Т. М. Блисов Жерге орналастыру


Геодезиялық суретке түсірудің негізгі принципі



бет8/15
Дата17.02.2024
өлшемі356.5 Kb.
#492278
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
mu po zemleustroistvu dly prakt rabot na gos 201415gg

Геодезиялық суретке түсірудің негізгі принципі: әртүрлі геодезиялық суретке түсіру мына принциппен ұйымдастырылады «жалпыдан жекеге».
Бұл принципке байланысты кезкелген суретке түсіру жергілікті жерде біркелкі орналасқан және мықты бекітілген тірек нүктелер торабын құрудан басталады, олардың координаттары жоғары дәлдікте анықталады. Бұл нүктелер тірек торабын құрайды және оларға сүйене отырып қарапайым тәсілмен қоршаған жергілікті жерді суретке түсіру жүргізіледі.
«Жалпыдан жекеге» деген принципті орындау мыналарды қамтамасыз етеді:
1) суретке түсіру аумағындағы қателерді біркелкі тарату;
2) суретке түсіру жұмысын өндіріс процесінде бақылау;
3) суретке түсіруді көптеген орындаушыларды түсіру аумағынында жұмыстарға тікелей ұйымдастыру арқылы жылдамдату.


3. 2 Суретке түсірілетін учаскенің жер бетіндегі жағдайын немесе орнын білу үшін оны бағдарлау керек, былайша айтқанда көкжиек тұстарын (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) анықтау керек. Үйткені суретке түсіру кезінде түсірілетін учаскесі сызықтарының өзара байланысы анықталады, ал учаскені бағдарлауға оның тұстарының бірін бағдарласа болғаны.
Сызықтарды бағдарлау дегеніміз олардың бағытын басқа бастапқы деп алынған бағытқа қарасты анықтау.
Геодезияда сызықтарды бағдарлауда негізгі бағыт немесе тарап ретінде географиялық (нақты), магниттік немесе осьтік меридиан саналады. Географиялық меридиан болып жер полюстерінен өтетін кесіндінің құрған жазықтығы қабылданады. Магниттік меридиан – географиялық меридианнан өзгеше, одан шығысқа немесе батысқа қарай бұрылып тұратын магнит тілі бағытымен жүргізілген сызық.
Магниттік меридиан географиялық меридианға тең болмайды. Магниттік меридиан мен географиялық меридиан бағытының арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (δ-кіші дельта) деп аталады (1 сурет). Магнит тілі географиялық меридианнан шығысқа қарай бұрылса – шығыс (+, оң), ал батысқа бұрылса – батыс (-, теріс) магниттік бұрылу болады. Бұрылу ғасырлық, жылдық, тәуліктік болып бөлінеді.
Жергілікті жерде сызықтардың немесе кесінділердің бағытын негізгі меридиандарға қарай есептеледі, бұл мақсатта азимуттар мен румбтар деген бұрыштар қолданылады.
Азимут (арабша ас-сумит - жол) – жергілікті жерде немесе картада солтүстік бағыт пен таңдаған нүктенің (О) бағдарлаған сызықтың бағыты – ОВ арасында түзілетін бұрыш (А) (2 сурет). Азимуттың дәрежесі 00 -3600 –қа дейін өзгереді, егер негізгі меридиан қолданылса - географиялық азимут деп аталады – Аг , ал егер негізгі меридиан болып магниттік қолданылса – азимут магниттік деп аталады - Ам) (1 суретті қара).
Сызықтың басында өлшенген азимут тура азимут (ОВ сызығының А бұрышы), ал сызықтың соңындағы теріс азимут деп аталады (ВО сызығының А обр бұрышы).

δ = Аг = Ам



1 сурет. Магнит тілінің географиялық және магниттік меридиандарға қатысты бұрылуы

2 сурет. Сызықтар азимуты


Меридиандардың жақындау мөлшері орталық меридианда 0 тең, батысқа қарай – теріс, шығысқа - оң болады. Нүкте орталық меридианнан алыстағанда меридиандардың жақындау мөлшері абсолюттік шамада артады.


Румб (r) – жергілікті жерде немесе картада меридианның ең жақын тарапынан таңдаған нүктенің бағыты арасындағы түзілетін бұрыш (3 сурет).

3 сурет. Румбтар және сызықтар бағыты 4 сурет. Дирекциялық бұрыш


Румб бұрышы географиялық меридианнан өлшенсе ол географиялық немесе астрономикалық, ал магниттік меридианнан магниттік румб деп аталады. Румбтардың дәрежесі 00 – 900 арасында өзгереді. Румб атаулары бағытқа сәйкес аталады (СШ, ОШ, ОБ, СБ).


Дирекциялық бұрыш – сағат тілі бойынша солтүстік бағыттағы аймақтық орталық (осьтік) меридиан немесе оған параллель сызықтан нақтыланған (белгіленген) сызық арасындағы горизонталды бұрышты айтады, ол α (альфа) әрпімен белгіленеді (4 сурет). Дирекциялық бұрыштың сандық мөлшері 0-ден 360 0 өзгереді.
Азимутпен – А дирекциялық бұрыштың - α айырмасын меридиандардың жақындауы немесе жақындасу бұрышы – γ (гамма) деп атайды және мына формуламен сипатталады: γ = А – α
ОВ сызығының дирекциялық бұрышы оның қай нүктесінде болсын тұрақты (4 суретті қара).
ОВ сызығының тура және теріс дирекциялық бұрыштары айырмашылығы 1800 және мына формуламен есептеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет