«Т. Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп» «Құқық бұзушылықтың алдын алу»



Дата25.02.2022
өлшемі16.01 Kb.
#455762
ақпар құқық4


«Т.Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп»
«Құқық бұзушылықтың алдын алу»
Ақпар
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты.  Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Осыған орай мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Оқу жылының басында арнайы жоспар құрылып, жұмыс жасалып жатыр.
Жоспарға сәйкес қырқүйек айында кеңес құрамы бекітіліп, мектеп ережелерімен оқушылар таныстырылды.


Сонымен қатар оқушылардан «Сен өз құқығынды білесің бе?» тақырыбында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама мақсаты: Жеке тұлға мен топтың өзара әрекет ету тәсілін зерттеу, келеңсіздіктердің алдын-алу.
Оқу жылымыздың қазан айында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында аудан инспекторымен (Қажымұқан Е) кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға бала құқықтары мен демалыс уақытында бейсауат көшеде жүрмеу туралы ескертулер айтылды.
Оқу жылымыздың қазан айында «Адам бостандықтары мен құқықтары» және қараша айында «Бала құқықтары туралы конвенция» тақырыптарында (Санақ Ә.Д) баяндама таныстырылды.
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Сонымен қатар жоспарға сәйкес 5-6 сынып оқушылары «Мен және менің отбасым» тақырыбында эссе байқауы өтті. Осыған сәйкес 8-9 сынып оқушылары арасында «ҚР рәміздері» тақырыбында тест жұмыстары алынды. Тест жұмысының мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік рәміздерінің бірі – Елтаңбамен таныстыру.
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу қаблеттерін дамыту. Психолог- Қадау С «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді
Оқу жылымызда әрі қарайда жоспар бойынша іс-шаралар жалғасын тауып, өткізіліп отырады..




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет