оралымды сөйлемдер Сабақтың мақсаты: Синтаксистік оралымды сөйлемдер, қабыспалы оралымдар және олардың түрлері мен ерекшелігі, жанаспалы оралымдар және оның түрлері мен ерекшелігі, есімшелі және көсемшелі оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер, шартты рай тұлғалы және қимыл есімді оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер және олардың ерекшелігі туралы баяндау.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1.Синтаксистік оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер. Қабыспалы оралымдар және олардың түрлері мен ерекшелігі.
2.Жанаспалы оралымдар және оның түрлері мен ерекшелігі. Есімшелі және көсемшелі оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер.
3.Шартты рай тұлғалы және қимыл есімді оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер және олардың ерекшелігі
Әдістемелік нұсқаулық:зерттеу еңбектеріне шолу жасай отырып, қабыспалы оралымдар және олардың түрлері мен ерекшелігі, жанаспалы оралымдар және оның түрлері мен ерекшелігі, есімшелі және көсемшелі оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер, шартты рай тұлғалы және қимыл есімді оралымдар арқылы жасалған күрделенген сөйлемдер және олардың ерекшелігі туралы баяндау
Өткізу формасы:жеке жұмыс, семантикалық карта толтыра отырып, жаттығу, тапсырмаларын орындау
Бағалау критерийлері: синтаксистік оралымды сөйлемдерді ажырата білуі, жеке жұмыс, семантикалық карта толтыра білуі, жаттығу, тапсырмаларын орындауы ескеріледі
Әдебиеттер: 1, 5, 8, 10 Қосымша әдебиеттер: 1,3, 6, 8, 12
8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен материалдар:
1-СОӨЖ тақырыбы: Негізгі синтаксистік заңдылықтар: синтаксистік байланыс, қатынас, құрал, форма, мағына. Тапсырмалар: Өзіңді толғандыратын қоғамдық мәселе туралы шағын эссе жазып, сөйлем ішінен өзара синтаксистік қатынас түзетін сөзтұлға бірліктерін айқындап, синтаксистік заңдылықтарын (синтаксистік байланыс, синтаксистік қатынас, синтаксистік құрал) анықтаңыз.
Есеп беру түрі: Эссе жазу, грамматикалық талдау.